Монах

Монах

Монах, инок (сөзбе-сөз – жалғыз, жападан-жалғыз өмір сүруші) – діни қауымның мүшесі, монастырь жарғысына сай өмір сүретін, дүниеден баз кешкен адам. Монахтық алғаш Шығыс діндерінде (брахман, будда) пайда болып, христиан дінінде кең таралды. Монахтардың жарғылық міндеттерінің негізгілері: дүние-мүліктен, отбасынан, жұбайлық қатынастан бас тарту, некеде болмау, туыс-қандық, әлеум. қарым-қатынасын үзу, қатаң тәртіпке бағыну. Христиан дінінде Монах болып, “шашын күзеу” рәсімінен өткен адам жаңадан ат алып, Монахқа тән ерекше киім киеді. Батыс зерттеушілері және кейбір тарихи әдебиетте мұсылман дәруіштерін монахтар қатарына қосады. Дәруіштердің қоғам ішіндегі тақуалығы мен Монахтардың қоғамнан оқшауланып, дүниеден баз кешуін бір-біріне балауға келмейді. Исламда монахтық (рубханият) жоқтығы жайлы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың хадисі бар.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!