Өзбектер

Өзбектер
(өзб. O’zbeklar)
Бүкіл халықтың саны

37,000,000

Ең көп таралған аймақтар
 Өзбекстан

25,200,000 (2015)[1]

 Ауғанстан

2,799,726 (2013)[2]

 Тәжікстан

1,210,236 (2013)[3]

 Қырғызстан

980,000[4]

 Қазақстан

511,000[5]

 Түрікменстан

260,000[6]

 Ресей

289,862[7]

 Пәкістан

270,133[8]

 Қытай

124,800[9]

 Украина

22,400[10]

 АҚШ

80,000

 Түркия

45,000[11]

 Моңғолия

560[12]

Тілдері

өзбек тілі, орыс тілі[13]

Діні

сунни ислам[14]

Ауғанстан өзбектері

Өзбектер (өзб. O’zbek, O’zbeklar, ўзбек, ўзбеклар) — Өзбекстан елінің негізгі халқы, түркітілдес ұлт. Жалпы саны 37 млн адамға жетеді. Орталық Азияда, соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда және де Ауғанстан, Қытай, т.б. елдерде өмір сүреді.[15]

Тілі және жазуы

Толық мақаласы: Өзбек тілі

Өзбек тілі — түркі тілдерінің оңтүстік-шығыс (ортаазиялық) тармағы, қарлұқ тілдері тобына жатады. Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Олардың ең үлкені оңтүстік-шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігін қамтитын қарлұқ диалектісі, ол қазіргі ұйғыр тіліне ұқсас келеді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.[16]

Діні

Көпшілігі Ислам дінінің Сунниттер тармағын ұстанады.

Этногенез және тарихы

Антропологиялық жағынан ферғана-памир нәсіліне жатады, моңғол өңдесі аралас. Өзбектер этногенезіне Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдылық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпалары аздап та болса өз үлесін қосты. Өзбектер ұлтының қалыптасуы ұзаққа созылды, оның құрамы үлкен үш топқа бөлінді:

  • Бірінші топ — көгалды алаптардағы отырықшы халықтар арасындағы негізгі халық. Бұлардың басты белгілері ру мен тайпаға бөлінбейді, суармалы егіншілікпен, қолөнерімен, саудамен шұғылданады, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрады. Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Парғана алқабында мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі тайпаларының отырықшылануына ықпал жасады.
  • Екінші топ — Мауераннахрға моңғол дәуіріне дейін және Шыңғыс хан заманында ауып келген түркі-моңғол тайпаларының ұрпақтары (қарлұқ, барлас, қалтатай, моғол, т.б.), бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі өздерін «түрікпіз» деп атады.
  • Үшінші топ — 15-ші ғасырдың аяғында Дешті Қыпшақтан ауған өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбек» атауы осы тайпалармен бірге келді. Бұл тайпалар шежіре деректерінде «92 баулы өзбек» деп аталады. Бұлардың көпшілігі орта ғасырларда-ақ әбден белгілі болған қыпшақ, найман, жалайыр, қаңлы, қытай (хитай), қоңырат, маңғыт, дүрмен, қатаған, қырық, сарай, кенегес, қият, құтты, ұйғыр, т.б. тайпалар мен халықтар еді.

Өзбектердің этнографиялық қалыптасуына (әсіресе Хорезмде) оғыздар да қатысты. 16-шы ғасырда Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18-ші ғасырдың бас кезінде Қоқан хандығының құрылуы өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуын ұзақ уақыт тежеді. Олар тек 20-шы ғасырда Кеңес өкіметі тұсында ғана ұлт ретінде қалыптасты. Кеңестік жүйе олардың әрбір аудандағы өзіндік мәдениетін бір арнаға күштеп түсірді.

Кәсібі

Өзбектердің дәстүрлі кәсібі — егіншілік, сауда және ұсталық. Ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер, ұсталықтың әр түрі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару, т.б.) дамыды.

Өмір салты

Отбасылық ғұрыптары

Жартылай көшпелі өзбектер туыстық жағдайды қатаң сақтаған. Қазіргі отбасылары шағын, бірақ та ұлдары үйленген соң әке үйі қасына таяу орнығады (бір-біріне көмектесіп тұру үшін), қарашаңырақта кіші баласы қалады. Әйелдер қоғамдық өмірге көп араласпайды.

Ұлттық киімдегі өзбек (1845-1847)

Киім-кешектері

Ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киді. 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында белге дейін келетін камзол да киген. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді.

Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді.

Тағамдары

Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай.[17]

Өзбекстанда тамақтану кезінде шай қоса ішіледі, ал шай қайнату тек ер адамдарға жүктелген. Шайдың ең көп таралған түрі - көк шай, сондай-ақ, қара шай, мейіз шай, түрлі жеміс-жидек, емдік шөптерден қайнатылған шай түрлері де жетерлік.

Өзбекстанада алдымен дастарханға тәттілер, кептірілген жемістер, жаңғақ түрлері, жемістер мен көкөністер, содан кейін салқын тіскебасарлар, соңында дәстүрлі палау және басқа да негізгі тағамдар ұсынылады. Өзбек дастарханында міндетті түрде ыстық күлше нандар қойылады. Оларды қыш пештерде пісіріп, үстіне түрлі дәмдеуіштер себеді. Дәстүрлі ұлттық тағамы - палау, әр өңірінде оны дайындау тәсілі әр түрлі, бірақ палауға қосылатын негізгі тағамдар бірдей, олар - ет, көбінесе қой еті, күріш, сәбіз, пияз, бұрыш, бөріқарақат және тмин дәні.

Әйгілі өзбек тәттілері, халва, "зангза" ірімшіктері, сұйық халва "халвайтар", майлы печенье "куш-тили", қатпарлы тоқаштар "катлама", "новат" балқытылған қант, "чак-чак" қантындағы жаңғақтар, "пашмак" карамельінен мақта кәмпиті. Үстелде әрдайым кептірілген жемістер мен жаңғақтар болады. Жемістер, жүзім, қауын, қарбыз да тіскебасар беріледі.

Қазақстандағы өзбектер

Өзбектер қазақ жеріне ежелден-ақ қоныстанған. Олар тұтас тұрып жатқан дәстүрлі аймақ — Түркістан облысы. Сонымен қатар, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында да біршама өзбек ұлты тұрады. Дәстүрлі айналысатын кәсібі – диқаншылық, малшылық, құрылыс және сауда. Бүгінде Қазақстан аумағында 500 мыңға жуық өзбек тұрып жатыр. 2006 жылы Өзбек мәдени орталығы құрылды. Оның қызметі мəдени-ағартушылық жұмыстарға, өзбек жастарын өз халқының салт- дәстүріне тартуға, ана тілін үйретуге бағытталған.

Қазақстанда 30 өзбек балабақшасы бар, оларда 2000-нан астам бала тәрбиеленуде. Өзбек тілінде оқытатын 150 мектеп жұмыс істейді. Мектептерге оқулықтар, негізінен, Ташкенттен келетін, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өзбек тіліндегі жаңа оқулықтар шығару туралы шешім қабылдады. Қазақстанның өзбек диаспорасы ана тілін оқуға және өздерінің этникалық ерекшеліктері мен мәдениетін сақтауға белсенді түрде ұмтылыс танытып келеді. Мұны Шымкентте өзбек театрының ашылуы, мерзімді басылымдары таралымының өсуі, түрлі мәдени-бұқаралық шараларға өзбек мәдени орталығының белсенді қатысуы растайды.

Қазақстандағы өзбектер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 370 765 адам, 2020 жылдың басындағы мəлімет бойынша 605 137 адам. Негізінен оңтүстік шекаралық аймақтарда тұратын өзбек этностық тобы ежелден қалыптасқан. Олардың саны тұрақты түрде өсу үстінде. Қазіргі уақытта өзбек тобы туудың ең жоғарғы көрсеткішіне ие, экономикалық себептерге байланысты өзбектердің (тіркелетін жəне тіркелмейтін) Қазақстанға көшуі жалғасуда. Бұл демографтарға алдағы уақытта Қазақстанда өзбектер саны көбейе түсетінін болжауға мүмкіндік беріп отыр.[18]

Дереккөздер

  1. Population: 28,661,637 (шілде 2013 est.). Central Intelligence Agency (CIA). The World Factbook. Тексерілді, 10 маусым 2013.
  2. Afghan Population: 31,108,077 (шілде 2013 est.). Central Intelligence Agency (CIA). The World Factbook. Тексерілді, 10 маусым 2013.
  3. Population: 7,910,041 (шілде 2013 est.). Central Intelligence Agency (CIA). The World Factbook. Тексерілді, 10 маусым 2013.
  4. CIA World Factbook – Kyrgyzstan(қолжетпейтін сілтеме)
  5. Свыше 11 млн казахов проживает в Казахстане. ИА Новости-Казахстан.
  6. CIA World Factbook – Turkmenistan Мұрағатталған 12 маусымның 2007 жылы.
  7. Всероссийская перепись населения 2010 г.  (орыс.).
  8. Rhoda Margesson "Afghan Refugees: Current Status and Future Prospects" p.7. Report RL33851. Congressional Research Service (26 қаңтар 2007).
  9. Chinese National Minorities
  10. State Statistics Committee of Ukraine: The distribution of the population by nationality and mother tongue Мұрағатталған 1 желтоқсанның 2008 жылы.
  11. Evrenpaşa Köyü. Güney Türkistan'dan Anadoluya Urfa Ceylanpınar Özbek Türkleri. Evenpaşa Köyü.
  12. Census of Mongolia, slide# 23. http://www.toollogo2010.mn/doc/Main%20results_20110615_to%20EZBH_for%20print.pdf
  13. Население Узбекистана  (орыс.). ADVANTOUR.
  14. Узбеки. Этнос. Ассамблея народа Казахстана  (орыс.). Қазақстан Халқы Ассамблеясының ресми сайты.
  15. Uzbek. People. Encyclopedia Britannica  (ағыл.). Britannica (19 January 2023).
  16. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  17. Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 358-бет ISBN 978-601-7472-88-7
  18. ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 157-бет. ISBN 978-601-287-224-8

Read other articles:

Дворец водных видов спорта Местоположение Гомель, Белоруссия Построен 2010 Вместимость 500 Дворец водных видов спорта — крытое спортивное сооружение в Гомеле. Один из немногих и крупнейших подобных в Гомеле, дворец предназначен для проведения тренировок и соревнований...

American professional basketball player For the football player, see D. J. White (American football). D. J. WhiteWhite with the Celtics in 2013Oklahoma City ThunderPositionVideo analystPersonal informationBorn (1986-08-31) August 31, 1986 (age 37)Tuscaloosa, AlabamaNationalityAmericanListed height6 ft 9 in (2.06 m)Listed weight250 lb (113 kg)Career informationHigh schoolHillcrest (Tuscaloosa, Alabama)CollegeIndiana (2004–2008)NBA draft2008: 1st round, 29th over...

В Википедии есть статьи о других людях с фамилией Кунец. Андрей Кунец Основная информация Полное имя Кунец, Андрей Александрович Дата рождения 7 декабря 1995(1995-12-07) (27 лет) Место рождения Мозырь, Гомельская область, Белоруссия Страна  Белоруссия Профессии певец ...

Arnoud Nijssen als brancardier tijdens zijn jaarlijkse bedevaart naar Lourdes (2019). Arnoud Maria Frans Nijssen (Sint-Truiden, 14 april 1994) is een Belgisch politicus voor de CD&V. Sinds 1 januari 2019 is hij schepen in Nieuwerkerken. Levensloop Van opleiding leraar wiskunde en geschiedenis, richtte hij in 2017 samen met Pieter Neirinckx Dépot d'histoires op. Bij de gemeenteraadsverkiezingen van 14 oktober 2018 stond Nijssen als nieuwe kandidaat op de lijst van CD&V. Tegen de verwa...

Seweryn Gancarczyk Persoonlijke informatie Geboortedatum 22 november 1981 Geboorteplaats Dębica, Polen Lengte 183 cm Positie Verdediger Clubinformatie Huidige club ? Senioren Seizoen Club W 0(G) 1987–1999 1999–2002 2002–2003 2003–2004 20052006–20092009–201120122012–2015 Podkarpacie Pustynia Hetman Zamość Arsenal Kiev Volyn Lutsk Arsenal Kiev Metalist Charkov Lech Poznań ŁKS Łódź Górnik Zabrze -00(-)2800(1)100(0)1900(0)1700(1)8500(6)3100(0)600(0)6200(1) Interlands * 2006...

Frères ZografiBiographiePériode d'activité 1744-1783modifier - modifier le code - modifier Wikidata Kostandin ZografiBiographieNaissance Date inconnueDécès Après 1783Activité PeintrePériode d'activité 1744-1783Fratrie Athanas Zografi (d)Autres informationsPartenaire Athanas Zografi (d)modifier - modifier le code - modifier Wikidata Athanas ZografiBiographieNaissance Date inconnueDécès Après 1783Activité PeintrePériode d'activité 1744-1783Fratrie Kostandin Zografi (d)Autres info...

селище Пилівка Пылёвка Країна  Росія Суб'єкт Російської Федерації Воронезька область Муніципальний район Панінський район Поселення Краснолиманське сільське поселення Код ЗКАТУ: 20235816008 Код ЗКТМО: 20635416136 Основні дані Населення ▼ 1 (2010)[1] Поштовий індекс 396148 Географ

1923 film Other Men's DaughtersLobby cardDirected byBen F. WilsonWritten byEvelyn CampbellFrank SullivanProduced byBen F. WilsonStarringBryant WashburnKathleen KirkhamWheeler OakmanCinematographyEdward LindenJack StevensProductioncompanyBryant Washburn ProductionsDistributed byGrand Asher Distributing CorporationRelease date October 1923 (1923-10) Running time60 minutesCountryUnited StatesLanguageSilent (English intertitles) Other Men's Daughters is a 1923 American silent drama film...

Lauren Dwight Deac Lyman (April 24, 1891–July 12, 1972) was an American reporter and aviation writer. He worked for The New York Times from 1919 to 1937 and from 1937 to 1959 as a public relations executive for United Aircraft, a predecessor to United Technologies Corporation. He won a Pulitzer Prize in 1936 for his exclusive story revealing that the Charles A. Lindbergh family was leaving the United States to live in England.[1] Born Lauren Dwight Lyman on a farm in Easthampton, Ma...

Evolutionary consequences of transfer of genetic material between organisms of different taxa A three-domain tree of life showing the separation of Bacteria, Archaea, and Eukaryote domains. See Microorganisms article for further explanation.This article is written like a personal reflection, personal essay, or argumentative essay that states a Wikipedia editor's personal feelings or presents an original argument about a topic. Please help improve it by rewriting it in an encyclopedic style. (...

Wholly owned subsidiary of Stellantis Plodge redirects here. For the university office, see Porters' lodge. This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Stellantis Canada – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (September 2010) (Learn how and when to remove this template message) Stellantis CanadaFo...

George Lucas George Lucas (born 1944) is an American film director, screenwriter, producer, editor, and entrepreneur. His most well known work includes both the Star Wars and Indiana Jones franchises and establishing Lucasfilm. In addition to producing feature films, he has also created television series and written books. Feature-length films Title Year Director Writer Executive producer Notes THX 1138 1971 Yes Yes No Also editor American Graffiti 1973 Yes Yes No [1] Star Wars 1977 Y...

Clothing trade show in London, England London Fashion WeekGenreFashion catwalk shows and surrounding eventsFrequencySemi-annuallyLocation(s)180 Strand, London, United KingdomInaugurated1984 (39 years)[1]AttendanceOver 5,000 press and buyersOrganised byBritish Fashion Council for the London Development Agency with help from the Department for Business, Energy and Industrial StrategyWebsitehttp://londonfashionweek.org/ London Fashion Week (LFW) is a clothing trade show that takes place ...

Radio station in Gloucestershire, England This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Total Star – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (April 2017) (Learn how and when to remove this template message) Total Star was the brand name of a radio station based in Cheltenham broadcasting in Gloucesters...

Apollo 11 Lunar Module Eagle was the first crewed spacecraft to land on the Moon (July 20, 1969). This is a list of all crewed spacecraft types that have flown into space, including sub-orbital flights above 80 km, Space Stations that have been visited by at least one crew, and spacecraft currently planned to operate with crews in the future.[1] It does not contain spacecraft that have only flown un-crewed and have retired from service, even if they were designed for crewed fligh...

Nuclear fuel reprocessing plant at La Hague, France La Hague in 2005 The La Hague site is a nuclear fuel reprocessing plant at La Hague on the Cotentin Peninsula in northern France, with the Manche storage centre bordering on it. Operated by Orano, formerly AREVA, and prior to that COGEMA (Compagnie générale des matières atomiques), La Hague has nearly half of the world's light water reactor spent nuclear fuel reprocessing capacity.[1] It has been in operation since 1976, and has a...

Pistol Zastava M88 TypePistolPlace of origin YugoslaviaService historyUsed byYugoslaviaSerbiaProduction historyDesigned1987ManufacturerZastava ArmsVariantsM88ASpecificationsMass750gLength175mmBarrel length96mmHeight130mmCartridge9×19mm Parabellum, .40 S&WActionShort recoil actuated, locked breech, single actionFeed system8-round magazineSightsIronsights The Zastava M88 is a semi-automatic pistol produced by Zastava Arms, it is a compact redesign of the Zasta...

Chemin Neuf CommunityOrientationCatholic with ecumenical vocationPolityHierarchicalLeaderFr. François Michon, I.C.N. [fr]Region30 countriesMembers2000[citation needed]Primary schools2 (Kinshasa & Moundou)Secondary schools1 (Gagnoa)Official websitewww.chemin-neuf.org.uk The Chemin Neuf Community (French: Communauté du Chemin Neuf) is a Catholic community with an ecumenical vocation.[1] Formed from a charismatic prayer group in 1973, it has 2,000 permanent mem...

Cruise ship terminal in Rotterdam This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) The topic of this article may not meet Wikipedia's general notability guideline. Please help to demonstrate the notability of the topic by citing reliable secondary sources that are independent of the topic and provide significant coverage of it beyond a mere trivial mention. If notability cannot be shown, t...

You can help expand this article with text translated from the corresponding article in Russian. (March 2012) Click [show] for important translation instructions. View a machine-translated version of the Russian article. Machine translation, like DeepL or Google Translate, is a useful starting point for translations, but translators must revise errors as necessary and confirm that the translation is accurate, rather than simply copy-pasting machine-translated text into the English Wikipe...