Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Мулао

Мулао
буцзян
Бүкіл халықтың саны

207 000

Ең көп таралған аймақтар

 Қытай

Тілдері

мулам тілі,

Діні

қытай тілі

Мулао (өз атауы — буцзян)[1]Қытай Халық Республикасының Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында тұратын халық.[2][3][4] Жалпы саны 207 мың адам.(2000 ж.)[5]

Этногенезі

Мулао ұлты-ежелгі Қытай ұлттарының бірі. III ғасырдан бастап олар әртүрлі тарихи кітаптарда айтыла бастады. Тарихи құжаттар мен аңыздар бойынша, юань немесе Мин әулеті дәуірінен мулао Қазіргі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында орналасқан Лочэн ауданында өмір сүрген. Мулаотиялықтар өздерін "лин", "цзинь", ал чжуандар мулаотянды "буцзинь", "молао" деп атады. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін ұлттың өз қалауы негізінде ол ресми түрде «мулао» деп атады.[6]

Тілі

Олар тай-кадай отбасының кам-суй (Дун-Шуй) тобының мулам тілінде (мулао) сөйлейді, чжуан және қытай тілдері де жиі кездеседі.[7]

Діні

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[8]

Кәсібі

Негізгі кәсібі: егіншілік (күріш, көкөніс, жүгері, тәтті картоп, жержаңғақ, рами). Қолөнері – иіру, тоқу, маталарды бояу, қыш, металл өңдеу т.б.дамыған.[9]

Өмір салты

Отбасы шағын, моногамды, жасты үйлену тойынан кейін бірінші бала туылғанға дейін ата-анасының үйіне қайтару дәстүрі болған. Қоғамдық өзара көмек дәстүрлері, патронимдік бірлестіктер сақталған.

Ата-бабалар культі мен анимистік нанымдар дамыған, діни синкретизм тән. Мереке күндері ғибадатханаларда құрбандық шалынатын. Ауызша ауыз әдебиеті мол, мерекелік шара әуенмен, әнмен, бимен бірге жүреді.[10]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Тұрғын үйлері саман, іргетаста орналасқан, бір қабатты, төбесі жабынқышпен жабылған. Шығыс бөлігінде буйвол, құс, шошқа ұстайды, орталық бөлмеде ата-баба құрбандық орны бар қонақ бөлме, батыс бөлмелері тұрғын үй болып табылады.[11]

Дәстүрлі киімдері

Ерлер мен әйелдердің киімі бір үлгіде: күрте немесе көкірекше, шалбар киеді. Әйелдер - алжапқыш, күміс әшекейлер, қарт адамдар қара орамал тағып жүреді.

Дәстүрлі тағамдары

Негізгі тағамдары - көкөністер пен ет қосылған күріш, оның ішінде ит еті, олар қышқыл және бұрышты тағамдарды жақсы көреді. Күріштен әлсіз алкогольді сусын дайындалады.[12]

Дереккөздер

  1. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  2. Мулао. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  3. Мулао. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  4. Мулао. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  5. Мулао сөзінің мағынасы. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  6. Мулао халқы. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  7. Мулао. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  8. Иллюстрацияланған энциклопедиялық сөздік. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  9. Әлем халықтары/Мулао. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  10. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 358. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  11. Муало. Тексерілді, 9 қазан 2024.
  12. Мулао. Тексерілді, 9 қазан 2024.
Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya