Сеноилар — Малайзия мен Таиландта тұратын халықтар тобы (семай, тимиар, бесиси, т.б.).[1]
Саны 40 мыңдай адам (1992).[2]
Олар Малакка аралының Орталық үстіртінің орманды алқаптарын мекендейді. Антропология типтері, тілі мен мәдениетіндегі ерекшеліктер олардың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы монғол нәсіліне дейінгі байырғы тұрғындар тобына жататын аңғартады. Қазіргі сеноилар малайлықтармен араласып кеткен.[3][4]
Тілі
Сеной тілдері аустроазиатикалық отбасының мон-кхмер тілдерінің асли (семанг-малакка) тобына жатады.[5]
Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ең көне дақыл – тары, 18 ғ-дан бастап күріш, маниок, жүгері егісімен ауыстырыла бастады), аңшылық (мылтықпен) және терушілік. Кейбірі туристер үшін тауарлар шығарады.[7]
Өмір салты
Сеноиларда аналық-рулық қатынастар ерекше дамыған.[8]
↑В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 478. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.