Өскемен — Шығыс Қазақстан облысындағы қала, облыстағы өнеркәсіп, мәдениет орталығы. Қаланың негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған.
Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 333 112 адам (2019ж.[3]). Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 %-ын құрайды), оның 2476 –сы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Өскемен қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
Қысқаша сипаттама
Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.
17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған.
Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген.
Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.
Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
Қаланың құрылу тарихы
XVII ғасырда орыс үкіметі Ертіс өзенінің бойымен жоғары өрлеу үшін бірнеше қадамдар жасады. Бұл ұмтылыстың бірнеше себептері бар:
Бекіністі Үлбінің Ертіс өзеніне құяр жерінен салу жоспарланды. Отрядтың командирі гвардия майоры Иван Михайлович Лихарев император Петр I «рапорт» жазды. 1720 жылғы 12-17 тамыз күндері қамалдың құрылысы басталды. И.М. Лихарев подполковник Ступиннің басқаруымен 363 адамнан тұратын гарнизон қалдырды. Құрылысқа инженер Летранже жетекшілік етті.
Уақыт өте келе бекіністің жанынан адамдар қоныс тебе бастады. Ауыл болып, одан станица атанды. Станица 1804 жылдан қалашық деп атала бастады. Ал 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңіл өнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары ауыр өнеркәсіп дамыды.
Оқиғалар жылнамасы
Өскемен бекінісінің салынуы жөніндегі жазбаша мәліметтерді боярин Федор Байков қалдырған еді.
1714 ж.- І Петрге сібір губернаторы М.Гагарин Иркеть өзенінің жағасында “алтын құмдар” бар екендігін айтады.
1715 ж. Шілде – Тобылдан шыққан И.Бухгольц отряды Ертісті бойлай жүзеді. Жуық арада Ямышев бекінісі салынады.
1719 жылы І Петр Яркенд алтынын іздеуге және сібір губернаторы Матвей Гагариннің озбырлық қылықтарын әшкерелеу үшін жаңа отряд жібереді.
1720 жылдың мамыр айында И.М. Лихаревтің экспедициясы Ертіс бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Үлбінің Ертіске құяр сағасынан жаңа - Өскемен бекінісінің негізі қаланады. Ресей империясының картасынан Өскемен қамалы орын алады.
1882-1885 ж.ж. – Покров шіркеуі салынды.
1902 ж. Мариин әйелдер училищесі тұрғызылды. Педагогикалық курс тыңдуашылары Халыққа білім беру қоғамының қаржысына оқыды.
1912 ж. “Эхо” синематографы ашылды, ол кейіннен “Октябрь” кинотеатры аталды.
1917 жылдың қазан-қараша айларында Өскеменде большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.
1918 жылдың 14 наурызы күні билік большевиктік совдеп қолына көшті.
1918 ж.- “ Усть-Каменогорская жизнь” газеті шықты.
1919 жылдыңжазында Өскемен абақтысында колчактардың қамауындағы қызылдардың көтерілісі болды.Н.Тимофеев пен С.Гончаренко ғана тірі қалды.
1919 жылдың күз айында жергілікті партизан отрядтары бірікті. Бірінші Алтай Қызыл қырандарының полкы құрылды. Полк командирі болып коммунист Никита Иванович Тимофеев тағайындалды.
1920 жылдың бас кезеңінде Кенді Алтайда Кеңес үкіметі орнады.
1920 жылдың 4 сәуір күні Халық Үйінде Өскемен қаласының жастары жиналды. Бұл Өскемендік комсомолдардың бірінші жиыны еді.
1924 ж.- Бірінші телефон желісі Қалалық комиссариат пен қалалық Кеңес арасына тартылды.
1925 ж.- Б-4 типті бірінші радиоқабылдағыш құрылды.
1930 ж., қазан – Семей қаласынан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде Қалалық телефон станциясы ұйымдастырылды. Бұл құрал-жабдықтар нөмір қоятын құралдан және 20 телефон аппаратынан тұрды.
1931 жылы Рубцовка-Риддер темір-жолының құрылысы басталды. 1938 жылы бұл жол Кенді Алтайды Транссібір және Орта Азия магистралдарымен байланыстырды.
1934 ж. – астық жинау науқанына орай республикамызға Сергей Киров келді. Ол үш күн Шығыс Қазақстанда болды. Осыған орай Большая көшесіне Киров есімі берілді. 1934 жылы Киров сөз сөйлеген көне ғимарат (бұрынғы облыстық Атқару комитеті) қазір тарихи ескерткіш болып саналады.
1935 ж.- облысты аудандармен байланыстрып тұрған әуе жолы ашылды.
1936 ж.- Атеистік саяси көзқарастың әсерімен Покров храмы құлатылды.
Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.
1939 ж.- Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды.
Өскемен су-электр станциясының құрылысы басталды.
1941 жылдың 8 мамыры күні жол құрлысының екінші кезеңі басталды. Жол құрлысына соғыстың кедергісі көп болды, бірақ, құрлыс жалғаса берді және соғыстың бірінші жылы аяқталды.
1942 ж.- Мыс өндіретін электролит зауытының құрылысы басталды.
1947 ж., қыркүйек – Мыс зауыты алғашқы металл өнімін берді.
1949 ж.- Қазан айында Үлбі металлургия зауыты өз өнімдерін шығара бастады.
1950 ж.- Металл кадмииін өндіру игерілді.
1950 жыл – түсті металдар ғылыми- зерттеу институтының Алтай филиалы құрылды - “Гинцветмет”- “ Алтайцветмет”. 1955 жылы Түсті металдардың Бүкілодақтық тау-кен институты деп қайта өзгертілді.( ВНИИцветмет)
1951 жыл- Өскемен қалалық пионерлер үйі облыстық деп өзгертілді.
1951 ж. Өскемен мыс зауыты қорғасын-мырыш зауыты деп қайта аталды.
1952 ж, маусым- Қорғасын зауыты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарынан орын алды.
1952 ж. 20 желтоқсан – ГЭС тұңғыш өндірістік ток қуатын берді.
1953 ж. 3 маусым- Өскемен су-электр станциясының тұңғыш шлюзы пайдалануға берілді.
Маусым айында конденсатор зауытының құрлысы басталды.
1954 ж. қаңтар айында Защита-Зырян темір жолы пайдалануға ұсынылды.
1955 ж. маусым. Жаңа мыс зауыты іске қосылды. Өндіріске бүкіләлемдік стандартқа сәйкес метал өндіруге лайықты жаңа технология енгізілді.
1956 ж., 19 маусым - Өскемен жиһаз фабрикасы бірінші өнімін берді.
1957 ж, 30 сәуір - Өскеменде Металлургтердің мәдениет сарайы ашылды.
1958 ж., 15 наурыз - Өскемен телеорталығы тұңғыш теле хабар ұйымдастырды, осыдан кейін телехабарлар үздіксіз жалғасын тапты.
1958 ж., қазан- Өскемен құрлыс- жол институты ашылды.
1958 ж. 6 қараша - алаңда В.И.Ленинге ескерткіш тұрғызылды.
1958 жылы Шығыс машина жасау зауытында болат қорытылды.
1959 ж., сәуір - Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімін берді. ( 62 конденсатор шығарылды.)
1959 жылдың аяғында өскемендік құрылысшылар қала халқына Байланыс Үйін сыйға тартты.
1961 ж., 16 қазан Өскемен аспаптар зауыты тұңғыш өнімін шығарды.
1962 ж., 11 тамыз - Өскемен Орталық мәдениет Үйі ашылды.
1962 ж., 10 қазан- Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін берді.
1963 ж., 3 наурыз - Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибе цехы титан губкасын өндірді.
1965 ж., 27 наурыз - Өскемен титан –магний комбинаты толық пайдалануға ұсынылды.
1965 ж., 12 қазан - Өскемен аэропортына Өскемен-Алматы авиарейсін орындаған АН-24 лайнері қондырылды.
1965 ж., 6 қараша – “Юбилейный” кинотеатры ашылды.
1968 ж., қаңтар. - Өскемен қаласында керамзит зауытының құрлысы басталды.
1969 ж., 22 наурыз- Өскеменде Спорт сарайы ашылды. (5100 орын)
1970 ж., қаңтар – Шығысқазақстандықтардың Мәскеу, Алматы телехабарларын көруіне арналған магистралдық байланыс желісі пайдалануға берілді.
1970 ж., 9 тамыз - Өскеменде Ертіс арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді.
1970., қазан - “Өскемен” қонақүйі пайдалануға берілді.
1970., шілде - Өскемен жібек-маталар фабрикасының негізі қаланды.
1973., сәуір - Өскеменде екі аудан құрылды: Үлбі және Октябрь аудандары.
1974 ж., қараша – Жаңа Согра поселкесінде бақша өнімдерін өндіретін арнаулы КОКП ХХІІІ сьезі атындағы совхоз құрылды.
1975., 7 мамыр - Өскемен қаласының Ертіс жағалауында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға ескерткіш қойылды.
1975., қыркүйек - Өскемен мәдени-ағарту училищесі ашылды.
1979ж., желтоқсан – Жібек –маталар комбинатының 500 тігін станогынан тұратын құрылысының үшінші кезеңі басталды.
1980 ж., мамыр – Шығыс Қазақстан аумағында қорықтар туралы шешім қабылданды: оған Күршім, Тарбағатай, Марқакөл, “ Рахман көлі” қорықтары енді.
1981., қараша – О.Бөкеевтің “ Ән салады шағылдар” кітабы жарыққа шықты.
1982 ж., тамыз - Өскемен қаласында Қазақстан композиторларының әндеріне арналған фестиваль өтті.
1986 ж., -Малеев кені пайдалануға берілді.
1987 ж., желтоқсан – қатты аязда Үлбі көпірі істен шықты.
1989 ж., облыстық типография құрылысы аяқталды.
1990 ж., 14 маусым.- Зайсан ауданында 9 баллдық күшті жер сілкінісі болды.
1990ж., 12 қыркүйек- Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісінде жарылыс болды.
1992.ү қаңтар - Қалпына келтірілген Троицк Храмына “Христос Вседержитель” иконы қайтарылды.
1994 ж.,- қаңтар - Өскемен қаласындағы тұңғыш жекешелендірілген жоғары оқу орны Шығыс Гуманитарлық институтының негізі қаланды.
1996 ж., қаңтар – 70 жылдан кейін Троицк Храмы қызметін бастады.
1997., мамыр – Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілді. Қыркүйек айында Краснооктябрьск көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Қазір М.Әуезов даңғылы деп аталады.
1998 ж., 25 қазан – Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.
1999 ж., Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы болды.[4]
2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша халқының саны (2009, 2021)[6]
2009
2021
2021 2009-ға пайызбен
Ерлер 2009
Ерлер 2021
2021 2009-ға пайызбен
Әйелдер 2009
Әйелдер 2021
2021 2009-ға пайызбен
303720
▲349463
115,1
137031
▲162980
118,9
166689
▲186483
111,9
Өскеменнің рәміздері
Өскемен қаласының туы:
Ту Өскемен қаласының елтаңбасы бейнеленген ортасынан шетіне қарай ығысқан ағаштан тұратын тіктөртбұрышты, ақ түсті мата болып табылады.Ағаштың ұлттық оюмен өрнектелген жолағы бар. Матаның қарама-қарсы жақтарында тілше жасайтын екі диагональді жолақтар бірігеді, бұл Үлбі және Ертіс өзендерінің қосылуын көрсетеді.Мемлекеттік ту көгілдір түсті, ою және диагоналды жолақтар қаланың өлкелік тиістілігін бейнелейді.
Түстердің (ақ, көгілдір, елтаңбаның көптүрлігі) тіркесімі тазалықты, байлықты, өркендеуді білдіреді. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2
Елтаңбаның негізінде – араларында су кеңістіктері бар тау шыңдары бейнеленген классикалық түрдегі қалқан. Ол жасыл жағалаулармен жиектелген Үлбі және Ертіс өзендерін бейнелейді.
Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – қаланың аталуы, төменгі бөлігінде қамалдың орналақан жылы жазылған лентамен оралған күзеттік мұнара. Елтаңбаның түсі: сары – байлық пен күшті, көк – сұлулық пен ұлылықты,жасыл – табиғи байлықты білдіреді. Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы 4:3
Гимні
Жаса, Өскемен!
Сөзін жазғандар: В. Юркина, С. Апасова
Әнін жазған: С. Апасова
1. В самом сердце Рудного Алтая
Над рекой, у каменных высот
Ты стоишь как крепость вековая
Мира и спокойствия оплот.
Подружились Левый с Правым
Две судьбы в одну объединив,
Всем народом трудовым и славным
Крепость в город-сказку превратив!
ПРИПЕВ: Славься, Усть-Каменогорск!
Встанем рядом и споем друг-другу:
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
2. Твой металл известен всей планете???
В Атомпроме нет тебя сильней,
Здесь в хоккей играют наши дети,
В Высшей Лиге знают твой хоккей!
Жасай бер қиындық көрместен,
Әр күнi дәулетiң өрлеткен.
Жасай бер жылдармен жасарып,
Ұл-қызың бесiктей тербет сен.
ПРИПЕВ: Жаса, Өскемен, Жаса!
Әсем әнмен, әсем жырмен өрiлiп.
Мақтанамыз өзiңмен
Сүйемiз сенi
Оттай ыстық сезiмменен.
Славься, Усть-Каменогорск
Встанем рядом и споем друг-другу:
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
Город казахстанских металлург
Экология
Бүгінгі күні экология мәселесі Өскемен қаласы үшін ең өзектілердің бірі болып табылады, өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады.
Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен экология мәселелеріне және қоршаған табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар облыстық және жергілікті бюджет есебі қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен де жоспарлануда және жүзеге асырылуда.
«2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының аясында Өскемен қаласына шарт бойынша жос-парға сәйкес 2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан 54,6 млн теңге бөлінді, олар жыл қорытындысы бойынша 100 % мөлшерінде игерілді.
2010 жылға арналған шарт бойынша нақтыланған жоспарға сәйкес Өскемен қаласын көріктендіру бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12,1 млн теңге бөлінді, олар 100 % мөлшерінде игерілді.
Өскемен қаласының табиғатты пайдаланушы – ірі кәсіпорындарымен («Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «Өскемен ЖЭО» және «Согралық ЖЭО» ЖШС) 2010 жылы жоспарланған табиғатты қорғау іс-шаралары жыл қорытындысы бойынша жоспарланғанның 108 % игерілді.
Өскемен қаласы әкімінің төрағалығымен экология мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына облыс жұртшылығы Кеңесінің сараптамалық комиссия өкілдері кіреді. 2010 жылы жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, оның жұмыс барысында қала үшін бірінші кезектегі келесі экологиялық мәселелер зерделеніп, қарастырылды:
1. 2005-2009 жылдар аралығындағы қала атмосферасының ластануына талдау жүргізілді;
2. Қаланың орталық бөлігінде көлік құралдарын доғаруды шектеу арқылы қаланың орталық көшелері босатылды және светофорлар жұмысының мерзімділігі реттелді;
3. Қаланың жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындарының жылжы-малы құрамы шығындылар нормасына сәйкес тексерілді;
4. Су деңгейінің төмендегені үшін Ертіс алабын егжей-тегжейлі зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысында Ертіс алабы су деңгейінің төмендеуі табиғатты-климаттық өзгерістерге байланысты болатындығы анықталды;
5. Атмосфера ауасының ахуалын мониторингтеу, зиянды заттарды бейтараптау және су ағысын тазалау бойынша басқа елдердің тәжірибесі зерделенді және оларды Өскемен қаласына енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Климаты шұғыл континенталдық. Қаңтардағы орташа температура -17 тен -26 градусқа, шілде айында +19,6 тен +23 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының абсалюттік көрсеткіші қыста -55, жазда +41 градус. Жауын шашынның түсу мөлшері әркелкі, негізінен жылына 1000мм.
2004 жылдың 1-қазанына дейінгі мәлмет бойынша қала халқының саны 302,9 мың адам, соның ішінде 292,2 мыңы қала, 10,7 мыңы ауыл тұрғындары. Қала территориясына Меновной ауылдық округына кіретін Ахмер, Жаңа Ахмер, Ново-Явленка, Самсоновка, Меновной, Ново-Троицк, Прудхоз ауылдары қосылған.
Жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік және атқару органдары арқылы жүргізіледі. Атқару билігін қала әкімі жүзеге асырады. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылай негізін қалалық коммуналдық меншік құзырындағы жергілікті бюджет пен мүлік құрайды.
Экономикалық құрылымда өнеркәсіп 57%, сауда 29%, құрлыс 10%, көлік және байланыс 2%, ауыл шаруашылығы 1% алады.
Өскемен қаласының облыстық жалпы ішкі өнімдегі үлесі өнеркәсіпте 49,7%, негізгі капиталға инвестиция салуда 46,2%, жолаушыларды тасымалдауда 50,4%, сыртқы сауда айналымында 72,1%, саудада 51,7% ауыл шаруашылығында 1,2% құрайды.
Өскемен қаласының құрметті азаматтары
Славский Ефим Павлович, 1898ж.т., Бірінші атты әскер армиясының комиссары болған. Мәскеу түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Орджоникидзе қаласында “ Электроцинк” зауытының директоры қызметін атқарған. Славский Е.Ф. машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді..
Протозанов Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс –Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды..
Күленов Ахат Сәлемхатұлы (1932-2007) — УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын –үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды, халықтың айтуынша Куленов немесе Металлургтер поселкасы деп аталады.
Баталов Юрий Васильевич, Д.Серікбаев атындағы Шығыс –Қазақстан техникалық университетінің ректоры. Ю. В.Баталовтың тұсында Өскемен құрлыс-жол институты Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды.
Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, (1937 ж.т.), С. Аманжолов атындағы Қазақстан университетінің ректоры. Ережеп Әлхайырұлының ұйымдастыруымен бұл оқу орны Қазақстанда бірінші болып классикалық университет статусын алды.
Шаяхметов Бағдат Мұхаметұлы (1946-2013) — қарапайым жұмысшыдан Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті. Комбинатты 90-жылдардағы экономикалық қысымнан шығарды.
Плахута Алексей Егорович, 1936 ж.т., Ертіс құрлыс басқармасын басқарған. Оның басшылығымен Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Ертіс жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұрғызылды.
Коротина Мария Ивановна, 1927ж.т., бас хирург, жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары . Мария Ивановна өз өмірін денсаулық сақтау ісіне арнаған жан.
Өнеркәсіп
Қаланың экономикалық ахуалы соғы жылдары тұрақты даму үстінде. Оған жылдан-жылға өсіп келе жатқан өнеркәсіп көрсеткіштері ықпал етіп отыр (2000ж – 12,2%, 2001ж - 116,3%, 2002ж - 102,3%, 2003ж - 105,8%, 2004ж – 105,9%). Экономиканың басты тұтқасы түсті металургия. Бұл сала обылыс, сол секілді қала экономиасының барометрі болып табылады. Қала өнеркәсібі жалпы республика шеңберінде танымал кәсіпорындармен атақты, олар "Үлбі металургиялық зауыты" АҚ, "Қазмырыш" ҰҚ, "Өскемен титан-магний зауыты" АҚ және т.б.
Машина жасау кешенінде «Шығысмашзауыт» АҚ, «Азия Авто» АҚ, "Өскемен арматура заводы" АҚ, "Өскемен конденсатор заводы" АҚ басқа да кәсіпорындаржұмыс істеп, негізінен тау кен және өңдеу жабдықтарын, мұнай-газ құбыры арматурасы, автомобиль, конденсатор жасаумен айналысады.
Қалада ірі тамақ өнеркәсіптері де орналасқан, атап айтсақ: "Май" ААҚ, "Эмиль" ЖШС, "Үлбі-Комплекс" ЖШС, "Әділ" ААҚ. Өндіріс орындары ет және сүт өңдеу, өсімдік және сары май, кондитер, ликер өнімдерін және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге бағытталған.
Мәдениет
Музей
Облыстық жергілікті тарих мұражайы
Шығыс – Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы
Шығыс Қазақстан өнер мұражайы
Кітапханалар
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана
Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
Шығыс Қазақстан Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
Шығыс Қазақстандағы республикалық ғылыми-техникалық кітапхана филиалы
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы (ШҚО-да жалғыз)
2017 жылға қалада 28 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: бес мешіт; Православие приходтары – 7; Протестанттық бірлестіктер – 13; Рим-католик шіркеуі «Қасиетті Розаридің Әулие Мария Мәриям»; Өскемендегі Кришна санасы қоғамы; ШҚО еврей қауымы.
Жоғарыда аталған діни бірлестіктерде 25 ғибадат орны бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары
Телеарналар
«Алтай» телеарнасы
«Атамекен» телеарнасы
Радиостанция
«Радио NS» — 107.0 МГц
«Русское радио» — 100.5 МГц
«Еуропа Плюс Қазақстан» — 101.8 МГц
«TENGRI FM» — 103.5 МГц
«Radio MIX» — 107.9 МГц
«Авторадио Қазақстан» — 104.7 МГц
«Gakku FM» — 106.0 МГц
«Радио Дача» — 102.3 МГц
«Қазақ радиосы» — 104.0 МГц
«Шалқар радиосы» — 105.6 МГц
Газеттер
«Устинка плюс» апталық ақпараттық газеті
«Менің қалам» апталық газеті
«Рудный Алтай» әлеуметтік-саяси апталығы
«Дидар» саяси апталығы
«7 күн» облыстық газеті
«Заң» заң туралы газет
«Өскемен жылжымайтын мүлік» газеті
«Flash» газеті
«Стимул» газеті
«Моя усадьба» газеті
«Регион-Press» газеті
«Вестник компании» газеті
«Из рук в руки» жеке хабарландырулар газеті
«1000 объявлений» жеке хабарландырулар газеті
«Всё для вас» жеке хабарландырулар газеті
«Авто Инфо» жарнамалық және ақпараттық газеті
«Реклам» газеті
Білім мен ғылым
2017 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша қалада 44 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және 48 мектеп жұмыс істеді (оның ішінде 2 жеке).
Орта кәсіптік білім беру
С. Аманжолов ат. ШҚУ Жоғарғы колледжі
Д. Серікбаев ат. ШҚТУ Жоғарғы техникалық колледжі
Шығыс Қазақстан менеджмент пен технология колледжі
Өскемен медициналық колледжі
Техника-экономикалық колледжі
Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжі
Шығыс Қазақстан заң колледжі
Шығыс Қазақстан техника-экономикалық колледжі
Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі (ШТГК)
Өскемен құрылыс колледжі
Өскемен техникалық колледжі
Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі
Қазақстан-Корей «Квансон» колледжі
Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі
Кәсіптік оқыту және сервис колледжі
Стоматологиялық колледж
Бизнес пен құқық колледжі
Абдуллин бауырларының атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі
St. Martin in Froitzheim St. Martin von Oben St. Martin ist die römisch-katholische Filialkirche des Ortsteils Froitzheim der Gemeinde Vettweiß im Kreis Düren (Nordrhein-Westfalen). Die Kirche ist unter Nummer Fro-6 in die Liste der Baudenkmäler in Vettweiß eingetragen und dem hl. Martin von Tours geweiht. Inhaltsverzeichnis 1 Geschichte 2 Ausstattung 3 Glocken 4 Pfarrer 5 Weblinks 6 Einzelnachweise Geschichte In Froitzheim besteht bereits seit dem 9. Jahrhundert ein Kirchengebäude.[...
عبد الله بن عبد الرحمن الحيدري معلومات شخصية الميلاد 1964 (العمر 59 سنة)البير السعودية الإقامة السعودية مواطنة السعودية الجنسية السعودية منصب رئيس نادي الرياض الأدبي (السابق) بداية 2013 نهاية 2017 الحياة العملية التعلّم دكتوراه في الأدب المدرسة الأم جامعة الملك سعود
1964 film by Robert Lynn MozambiqueOriginal film posterDirected byRobert LynnScreenplay byPeter YeldhamStory byHarry Alan TowersProduced byHarry Alan TowersOliver A. UngerStarringSteve Cochran Hildegard KnefPaul Hubschmid Vivi BachCinematographyMartin CurtisEdited byPeter BoitaMusic byJohnny DouglasProductioncompanyTowers of London ProductionsDistributed byBritish Lion FilmsRelease date December 1964 (1964-12) Running time98 minutesCountries United Kingdom[1] South Africa ...
Portuguese petroleum company Galp Energia, SGPS, S.A.TypeSociedade AnónimaTraded asEuronext Lisbon: GALPISINPTGAL0AM0009IndustryPetroleum industryPredecessorPetrogalGás de PortugalTransgásFoundedApril 22, 1999 (1999-04-22)HeadquartersLisbon, PortugalKey peoplePaula Amorim (Chairman),Filipe Silva(CEO)ProductsOil and gas exploration and production, natural gas transportation and distribution, oil refining, electricity generationServicesFuel stationsNatural gas heatingReve...
Der Titel dieses Artikels ist mehrdeutig. Weitere Bedeutungen sind unter Albacete (Begriffsklärung) aufgeführt. Albacete Wappen Karte von Spanien Albacete (Spanien) Basisdaten Land: Spanien Spanien Autonome Gemeinschaft: Kastilienla Mancha Kastilien-La Mancha Provinz: Albacete Comarca: Llanos de Albacete Gerichtsbezirk: Albacete Koordinaten 39° 0′ N, 1° 51′ W38.995555555556-1.8558333333333686Koordinaten: 39° 0′ N, 1° 51′ W Höhe:...
Board game This article does not cite any sources. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Bendomino – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (February 2019) (Learn how and when to remove this template message) The Bendomino box and pieces Bendomino is a tabletop strategy game similar to dominoes, created by Thierry Denoual and published by Blue Orange...
This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Lucifer Songs – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (July 2012) (Learn how and when to remove this template message) 2005 studio album by UfomammutLucifer SongsStudio album by UfomammutReleased2005 (2005)VenueSOMS Sarezzano (AL)StudioDIY re...
Nico Robin Nico Robin, dari serial anime dan manga One Piece. Nama Jepang ニコ・ロビン Nama Romaji Niko Robin Penampilan Pertama Manga Chapter #114,Anime Episode #67 Keanggotaan Baroque Works (keluar)Kelompok Bajak Laut Topi Jerami Pekerjaan / Jabatan Arkeolog Julukan Miss All Sunday Bocah Iblis Pengisi Suara Jepang Yuriko Yamaguchi (voice actor) Umur 28 Tanggal Lahir 6 Februari Tinggi 188 cm (6' 2) Harga Tebusan 930,000,000 beli after arc wano Buah Iblis Hana Hana no Mi Arti Buah iblis...
Malaysian business conglomerate Not to be confused with NASA. For other uses, see Naza (disambiguation). This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) This article contains content that is written like an advertisement. Please help improve it by removing promotional content and inappropriate external links, and by adding encyclopedic content written from a neutral point of view. (Novemb...
2014 video game 2014 video gameMario Kart 8Wii U cover artDeveloper(s)Nintendo EAD[a]Nintendo EPD[a][b]Publisher(s)NintendoDirector(s)Kosuke YabukiYusuke Shiraiwa[b]Producer(s)Hideki KonnoYasuyuki OyagiKosuke Yabuki[b]Programmer(s)Yusuke ShiraiwaArtist(s)Masaaki IshikawaMasahiro Kawanishi[b]Composer(s)Shiho FujiiAtsuko AsahiRyo NagamatsuYasuaki IwataKenta Nagata[b]SeriesMario KartPlatform(s)Wii UNintendo SwitchReleaseWii U JP: May 29, 20...
Mỹ Linh Tour 2018 – Thời gianChuyến lưu diễn của Mỹ LinhÁp phích quảng bá cho chuyến lưu diễnAlbum liên kếtChat với Mozart IINgày bắt đầu11 tháng 8 năm 2018 (2018-08-11)Ngày kết thúc18 tháng 8 năm 2018 (2018-08-18)Số chặng diễn3 (Hà Nội, Đà Nẵng, Tp. HCM)Số buổi diễn 2 ở Hà Nội 1 ở Đà Nẵng 1 ở Thành phố Hồ Chí Minh 4 tổng cộng Thứ tự buổi diễn của Mỹ Linh Mỹ Linh Tour '06(2006) Mỹ L...
Petrarca, Ausschnitt eines Freskos von Andrea di Bartolo di Bargilla (um 1450) Uffizien Petrarcas Geburtshaus in Arezzo Petrarca, Zeichnung von Altichiero da Zevio, etwa 1370 bis 1380 Francesco Petrarca (* 20. Juli 1304 in Arezzo; † 19. Juli 1374 in Arquà) war ein italienischer Dichter und Geschichtsschreiber. Er gilt als Mitbegründer des Renaissance-Humanismus und zusammen mit Dante Alighieri und Boccaccio als einer der wichtigsten Vertreter der frühen italienischen Literatur. Sein Name...
The promenade, Blackpool in 1898 The Wakes Week is a holiday period in parts of England and Scotland. Originally a religious celebration or feast, the tradition of the Wakes Week developed into a secular holiday, particularly in North West England during the Industrial Revolution. In Scotland, each city has a Trades Fortnight; two weeks in the summer when tradesmen take their holidays. Although a strong tradition during the 19th and 20th centuries, the observance of the holiday has almost dis...
American politician (born 1957) Tim HoldenChair of the PennsylvaniaLiquor Control BoardIncumbentAssumed office February 17, 2015Appointed byTom WolfPreceded bySkip BrionMember of the PennsylvaniaLiquor Control BoardIncumbentAssumed office November 13, 2013Appointed byTom CorbettPreceded byP.J. Stapleton, IIIVice Chair of the House Agriculture CommitteeIn officeJanuary 3, 2007 – January 3, 2011SpeakerNancy PelosiPreceded byRichard PomboSucceeded byBob GoodlatteMember of the ...
This is a list of lakes in the state of New York in the United States. Swimming, fishing, and/or boating are permitted in some of these lakes, but not all. Beaverdam Lake Great Sacandaga Lake Lake Champlain Lake Flower Lake Kanawauke Lake Placid Lower Saranac Lake Notch Lake Lake Otsego Upper St Regis Lake Upper Saranac Lake looking north Adirondack Lake Ampersand Lake Atwood Lake Avalanche Lake Augur Lake Babcock Lake Bailey Pond Ballston Lake Basket Pond Bass Lake Bear Cub Pond Beaverdam La...
2023–24 Dayton Flyers men's basketballConferenceAtlantic 10 ConferenceRecord6–2 (0–0 A–10)Head coachAnthony Grant (7th season)Associate head coachRicardo Greer (7th season)Assistant coaches Darren Hertz (5th season) James Kane (4th season) Home arenaUD ArenaSeasons← 2022–232024–25 → 2023–24 Atlantic 10 men's basketball standings vte Conf Overall Team W L PCT W L PCT George Mason 0 – 0 – 7 – 2 &...
Mosque in Banja Luka, Bosnia and Herzegovina Arnaudija MosqueArnaudija Mosque during its reconstructionReligionAffiliationSunni IslamLocationLocationBanja Luka, Bosnia and HerzegovinaShown within Bosnia and HerzegovinaGeographic coordinates44°46′11.8″N 17°10′54.4″E / 44.769944°N 17.181778°E / 44.769944; 17.181778ArchitectureTypeMosqueCompleted1594SpecificationsDome(s)1Minaret(s)1 Arnaudija Mosque (Bosnian: Arnaudija džamija; Serbian: Арнаудија џ...