Тораджа

Тораджи
тораджа
Бүкіл халықтың саны

1,5 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

тораджа тілі

Діні

христиандық, ислам

Тораджи (тораджа) — Индонезиядағы туысқан халықтар тобы, бірнеше туыстас халықтар мен тайпалар бірлестігінің атауы. Олар Сулавеси аралының орталық бөлігіндегі таулы аймақтарды мекендейді. Жалпы саны – 1 млн 500 мың адам.[1]

Этнонимі

Тораджа сөзі бугин тіліндегі Riajya терминінен шыққан, «биік таудағы адамдар» дегенді білдіреді. Голландияның отаршылдық үкіметі 1909 жылы халықты Тоража деп атады.[2]

Тілі

Тілі - аустронезиялық отбасының батыс аустронезия тобының тораджа тілі.[3]

Тораджи балалары

Діні

Тораджалар негізінен дәстүрлі тайпалық культтерді ұстанады. 19 ғасырдың аяғынан бастап христиандық пен ислам діні тарай бастады.[4]

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі - ауыл шаруашылығы (күріш, жүгері, тары, маниок, таро, саго, кокос пальмасы, қант қамысы, көкөністер, жемістер, банандар, темекі және кофе). Көмекші рөлді теңіз және көлден балық аулау және күріш алқаптарында балық өсіру атқарады. Ит, найза, үрлегіш мылтық (сумпитан), қақпан, тұзақ арқылы киік, қабан, маймылдарды аулайды. Буйвол (негізінен салт-ғұрыптық мақсатта), тауықтар, ешкілер, қойлар, жылқылар, шошқалар, иттер өсіріледі. Дәстүрлі қолөнерден - металл өңдеу, керамика, ағаш ою, тоқыма және тоқу.[5]

Тұрмыс салты

Негізгі әлеуметтік бірлік – ауыл қауымдастығы, эндогамикалық. Әдетте некеге дейінгі жыныстық қатынастардың еркіндігі сақталған. Жерлеу рәсімі, бүкіл ауыл үшін өте маңызды оқиға, ол бірнеше күнге созылады және де өте қымбат. Тораджи халқының орташа өкілі рәсімді бірден өткізе алмайды. Көбісі жерлеуге апталап, айлап, тіпті жылдар бойы ақша жинайды. Осы уақыт бойы сүйікті адамның мәйіті бүкіл отбасымен бір үйде «өмір сүреді».

Жеткілікті сома жиналғаннан кейін рәсім өтеді. Оның негізгі кезеңдерінің бірі буйволдар мен шошқаларды құрбандыққа шалу. Адам неғұрлым күшті болса, өлім мейрамында соғұрлым көп мал құрбандыққа шалынады және көбінесе бірнеше ондаған, тіпті жүздеген бастар болады.

Тораджа үйі

Содан кейін нақты жерлеу орын алады. Жыл сайын өлгендерді қабірлерінен шығарып, жуындырып, жаңа киімдерін кигізеді. Содан кейін мәйітті бүкіл ауыл арқылы тасыйды. Кейбір туыстары жиырма жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болса да, бәрібір олардың бір ғана міндеті - марқұмның денесін тәртіпке келтіру.[6]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Елді мекендері, жинақты кейде шоғырлы төбелердің басында орналасқан, жоғарғы және төменгі бөліктерге бөлінген, бірнеше ғұрыптық үйлері бар. Жазықтағы ауылдар шашыраңқы жоспарда. Тұрғын үйлері қадаларда орналасқан, төртбұрышты, төбесі ағаштан, бамбуктан және пальма жапырақтарынан жасалған. Оңтүстік Тораджаның үйлерінде қайыққа ұқсайтын ертоқым тәрізді шатырлары бар. Жылқы, буйвол мүйіздерімен безендірілген. Қабырғаға сурет салу тән: буйволдардың, құстардың бастары мен мүйіздері және т.б.[7]

Дәстүрлі киімдері

Дәстүрлі киімдері тапа (ерлерге арналған денені орайтын мата, бариу күртелері, әйелдерге арналған саронг) фабрика маталарынан тігілген киімдерге ауыстырылды.[8]

Дәстүрлі тағамдары

Тағамының негізі – күріш.

Дереккөздер

  1. Тораджи. Тексерілді, 25 қараша 2024.
  2. Тораджа. Тексерілді, 25 қараша 2024.
  3. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 25 қараша 2024.
  4. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 25 қараша 2024.
  5. Тораджи. Тексерілді, 25 қараша 2024.
  6. Тораджа халқының ерекше жерлеу рәсімдері. Тексерілді, 25 қараша 2024.
  7. Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 25 қараша 2024.
  8. Әлем халықтары/Тораджи. Тексерілді, 25 қараша 2024.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!