19 ғасырда Абай өңірінде Орта жүздің Найман (бұра, тәуке, қаратай, қаракерей, матай, садыр, төртуыл, терістанбал, ақнайман, байжігіт, жұмық, қарауылжасақ, сыбан), Арғын (Бәсентиін, Қаракесек, Тобықты), Тарақты, Керей және Уақ рулары мекендеген.
1963 жылы бұрынғы әкімшілік аудандардың орнына Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар ауылдық аудандары құрылды. Солармен бірге Шар өнеркәсіптік ауданы құрылды. Аягөз облыстық бағыныстағы қалаға айналды.
1964 жылдың соңында Шар өнеркәсіптік ауданы таратылып, Ақсуат және Шұбартау аудандары құрылды.
1966 жылы Жаңасемей, 1969 жылы Мақаншы, 1970 жылы Жаңа Шүлбі, 1972 жылы Шар, 1980 жылы Таскескен, 1990 жылы Абыралы аудандары құрылды.
1996 жылы Жаңасемей және Таскескен аудандары таратылды.
1997 жылы 23 қаңтарда Жаңа Шүлбі ауданы таратылды.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аумағы түгелдей Шығыс Қазақстан облысына берілді[4].
2024 жылы 1 қаңтарда жаңадан Жаңасемей, Мақаншы аудандары құрылды.
Халық саны және көші-қоны
2024 жылғы 1 қарашаға облыс халқының саны 603,8 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 373,6 мың адам (61,9%), ауыл тұрғындары – 230,2 мың адам (38,1%).[5]
Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-қазанда 3477 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4002 адам).
2024 жылғы қаңтар-қазанда туылғандар саны 8396 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-қазанға 4,9% кем), қайтыс болғандар саны 4560 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар- қазанға сәйкес 3,8% көбейді).
2024 жылдың қаңтар-қазан көші-қонның айырмасы теріс қалыптасты және - -7274 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар- қазанда - -5954 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -401 адам (-336), ішкі көші қонда – -6873 адам (-5618).
Экономика
2024 жылғы қаңтар-маусыммен жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1299791,4 млн. теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 50,5%, қызметтер көрсету – 42,8% құрады.
Тұтыну баға индексі 2024 жылдың қарашасында 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 5,3%, азық-түлік емес тауарлардың–7,8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы–12% өсті.
2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың қарашасында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 24,3% қымбаттады .
2024 жылғы қаңтар-қарашасында бөлшек сауда көлемі 528349,1 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2% көп.
2024 жылғы қаңтар-қарашасында көтерме сауда көлемі 336501,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,6% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар- қазан ЕАЭО елдерімен өзара сауда 530251,1 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 71,9% азайды, оның ішінде экспорт – 188730,0 мың АҚШ долларын (53,9% азайды), импорт – 341521,0 мың АҚШ долларын құрады (4,1% көбейді).
Еңбек және табыс
2024 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны 14,3 мың адамды құрады.[6]
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.
2024 жылдың 1 желтоқсанда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 18,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,8% болып қалыптасты.
2024 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 334507 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы III тоқсанға 14,2% құрады.
2024 жылғы III тоқсанда нақты жалақы индексі 105,4% болып қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 176974 теңгені құрады. 2023 жылғы II тоқсанға қарағанда 9,3% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 101,2%
Абай облысы әкімінің аппараты облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган.[7]
Көкпекті ауданы: Шығыс Қазақстан облысы құрамына Самар ауылы орталығы болып Самар ауданы, орталығы Көкпекті ауылы болған Көкпекті ауданы Абай облысы құрамына енді.[10]