Лоба (халық)

Лоба
оңтүстіктіктер
Бүкіл халықтың саны

3 000

Ең көп таралған аймақтар

 Қытай,  Непал,  Үндістан

Тілдері

лоба тілі

Діні

ламаизм

Лоба (оңтүстіктіктер) — Қытай, Непал және Үндістандағы тибеттіктермен туысқан этникалық топ. Қытайда тұратын Лоба халқының жалпы саны туысқан этникалық топтармен бірге шамамен 2965 адамды құрайды (2000 жылғы халық санағы бойынша).[1]

Этнонимі

Лоба атауы тибет тіліндегі lhoba сөзінен шыққан, ол «оңтүстік» дегенді білдіреді. 1965 жылы Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі лобалар тұратын аймақтың атауын бекітті. Бұдан былай бұл аймақ Луоюй (қытайша: 珞瑜) атауын алды, бұл да «оңтүстік» дегенді білдіреді.[2]

Тілі

Лоба тілі қытай-тибет отбасының тибет-мьянма тобына жататын лоба тілінде сөйлейді. Қытай Тибетті жаулап алғанға дейін Қытайдың лобалары түйін жазуы мен ағаш ойық таңбаларды қолданылған. Бірақ қазіргі уақытта лоб халқының өте қарт өкілдері ғана ұлттық жазуды біледі. Көптеген адамдар өздерінің әдеби тілі ретінде тибет тілін пайдаланады.[3]

Діні

Діни сенімдері тибеттік буддистер ламаистер. Сонымен бірге олар анимистік нанымдарды да сақтайды. Лоба халқының бүкіл күнделікті өмірі олардың анимизмге деген сенімімен байланысты болды. Олар жануарлардың, таулардың, ағаштардың рухтары бар деп сенді. Лобалар жолбарыс, пантера, аю және жыланның тотемдеріне табынған.[4]

Тарихы

Көне заманнан бері Лоба ұлты Гималай тауларының баурайында өмір сүрген. Сыртқы әлемнен биік таулармен оқшауланған Лобалардың әлеуметтік дамуы ХХ ғасырдың ортасына дейін баяу болды. Лоба ұлты әлі де алғашқы қоғамның патриархалдық-құлдық жүйесінің соңғы сатысында болды. Лобалар тибеттік құл иеленуші феодалдардың қамытында болды. Жаңа Қытай құрылғаннан кейін Лоба ұлты Қытайдың барлық басқа ұлттарымен тең құқықтарға ие болды. Мемлекеттің және басқа да бауырлас ұлттардың көмегімен лобалар экономикалық дамудың заманауи жолына түсті. Олардың экономикасы мен мәдениеті қазір қарқынды дамып келеді.[5]

Егін маусымы аяқталғаннан кейінгі мерекедегі ат жарыс

Кәсібі

Негізгі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (бидай, жүгері, қарақұмық), мал шаруашылығы (буйвол), аңшылық және терушілік.[6]

Өмір салты

Халықтың өзі өте мейірімді. Оларда агрессия, бәсекелестік, қатыгездік жоқ және олар орта ғасырлардан бері сақталған өздерінің жарғылары бойынша өмір сүреді. Лоба халқы 3 кастаға бөлінеді.

  • король мен оның барлық отбасы мүшелерін қамтитын ең жоғары (Биста);
  • шаруа кастасы (Гурунг). Олар өздеріне, патшаға және ақсүйектерге салық төлеп жұмыс істейді.
  • кедей отбасылар, олар да патшаның үй шаруашылығын бағып, өз міндеттерін орындайды.[7]

Үлкен ұл отбасының барлық мүлкін мұраға алады. Келесі ұлы буддисттік монах болуы керек. Сонымен қатар, лоба халқы өте діндар, ежелгі құндылықтарына құрметпен қарайды, олардың әрқайсысында 3 аты бар. Біріншісін лама немесе монах береді, екіншісі — ата-ана, үшіншісі-рухани ұстаз береді. Соңғы атау қатаң құпияда сақталады.[8]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Елді мекендер шашыраңқы орналасқан, тұрғын үйлері қаңқалы, қадаларда бекітілген, кіреберіс алдында кең веранда бар.[9]

Дәстүрлі киімдері

Лобалардың дәстүрлі киімдері қой терісінен тігілген, ер адамдар өлтірілген қасқырдың немесе аюдың терісінен жасалған бас киімдерді киеді, әйелдер киімі – көкірекше мен белдемше, шаштарын өрімдейді. Түрлі әшекейлер кең таралған: ауыр көгілдір моншақтар, сырғалар, білезіктер. Күміс тиыннан жасалған әйелдер әшекейлері олардың байлығын айғақтайды.[10]

Дәстүрлі тағамдары

Негізгі тағамдары - күріш, жүгері, дагус және қабықсыз арпа.[11]

Дереккөздер

  1. Лоба халқы. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  2. Лоба. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  3. Лоба халқы. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  4. Лоба. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  5. Лобалар. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  6. Әлем халықтары/Лоба. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  7. Жоғалып кетуі мүмкін ұлттар. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  8. География сабақтарында олар туралы оқытпайтын 10 жойылу қаупі төнген ұлт. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  9. Лоба. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  10. Лоба. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.
  11. Лоба. Тексерілді, 18 қыркүйек 2024.