Манусела

Манусела
Бүкіл халықтың саны

5 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

манусела тілі

Діні

протестантизм, дәстүрлі нанымдар

МануселаИндонезияда тұратын Амбон-Тимор халықтарының бірі (Серам аралының орталық таулы бөлігінде). Хоаулу, нисавеле, манусела, вахаерам т.б. субэтникалық топтарға бөлінеді. Жалпы саны 5 мың адам.[1]

Тілі

Тілі - манусела тілі. Диалектілері: хатумете, хатуоло, хуаулу (хоаулу), нисавеле т.б.[2]

Діні

Сенушілердің діни наным-сенімдері: протестанттар, кейбір бөлігі – дәстүрлі нанымдар.[3][4]

Кәсібі

Негізгі кәсібі – тропикалық қолмен атқарылатын егіншілік (түйнек, тамыр жемістер, бұршақ тұқымдастар, аздаған дәрежеде құрғақ күріш) өсіреді. Аңшылықпен айналысады (бұғы, қалталы жануарлар, жабайы шошқалар т.б.).[5]

Өмір салты

XX ғасырға дейін Манусела этникалық үстемдік діни және саяси «тоғыздық одағының» бөлігі болды (олардың бірлестігі ақ патасива деп аталды), «бестік одағына» енген теңіз жағалауындағы халықтармен жауластықта болды.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Дәстүрлі қоныстартары шашыраңқы, төбелерде орналасқан. Қабырғалары мен төбесі тақтайшалардан (саго пальма жапырақтарының кесінділерінен) тұратын қадаға орналасқан тұрғын үйлері амбондар үлгісіндегі жер үйлермен ауыстырыла бастады.

Дәстүрлі киімдері

Дәстүрлі ерлер киімі – жамбамсты жауып тұратын мата кесіндісі, әйелдердікі – тоқылған белдемше, қазіргі заманғы манусела Амбон түріндегі киімдерді жиі пайдаланады. Дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанушылар ұзын шашты, христиандар шаштарын қысқа кеседі.

Дәстүрлі тағамдары

Дәстүрлі тағамдары - қайнатылған күріш, қышқыл көкөніс дәмдеуіштері қосылған саго ботқасы, мереке күндері - тауық еті, кускус, сирек марал, жабайы қабан еттері.[6]

Дереккөздер

  1. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 28 қыркүйек 2024.
  2. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 28 қыркүйек 2024.
  3. Иллюстрацияланған энциклопедиялық сөздік (1998). Тексерілді, 28 қыркүйек 2024.
  4. Манусела. Тексерілді, 28 қыркүйек 2024.
  5. Әлем халықтары/Манусела. Тексерілді, 28 қыркүйек 2024.
  6. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 326. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.