Мазендерандар

Мазендерандар
мазандерандар
Бүкіл халықтың саны

3,9 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Иран

Тілдері

мазендеран тілі

Діні

шииттер

Мазендерандар (мазандерандар) — Ирандағы халық, Мазандаран тарихи аймағында тұрады.[1] Жалпы саны 3,9 миллионнан астам адам. (2009).[2]

Тілі

Мазендеран тілі - Мазендаран халқы сөйлейтін солтүстік-батыс иран тілі, олардың көпшілігі парсы тілін де жақсы біледі. Гилан және Мазандеран тілдері (бірақ басқа иран тілдері емес) кавказ тілдеріне де тән белгілі бір типологиялық ерекшеліктерге ие.[3]

Діні

Дінге сенушілер – мұсылман-шииттер.[4]

Тарихы

Олар біздің дәуірімізге дейінгі 2 – 1 мыңжылдықтардың тоғысында Иран территориясын қоныстандырған ежелгі иран тайпаларынан таралады. Орта ғасырларда Мазендеранда жергілікті әулеттер билік етті. XVI ғасырдың аяғында Иран мемлекетінің құрамына кірді.[5]

Кәсібі

Мазендерандар егіншілікпен (күріш, бидай) айналысады, жағалаудағы аудандарда балық аулаумен, ал таулы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысады.[6]

Өмір салты

Мазендерандар наурыз тойын тойлауда

Таулы аудандарда жартылай отырықшы халық тайпалық өмірдің кейбір қалдықтарын сақтаған (ең үлкен тайпалар — гадикулахи және палани).[7]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Тұрғын үйлері ағаштан жасалған қаңқалы үйлер.

Дәстүрлі киімдері

Әйелдер костюмінің ерекшеліктері сақталған - жеңіл көйлек, ұзын сұр шалбар, түрлі — түсті белдемше және қара кафтан, басында ақ орамал.[8]

Дереккөздер

  1. Мазендерандар. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  2. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  3. Мазендерандар. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  4. Мазендерандар. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  5. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 304. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  6. Мазендерандар. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  7. Мазендерандар. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  8. Әлем халықтары/Мазендерандар. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.