Бөкенші — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл, Жиенәлі ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Семей қаласынан батысқа қарай 32 км-дей жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында, орманды белдемде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың 1-жартысында қаланған. Бұрынғы қой кеңшарының орталығы негізінде акцион. қоғам, шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
828 |
▼786 |
▼615 |
78,2 |
388 |
▼328 |
84,5 |
398 |
▼287 |
72,1
|
Тарихи дерек
Бөкенші Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының әр жерінде, сөз арасында қадау-қадау айтылған. Негізінен оны Тобықтыдан тарайтын бөкенші руы жайлайтын болғандықтан, солай аталған. Романдағы мына жолдардың өзі де едәуір елес береді: «Бөкенші - ойдағы мол шапқынды қыстаулық жер: Жидебай, Мұсакөл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылып келіп жатыр. Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Шатқалаң, Жігітек, Бекенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Шыңғыстағы кей асулардың аттары таудың сол тұсын иемденген ру атымен аталады, «Бөкенші» деген сондай атау еді» («Қайтқанда» тарауы).
Инфрақұрылымы
Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинатының бөлімшесі, орта мектеп, клуб , кітапхана бар. Бөкенші арқылы Семей — Шаған автомобиль жолы өтеді.[3]
[4]
Дереккөздер