Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.
Халқы
1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.
Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.
Өнеркәсібі
Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%, көмірдің 1,4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тонна (құрамында таза мыс — 1,5 млн. тонна) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн. тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді.[дереккөзі?]
Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды.
Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545 Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.
Қара топырақты жерлер облыстың солтүстігінде. Мұнда топырақтың қарашіріндісі аз, негізінен қиыршық құмды келеді. Топырағы тығыз саздауыт, стрегірек жерлері саздан қалыптасқан. Аздап дренажі бар ркльефі ойпаңдау жерлерде, жердің әсіресе тығыз қабатында сортақтану көбейе түседі.
Жауғашты Нәбиев — ҚР-ның еңбек сіңірген саясаткері, қазақ комерциялық банкінің қалаушысы және басшысы, Қазақстан нарығының дамуына үлкен үлес қосқан тұлға.
Жарас батыр — Кеңес одағының батыры, М. Ғабдулиннің «Майданда» шығармасының басты кейіпкері.
Жұбанова Ғазиза — Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді- Мәскеуде білім алды.
Әлия Молдағұлова — Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор. Туған жері Қобда ауданы
Оспанов Марат — саясат қайраткері, Қазақстан Республикасы Парлементінің спикері болған
Есен Елеукен — бұрынғы радиожүргізуші, қазіргі Жайдарман президенті, қазақша КВН-ге ерекше үлес қосып жүрген азамат, туған жері Шалқар ауданы.
Марат Жақсылықұлы Әбиев — қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы, ең жас миллионер болып табылады, Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша, 2013 жылы қарашадағы Әбиев Мараттың дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған.
Салжанов Исламбек Төлеубайұлы — қазақстандық кәсіпкер және меценат. «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының президенті.
Әкімшілік құрылымы
Облыста 12 аудан мен 1 облыстық маңыздағы қала бар: