Манггараи

Манггараи
Бүкіл халықтың саны

500 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

манггараи тілі

Діні

сунниттер, католицизм, дәстүрлі діндер

МанггараиИндонезияның шығысындағы халықтар тобы (бима, сумбан, манггарай, хаву, т.б.)[1] Жалпы саны 500 мың адам.[2]

Тілі

Тілі - манггараи тілі. Индонезия тілі де кеңінен таралған.[3]

Діні

Сенушілердің діни көзқарасы: сүнниттік мұсылмандар, католиктер, дәстүрлі нанымдар.[4]

Тарихы

Манггараиға Макасар (Сулавеси аралында тұратын) және Бима (Сумбава аралы) халықтарының саяси және мәдени ықпалы әсер етті. XVII ғасырда мангараидың ерте мемлекеттік құрылымдары макасар Гова мемлекетіне тәуелді болды, бұл Флорес аралында исламның таралуына әкелді. 1929 жылы Флорестің батыс бөлігі Бима сұлтандығынан бөлініп шықты. Содан кейін 20 ғасырда голландиялық отаршылдардың басып кіруі Манггараилардың христиандандыруына себеп болды.[5]

Кәсібі

Дәстүрлі үйлері

Негізгі кәсіптері – қолмен атқарылатын тропикалық егіншілік (жүгері, құрғақ күріш, бұршақ дақылдары, көкөністер, темекі, кофе), мал шаруашылығы (буйволдар, жылқы, шошқа, тауық ұстайды). Қолөнерден – металл өңдеу, ағаш ою, тоқу дамыған.[6]

Өмір салты

Манггараилардың үш әлеуметтік топқа бөлінуі сақталған: ақсүйектер (краэнг), қауым мүшелері (ата-леке) және құлдар ұрпақтары. Туыстық есеп патрилинейлік, бұрында кросс-неке, рулар одағы, әмеңгерлік, сорорат болды. Отбасының негізінен шағын, христиандар арасында моногамдық, мұсылмандар мен дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанушылар арасында көп әйелдікке рұқсат етілген.[7]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Дәстүрлі қоныстары (бео) сақина тәрізді орналасқан. Ортасында дөңгелек алаң бар, онда фикус тұқымдасының үлкен ағашы, мегалитикалық (үлкен тастардан жасалған құрылымдар) құрылыстар орналасқан. Бұрын бұл елді мекен кейде 200 адамға дейін сыятын бір үлкен үйден тұратын. Метрлік қадаларда 5-тен 20-ға дейін дөңгелек немесе сопақша тұрғын үйлер бар, төбесі биік (9 м-ге дейін).[8]

Дәстүрлі киімдері

Дәстүрлі киімдері - алдыңғы және арт жағынан белде және жамбаста жіппен байланған екі бөлік мата. Заманауи киімдері жалпы индонезиялық үлгіде.[9]

Дәстүрлі тағамдары

Негізгі тағамдары -көкөністер мен шошқа еті бар жүгері ботқасы (мұсылман емес бөлігінде), пальма шарабы (туак). Күріш тек мерекелік тағам ретінде тұтынылады.[10]

Сілтеме

Дереккөздер

  1. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  2. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  3. Манггараи сөзінің мағынасы. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  4. Манггараи. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  5. Манггараи. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  6. Әлем халықтары/Манггараи. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  7. Манггараи. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  8. Манггараи деген не?. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  9. Манггараи. Тексерілді, 25 қыркүйек 2024.
  10. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 321. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.