Манобо (халық)

Манобо
Бүкіл халықтың саны

170 000

Ең көп таралған аймақтар

 Филиппин

Тілдері

манобо тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер, католицизм

МанобоФилиппиндегі таулы халықтарының бірі (Минданао аралының шығысында). Жалпы саны – 170 мың адам.[1]

Тілі

Тілі - манобо тілі.[2]

Діні

Сенушілердің діни көзқарасы: дәстүрлі сенімдер, бір бөлігі - католиктер.[3]

Монабо әйелі

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, таро, жүгері), балық аулау, аң аулау және шошқа өсіру. Қолөнерден – тоқу, абака талшықтарынан өру дамыған. Маноболар саудамен айналысады.[4]

Өмір салты

Әр рудың өз қонысы, өз аумағы бар. 20 ғасырдың басына дейін рулар өзара соғысып, уақытша одақтар құрды. Құлдық, бас аулау дәстүрі болды. Қазіргі маноболар шағын отбасыдан тұрады. Неке билокальды немесе неолокальды. Көп әйелділік христиан еместер арасында жиі кездеседі.[5]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Дәстүрлі елді мекендері әдетте кәдімгі ретпен орналасқан. Тұрғын үйлері тік бұрышты, ағаштан, бамбуктан, ротаннан жасалып қадаларда орналасқан. Бұрын ағаштарда орналасқан тұрғын үйлер болды.[6]

Дәстүрлі киімдері

Киімі басқа филиппиндік таулы халықтардың киіміне ұқсас. Манобо жауынгерлері арнайы киім мен бас киім киеді. Татуировка, тістерді қаралау, қызылша мен темекіні шайнау жиі кездеседі.[7]

Дереккөздер

  1. Манобо сөзінің мағынасы. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
  2. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
  3. Иллюстрацияланған энциклопедиялық сөздік (1998). Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
  4. Әлем халықтары/Манобо. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
  5. Монабо. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
  6. Манобо. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
  7. Манобо. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!