Бабыр

Бабыр
араб.: بابر
Бабыр
Лауазымы
Ту
Ту
Ұлы Моғолдар патшалығының падишаһы
30 сәуір 1526 — 26 желтоқсан 1530
Ізашары Лауазым пайда болды
Ізбасары Хумаюн
Ту
Ту
Кабул әмірі
қазан 1504 — 26 желтоқсан 1530
Ізашары Мүкім
Ізбасары Хумаюн
Ту
Ту
Ферғана әмірі
маусым 1494 — 1500
Ізашары Омар Шейх мырза
Ізбасары Лауазым ыдыратылды
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 14 ақпан 1483 (1483-02-14)
Әндіжан,
Темір мемлекеті
Қайтыс болуы 26 желтоқсан 1530 (1530-12-26) (47 жас)
Агра, Ұлы Моғолдар патшалығы
Жерленді Бабыр бақтары, Кабул
Әкесі Құмар Шейх Мырза II
Анасы Кұтлық Нигяр ханым
Жұбайы Айша Сұлтан бегім
Бибі Мүбарика бегім
Ділдар бегім
Гүлрух бегім
Махам бегім
Балалары Ұлдары:
Хумаюн
Камран мырза
Мұхаммед Асқари мырза
Әбу Насыр Мұхаммед Хиндал мырза
Қыздары:
Гүлбадан бегім
Фахрунниса бегім
Алтын Бішік бегім

Бабыр (араб.: ﻇﻬﻴﺮ ﺍﻟﺪﻳﻦ محمد بابر‎, «Бабыр» есімінің парсы тіліндегі мағынасы «арыстан, қолбасшы, барыс»[1]) — Ұлы Моғолдар патшалығының 1-падишаһы және негізін қалаушысы, сардар, ақын, жазушы[2].

Толық атағы: әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам Захиреддин Мұхаммед Жалалуддин Бабыр, Падишаһ-и-Ғази.

Өмірбаяны

1483 жылдың 14 ақпанында Ферғана уәлаятында туған. Оның әкесі Омар Шейх мырза — Әмір Темірдің немересі, Ферғана әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі — Құтлық Нигяр ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулетінен болған Жүніс ханның қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің шешелері апалы-сіңілілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед Хайдар Дулати — бөле болып келеді.

Мәуереннаһр

1494 жылы Омар Шейх мырза қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шейх мырзаның інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана әмірінің тағына таласады. Алайда Омар Шейх мырзаның беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шейх мырзаның 11 жасар баласы Бабырды Ферғана әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Кабулды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Темір мемлекетін әбден әлсіреткен еді.

Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангір мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс ханның мұрагері, Әмір Темірдің әулетінен санаған Бабыр Мәуереннаһрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды.

Осы кезде Самарқан мен Бұхара әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған байланысты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы — Мұхаммед Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпен қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқараға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқара бектері қаланы Шайбани ханға беріп қояды.

Шайбани әскерлерің Бұқарды басып алуы самарқандықтардың үрейін ұшырады. Қаланың көптеген бектері Бабырға және ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп, олардан көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады. Бірақ мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді. Бірақ ол өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап қалып, қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады.

Жұма күндердің бірінде қала халқы намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли мырза аз ғана адамдармен жасырын түрде Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға барады. Мұнан кейін қаланың басқа әмірлері мен белді бектері де қала жұртшылығының мүддесін сатып кетіп, Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Сөйтіп, Шайбани хан 1500 жылы Ақсақ Темір әулетінің көне астанасы — Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады.

Бірақ Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі ғұламаларының бірі — Әбіл Мәкәрім Бабырға хат жазып, оның өз ата-бабасының астанасын басып алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген уақытта оған қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді.

Бабыр ғұламаның хатына жауап ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде аз ғана адамдармен қаланың ішіне кіріп, ондағы Шайбани хан әскерлерін қырып салады да, таң атқанда өзін Самарқанның падишахы деп жариялайды. Алайда Бабырдың бұл падишалығы, өз сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені Самарқан халқы үздіксіз ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашыған болатын. Бабыр осы ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан әкелген әскерлерін таратып жібереді.

Мұны білген Шайбани хан жақсы жарақтанған қалың қолмен Самарқанға шабуыл жасайды. Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап алып, өзіне көмекке келе жатқан шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен Шайбани ханға қарсы шықты. Зараушан өзенінің бойында Шайбани хан әскерлерімен кездесіп, соғыс ашады.

Өзінің жеке басының асқан ерлік етуіне қарамастан, Бабыр әскерлері жеңіліп, Бабырдың өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани төрт ай бойы қаланы қоршап алды. Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген бектері аштыққа шыдай алмай, Шайбани ханға өтіп кетіп жатты. Өзінің осындай ауыр жағдайға душар болғанын сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап шығып, Ташкенттегі ағасы, Моғолстан ханы — Махмұт ханға барды. Бабырдың өзіне тиген еншісі — Әндіжан өлкесі де бұл кезде Шайбани ханның қолында болатын. Енді Бабыр Әндіжанды азат етіп алу үшін Махмұт ханнан көмек сұрады.

1501 жылдың қысында моғол әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ Шайбани хан әскерлері оларды Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді Моғолстанның солтүстік-шығыс облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап Бабыр өз сөзімен айтқанда, шатыраш шаһы сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа тығылумен болды. Ақыры 1504 жылы Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет билігін өз қолына алады және жақсы жарақтанған әскер құрады.

Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек ханы Мұхаммед Шайбани хан Темірдің соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Құсайын мырзаның әмірлігін де басып алуға әзірленеді. Шайбани ханның аяқ алысынан қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары — Хисар, Хатлан, Куляб, Құндыз, Бадахшан әмірлері өзара одақ құрады. Міне, осы одаққа Бабыр да қосылады. Одақтың басшысы болып Хисар әмірі Қысырау шах тағайындалады. 1504 жылдың шілдесінде ол өзінің әскерлерімен Құндызға қарай аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан Шайбани әскерлерінен қатты жеңіліп, өзі тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты. Одақтастардың бұдан былайғы шабуылы өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан тоқтап қалады. Осы кезде Шайбани хан Бұқардан Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505 жылы Үргенішті басып алды.

Ауғанстан

1506 жылдың көктемінде Құсайын мырза қайтыс болады. Оның орнына екі баласы Бадиуззаман мен Мұзаффар-Құсайын қалады. Шайбани хан Балх қаласын қоршайды. Тек күздің басында ағалы інілі мырзалар әскер жинап, Балхқа көмекке келеді. Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше, әбден әлсіреген Балх тұрғындары Шайбани ханға беріліп қояды. Ал, Шайбани хан болса, өзімен соғысқалы келе жатқан Темір ұрпақтарымен майданға түспей, Мәуереннаһрға қарай бет алады. Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны талқандаудың орнына келер көктемге дейін соғыс әрекеттерін бастамауға келіседі.

1507 жылдың мамырында Мұхаммед Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Құсайын мырзаның елордасы — Герат дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани хан Гератты жаулап алып, өзінің жаугершілік жолында Иран шекарасына жетеді. Ал, парсы шаһы I Ысмайыл Шайбани ханның бұл қылығын ұнатпайды. 1510 жылы I Ысмайыл Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының алдында ғана, 1508 жылы қазақтар мен моғолдармен бірігіп күш көрсетудің нәтижесінде Шайбани хан бастаған әскерлер Сырдария бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар парсы әскерлеріне қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген Шайбани хан өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына барып тығылады. Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани хан қаза тауып, әскерлері талқандалды. Сөйтіп Гератты парсы шаһы I Ысмайыл басып алады.

Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбани ханның қаза тапқанын естіп, өзінің бұрынғы патшалығын Шайбани әулетінен қайта тартып алу үшін әрекет жасайды. Осы мақсатпен ол парсы шаһына ұсыныс жасайды. Шаһ бұған келіседі. Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға келеді. Қарсылық көрсеткен Шайбани әулетінің жасақтарын қиратып, Мәуереннаһрдың көптеген бөлігін (Хисарды, Кулябты, Құндызды, Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп, Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі, "Тарих-и Рашиди" тарихи еңбегінің авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуына қарағанда, қатал көшпелілерді жеңіп шыққан Бабырды Самарқан халқы қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді. Сөйтіп 1511 жылы Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабырдың парсы шаһы I Ысмайылмен одақтас болуы самарқандықтарды қатты мазасыздандырады.

Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды "падишаһ" деп жариялайды. Бұл хутбада қызылбастардың (ирандықтардың) он екі имамының есімі аталып, I Ысмайыл шаһтың аты да қосыла оқылады. Міне, осы жағдай Бабырдан самарқандықтардың көңілін суытты. Оның үстіне самарқандықтарға сенген Бабыр өз қолындағы парсы әскерлерін таратып жібереді.

Міне, Бабырдың осы қателігін көшпелі өзбектер тағы да пайдаланып, 1512 жылы Мәуереннаһрға тағы шабуыл жасайды. Бабыр аздаған күшпен оларғы қарсы шығып, оларға ұрыс ашады. Бірақ қатты жеңіліп Хисарға қарай қашады. Мұнда келгеннен кейін бекіністер жасап, қаланың көшелерімен бұрыштарында тосқауыл тұрғызады. Көмек сұрап, Исмаил шахқа кісі жібереді. Мұны естіген Шайбани әулеті Мәуереннаһрға қайтып келеді.

1512 жылдың күзінде Нәжімсани бастаған 60 мыңдық парсы әскері Әмудариядан өтіп, Термез төңірегінде Бабыр қолына қосылады. Қызылбастар әулеті Хизарды, кейін Қаршы қаласын басып алады. Олар бейбіт халықты жаппай қырғынға ұшыратады. Соның ішінде атақты әрі Шайбани ханның өзара тарихшысы Бенаи да қаза табады. Мұнан кейін қызылбастар Бабырмен бірігіп, Гиджубанға қарай аттандаы. Бірақ Шайбани әулеті бұлардан бұрын Гиджубанға келіп, ұрысқа әзірленеді. Әскерлерін көше бойымен қатар тізіп тастайды. Қызылбастар мен Бабыр қолы қалаға енгенде, Шайбани әулеті бұрыш бұрыштан оларды атқылай бстайды. Оқ астында қалған қызыбастар тасада тұрған Шайбани әулеті әскерлеріне еш шара қолдана алмайды. Бабырдың өз басынан асқан ерлік көрсетуіне қарамастан тағы да жеңіліске ұшырайды. Парсы әскербасы Нәжімсани мен оның офицерлері қаза табады. Бабыр тағы да Хисарға қашады, одан әрі Кабулға кетеді.

Үндістан

Бабыр Кабулда ұзақ жылдар болып, Үндістанды жаулап алу жоспарын жасайды. Бұл істе оған өзінің өмірлік тәжірибесі, Шайбани әулетімен ұрыста алған сабақтары көп көмек көрсетеді. Үндістан жорықғын Бабыр 14 жыл әзірлейді. Осы жылдардың ішінде ол әскерді қайта құрады, зеңбіректер жасайды, соғыс амал-тәсілдерін жетілдіре түседі. Сөйтіп, 1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мыңдық қолмен Панджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. 1526 жылы 21 сәуірде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып қалған еді. Ол қызылбастардың зеңбіректерімен соғысын және көшпелі Шайбани әулетінің «толғама» атты әскери әдісін шебер меңгерген болатын. Міне, осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели сұлтандығының сұлтаны Лоди Ибраһим шаһтың 40 мыңдық қолын жеңіп шығады. Сөйтіп қазіргі Ауғанстан мен Үндістан жерінде Ұлы Моғолдар патшалығы аталған үлкен мемлекет құрылды.

Сонымен Үндістан Бабырдың екінші отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса күрделі құрылыстар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы-қасыретпен өтті.

Ең алдымен ол өзінің туып-өскен, жастық шағын өткізген отанын — Мәуереннаһрды сағынды, оның үстіне жеңілген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы астыртын күрес жүргізді. Мәселен, Лоди Ибраһимнің шешесі Бабырдың асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа-райы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында, ол 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. XVII ғасырдың басында оның денесі әкелініп, өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына мәрмәрдан құлпытас қойылды.[3][4][5]

Шығармалары

  • Бабур-наме. Записки Бабура, Таш., 1958; Лирика, М., 1957.

Дереккөздер

  1. История Узбекистана в период с XVI по XIX вв — параграф 9 Мұрағатталған 21 қазанның 2013 жылы.
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  3. Кор-Оглы Х.Г., Узбекская литература, М., 1968; Полн. собр. русских летописей, в 30-ти т., т. 13, СПб. — Л. — М., 1841 — 1965; История Индии в средние века, М., 1968; История Афганистана, т. 2, М., 1965; Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр, “Бабырнама”, А., 1993.
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 I том
  5. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Тағы қараңыз

Read other articles:

Літера Ѳ Кирилиця А Б В Г Ґ Д Ѓ Ђ Е Ѐ Є Ё Ж З З́ Ѕ И Ѝ І Ї Й Ј К Л Љ М Н Њ О П Р С С́ Т Ћ Ќ У Ў Ф Х Ц Ч Џ Ш Щ Ъ Ы Ь Э Ю Я Неслов'янські літери А̄ А́ А̀ Ӑ А̂ А̊ Ӓ Ӓ̄ А̃ А̨ Ә Ә́ Ә̃ Ӛ Ӕ Ғ Г̧ Г̑ Г̄ Ӻ Ӷ Ԁ Ԃ Ꚃ Ꚁ Ꚉ Ԫ Ԭ Ӗ Е̄ Е̃ Ё̄ Є̈ Ӂ Җ Ꚅ Ӝ Ԅ Ҙ Ӟ Ԑ Ԑ̈ Ӡ Ԇ Ӣ И̃ Ҋ Ӥ Қ Ӄ Ҡ Ҟ Ҝ Ԟ Ԛ Ӆ Ԯ Ԓ Ԡ Ԉ Ԕ Ӎ Ӊ Ң Ԩ Ӈ Ҥ Ԣ Ԋ О̆ О̃ О̄ Ӧ Ө

 

Este artículo o sección necesita referencias que aparezcan en una publicación acreditada.Este aviso fue puesto el 5 de septiembre de 2017. Este artículo o sección sobre biografías necesita ser wikificado, por favor, edítalo para que cumpla con las convenciones de estilo.Este aviso fue puesto el 7 de abril de 2016. Kyosuke Himuro Información personalNombre de nacimiento 寺西 修 Nombre en japonés 氷室 京介 Nacimiento 7 de octubre de 1960 (63 años)Japón Japón, Gunma,...

 

Cala Capitán, Orihuela La Cala Capitán es una playa de arena del municipio de Orihuela en la provincia de Alicante (España). Esta playa limita al norte con una pequeña lengua de tierra que la separa de la playa de La Zenia y al sur con el Cabo Roig. Tiene una longitud de 157 m y una profundidad aproximada de 85 m. Se sitúa en un entorno urbano, disponiendo de acceso por calle. Cuenta con paseo marítimo y aparcamiento delimitado. Dispone de acceso para personas con discapacidad. Es una p...

Провінція Талька ісп. Provincia de Talca Герб Прапор Адм. центр Талька Країна Чилі Провінція область Мауле Межує з: сусідні адмінодиниці Курико (провінція) Malargüe Departmentd, Chos Malal Departmentd, Minas Departmentd Лінарес, Каукенес Підрозділи 10 комун Офіційна мова Іспанська Населення  - повн

 

American biochemist David W. Christianson is an American biochemist. Christianson earned his bachelor's degree from Harvard College in 1983, and remained at Harvard University to complete his master's and doctoral studies in 1985 and 1987, respectively.[1] He joined the University of Pennsylvania faculty in 1988,[2] and is the Roy and Diana Vagelos Professor in Chemistry and Chemical Biology.[3] Christianson was awarded a Guggenheim Fellowship in 2006.[4] Refer...

 

Pemilihan umum Gubernur Jawa Tengah 20082003201322 Juni 2008Kandidat   Calon Bibit Waluyo Bambang Sadono Sukawi Sutarip Partai PDI-P Partai Golongan Karya Demokrat Pendamping Rustriningsih M. Adnan Sudharto Suara rakyat 6.084.261 3.192.093 2.182.102 Persentase 43.44% 22.79% 15.58%   Calon M. Tamzil Agus Soeyitno Partai PPP PKB Pendamping Rozaq Rais Abdul Kholiq Suara rakyat 1.591.243 957.343 Persentase 11.36% 6.83% Peta persebaran suara Peta lokasi Jawa Tengah Gubernur dan...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: 5th Infantry Division South Korea – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (June 2023) (Learn how and when to remove this template message) 5th Infantry Division5th Infantry Division insigniaActive29 April 1948 - presentCountry South KoreaBranch ...

 

Deliberate strike to the groin This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) The topic of this article may not meet Wikipedia's general notability guideline. Please help to demonstrate the notability of the topic by citing reliable secondary sources that are independent of the topic and provide significant coverage of it beyond a mere trivial mention. If notability cannot be shown, the ...

 

The famous WA24 Wagenfeld lamp, from 1924. Typewriter ABC Wilhelm Wagenfeld (15 April 1900, Bremen, German Empire — 28 May 1990, Stuttgart, West Germany) was a German industrial designer and former student of the Bauhaus art school. He designed glass and metal works for the Jenaer Glaswerk Schott & Gen., the Vereinigte Lausitzer Glaswerke in Weißwasser, Rosenthal, Braun GmbH and WMF. Some of his designs are still produced to this day.[1] Biography Wagenfeld undertook an app...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Dungeonscape – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (May 2014) (Learn how and when to remove this template message) Dungeonscape AuthorJason Bulmahn and Rich BurlewCover artistMichael KomarckSubjectRoleplaying gamesGenreFantasyPublisherWizards of th...

 

Masacre de obreros del 15 de noviembre de 1922 Marcha de trabajadores en Guayaquil días antes de la masacre, el 12 de noviembre de 1922Ubicación GuayaquilContexto Huelga general de noviembre de 1922Perpetradores Ejército del EcuadorVíctimas 90 a 900[editar datos en Wikidata] La masacre de obreros del 15 de noviembre de 1922 fue una matanza de trabajadores perpetrada por el Ejército del Ecuador en Guayaquil. Fue una respuesta a la Huelga general de noviembre de 1922, autorizada ...

 

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: 2015 Skycity Triple Crown – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (September 2016) (Learn how and when to remove this template message) 2015 Skycity Triple CrownEvent InformationRound 5 of 14 in the 2015 International V8 Supercars ChampionshipDate19–21 ...

Former American newspaper established by Henry Ford The International Jew: The World's Problem in The Dearborn Independent, May 22, 1920 The Dearborn Independent, also known as The Ford International Weekly, was a weekly newspaper established in 1901, and published by Henry Ford from 1919 through 1927. The paper reached a circulation of 900,000 by 1925, second only to the New York Daily News, largely due to a quota system for promotion imposed on Ford dealers. Lawsuits regarding antisemitic m...

 

Amendment to the Oklahoma Constitution State Question 711 November 2, 2004 Oklahoma Definition of Marriage AmendmentResults Choice Votes % Yes 1,075,216 75.59% No 347,303 24.41% Total votes 1,422,519 100.00% Registered voters/turnout 2,510,823 56.66% Yes   80–90%   70–80%   60–70% Elections in Oklahoma Federal government Presidential elections 1908 1912 1916 1920 1924 1928 1932 1936 1940 1944 1948 1952 1956 1960 1964 1968 1972 1976 1980 1984 1988 1992 1996 ...

 

Public holiday celebrated on 15 August 15 August 1947 and August 15, 1947 redirect here. For other uses, see August 1947 § August 15, 1947 (Friday). Independence DayThe flag of India hoisted at the Red Fort in Delhi; hoisted flags are a common sight on Independence DayObserved byIndiaTypePublicSignificanceCommemorates the independence of IndiaCelebrationsFlag hoisting, parade, fireworks, singing patriotic songs and the National Anthem Jana Gana Mana, speech by the Prime Minister of...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Rigor Mortis Sets In – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (October 2017) (Learn how and when to remove this template message) 1973 studio album by John EntwistleRigor Mortis Sets InStudio album by John EntwistleReleasedAs Rigor Mortis Sets In i...

 

Boxing competition Roy Jones Jr. vs. Glen JohnsonDateSeptember 25, 2004VenueFedExForum, Memphis, Tennessee, USTitle(s) on the lineIBF light heavyweight titleTale of the tapeBoxer Roy Jones Jr. Glen JohnsonNickname Junior The Road WarriorHometown Pensacola, Florida, US Clarendon, JamaicaPre-fight record 49–2 (38 KO) 40–9–2 (27 KO)Height 5 ft 11 in (180 cm) 5 ft 9 in (175 cm)Weight 175 lb (79 kg) 175 lb (79 kg)Style Orthodox OrthodoxRecogn...

 

This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) The topic of this article may not meet Wikipedia's notability guidelines for products and services. Please help to demonstrate the notability of the topic by citing reliable secondary sources that are independent of the topic and provide significant coverage of it beyond a mere trivial mention. If notability cannot be shown, the article is ...

Hsen Hsu Hu Información personalNombre en Chinese (China) 胡先驌 Nacimiento 1894Xinjian District (República Popular China) Fallecimiento 1968Pekín (República Popular China) Sepultura Tomb of the three elders Residencia ChinaChinaNacionalidad ChinaEducaciónEducado en Universidad de HarvardUniversidad de California en BerkeleyUniversidad de Pekín Información profesionalÁrea botánica, pteridología y ficologíaEmpleador Universidad de NankínUniversidad de PekínUniversidad Normal de...

 

Jefferson Airplane Jefferson Airplane Oigmoans Richtung Rock, Psychedelic Rock Grindung 1965 Auflesung 1992 Neigrindung 1995 Hoamseitn www.jeffersonairplane.com Grindungsmitglieda Gsang Signe T. Anderson (bis 1966) Gitarre, Gsang Marty Balin (bis 1989) Gitarre, Gsang Paul Kantner (bis 1984) Gitarre, Gsang Jorma Kaukonen (bis 1974) Schlagzeug Jerry Peloquin (bis 1965) Bass Bob Harvey (bis 1965) Aktuelle Bsetzung Gitarre, Gsang Paul Kantner (seit 1992) Gitarre, Gsang Marty Balin (seit 1992) Git...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!