Моғолдар (могол, могул, монгул) — Ауғанстанның солтүстік-батысындағы халық (Герат вилаяты). Жалпы саны 20 мың адам.[1]
Моғолдар – 13 ғасырдағы Ауғанстанды жаулап алған моңғолдардың жергілікті халықпен араласып, оның тілі мен мәдениетін негізінен қабылдаған ұрпақтары.
Тілі
Моғол тілі — моңғол тілінің архаикалық диалектісі. Сондай-ақ, халықтың бір бөлігі дари, пушту, фарси, хинди, урду және араб тілдерін әртүрлі дәрежеде сөйлейді.[2]
Діні
Діні бойынша моғолдар - сүнниттік мұсылмандар.[3]
Кәсібі
Таулы аймақтағы моғолдар көшпелі өмір салтын ұстанады. Жазық жерлерде тұратын моғолдар көрші тәжіктердің жер өңдеу және суару әдістерін қабылдаған. Шаруашылықта, материалдық және рухани мәдениетте (әсіресе фольклорда) моңғолдың архаикалық ерекшелігін байқауға болады.[4]
Дереккөздер