Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Ориялар

Ориялар
уткали
Бүкіл халықтың саны

33,1 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан  Бангладеш

Тілдері

ория тілі, хинди

Діні

индуизм

Ориялар (уткали)[1][2][3] — Шығыс Үндістанда тұратын халық. Жалпы саны 33,1 млн адам. (2001, халық санағы). Негізгі тұратын штаттаы: Орисса (30,6 млн адам), Чхаттисгарх (819,1 мың адам), Ассам (231,5 мың адам), Батыс Бенгалия (186,4 мың адам), Джаркхандтың оңтүстігінде (467,9 мың адам), Андхра-Прадештің солтүстігінде (336) мың адам). Олар сондай-ақ Бангладеш, Малайзия, Индонезия, АҚШ, Канада, Аустралия, Ұлыбритания және басқа елдерде тұрады.[4]

Тілі

Олар брахми жазуынан дамыған өзіндік ерекше жазуы бар үнді-еуропалық тілдер семьясының үнді-арий тобының ория тілінде сөйлейді. Диалектілері: бхатри, халаби (мехари), ория (мугалбанди). Орийлердің 83%-ы хинди тілінде, 3,2%-ы бенгал тілінде, 7,8%-ы телугу тілінде сөйлейді. Ория - мұсылмандар урду тілінде сөйлейді және араб әліпбиін пайдаланады.[5]

Діні

Дінге сенушілердің діни байланысы: индуистар.[6]

Тарихы

Орияның ата-бабалары ерте заманда Калинга мемлекетін мекендеген, кейін Маурия, Гупта, Харша (7 ғ.), 16-19 ғасырларда Ұлы Моғолстан мемлекеттерінің құрамында болған. Үндістанның тәуелсіздігінен кейін Орияның ұлттық аумағы жеке штатқа бөлінді. Орийлердің 90%-дан астамы ауылдарда тұрады.[7]

Кәсібі

Негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік (күріш, тары, бұршақ, бидай, қант қамысы, темекі, майлы дақылдар, мақта, кокос пальмасы). Көркемдік қолөнер дамыған – күміс филигран, ағашқа, тасқа және піл сүйегіне ою, аппликация. Өнеркәсіп дамып келеді.[8]

Тұрмыс салты салты

Лингараж храмы

Дәстүрлі өмірде касталық жүйе мен дәстүрлі қатынастар дамыған.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Ауылдары ретсіз орналасқан шағын болып келеді. Үйлері ағаштан жасалған көп бөлмеден тұрады.

Дәстүрлі киімдері

Киімдері - ерлер үшін дхоти мен жейде, әйелдер үшін сари. Олар көптеген зергерлік бұйымдарды пайдаланады.

Дәстүрлі тағамдары

Дәстүрлі тағамдары - көкөністер мен ащы дәмдеуіштер қосылған күріш, кейде олар балық, қой және ешкі етін жейді.

Фольклоры

Музыкалық және би өнері (мысалы, маска киген чхау билері), мүсін өнері дамыды. Ория маңындағы индуистардың қажылық орталықтары – Конакаридағы күн құдайы Сурья храмы, арбалар фестивалі (ратхаятра) деп аталатын Пуридегі Джаганат храмы, Бхубанешвар қаласының жанындағы Лингараж храмы – үнді сәулет өнерінің ескерткіштері.[9]

Сілтеме

Дереккөздер

  1. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  2. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  3. Ория сөзінің мағынасы. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  4. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  5. Үндістан халықтары. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  6. Ориялар. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  7. Ориялар. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  8. Әлем халықтары/Ориялар. Тексерілді, 21 қазан 2024.
  9. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 399. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya