Субанон

Субанон
Бүкіл халықтың саны

180 000

Ең көп таралған аймақтар

 Филиппин

Тілдері

субанон тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

СубанонФилиппиннің оңтүстігіндегі үлкен Минданао аралының батыс бөлігінде тұратын тау халқы. Субанон атауы «суба» немесе өзен сөзінен шыққан «өзен адамдары» дегенді білдіреді. Жалпы саны 180 мың адам.[1]

Тілі

Тілі - аустронезиялық отбасының Филиппин тобының субанон тілінде сөйлейді. Сонымен қатар тағал, бисай және ағылшын тілдері де кең таралған.[2]

Діні

Субанондардың көпшілігі дәстүрлі нанымдар мен культтерді ұстанады, кейбірі христиандар (католиктер, протестанттар) және мұсылмандар.[3]

Тарихы

XVIII-XIX ғасырларда моролар құлдарды басып алу және тонау мақсатында субанон аумағына шабуыл жасады. ХХ ғасырда мигранттардың қарқынды ағымы (бисай, тағалдар, және лактар) Минданао жазығындағы халықтарға мәдени әсерін күшейтті, субанонның дәстүрлі өмір салтын ассимиляциялау және өзгерту процестерін күшейтті.

Кәсібі

Негізгі дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, тәтті картоп, таро, ямс), аңшылық, терушілік, бау-бақша (кәді, бұрыш, қызанақ, баклажан), тоқымашылық, ағаш өңдеу және керамика.[4]

Тұрмыс салты

Субанондардың әлеуметтік өмірі ақсақалдар (тимуки) басқаратын шағын жергілікті топтармен байланысты. Отбасы моногамды, неке матрилокальды немесе неолокалды.

Таулық субанон үйлері

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Елді мекендері шағын – 3-10 үй, шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үй бір бөлмелі, төртбұрышты, қадалы, аласа төбесі пальма жапырақтарымен жабылған.[5]

Дәстүрлі киімдері

Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауап тұратын мата кесіндісі, әйелдердікі – тігілмеген белдемше. Тұмарлар, зергерлік бұйымдар, татуировкалар, тістерді қаралау дәстүрлері кең таралған.[6]

Дәстүрлі тағамдары

Дәстүрлі тағамдары - өсімдік тектес.

Сілтеме

Дереккөздер

  1. </ Субанон. Тексерілді, 11 қараша 2024.
  2. Субанон сөзінің мағынасы. Тексерілді, 11 қараша 2024.
  3. Субанон. Тексерілді, 11 қараша 2024.
  4. Әлем халықтары/Субанон. Тексерілді, 11 қараша 2024.
  5. Субанон. Тексерілді, 11 қараша 2024.
  6. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 499. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!