Қазақстан ауданы |
Темір ауданы |
Әкімшілігі |
---|
Облысы |
Ақтөбе облысы
|
---|
Аудан орталығы |
Шұбарқұдық
|
---|
Ауылдық округтер саны |
9
|
---|
Қалалық әкімдіктер саны |
1
|
---|
Ауыл саны |
23
|
---|
Қала саны |
1
|
---|
Әкімі |
Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов
|
---|
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, №8
|
---|
Тарихы мен географиясы |
---|
Координаттары |
49°02′30″N 56°27′15″E / 49.04167°N 56.45417°E / 49.04167; 56.45417
|
---|
Құрылған уақыты |
1972
|
---|
Жер аумағы |
12,6 мың км²
|
---|
Уақыт белдеуі |
UTC+5:00
|
---|
Тұрғындары |
---|
Тұрғыны |
35 789[1] адам (2023)
|
---|
Тығыздығы |
2,8 адам/км²
|
---|
Ұлттық құрамы |
қазақтар (96,23%), орыстар (2,32%), татарлар (0,71%), украиндар (0,21%), шешендер (0,15%), өзбектер (0,14%), басқалары (0,24%)[2]
|
---|
Сандық идентификаторлары |
---|
Пошта индексі |
030800-030811[3]
|
---|
Автомобиль коды |
04
|
---|
Темір ауданының әкімдігі
|
|
|
Темір ауданы – Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Орталығы – Шұбарқұдық кенті.
Географиялық орны
Темір ауданы солтүстігінде Қобда, Алға, шығысында Мұғалжар, оңтүстігінде Байғанин, батысында Ойыл аудандарымен шектеседі. Аудан Ақтөбе облысының батысында, Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ең биік жері 355 м (Бадамша ауылының тұсында). Оңтүстік-батысы сай-жыралармен тілімделген жазық болып келеді.
Тарихы
Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17 болысы бар уезд орталығы болып қаланған. Ол қазіргі Мұғалжар, Темір, Ойыл, Байғанин, Қобда аудандарының оңтүстігін қамтыған. 1921 жылы 27 болыс болды және Ақтөбе губерниясындағы аудан орталығы, 1923 жылы Ақтөбе губерниясының іріленуіне байланысты Темір уезі (14 болыс) аталған. 1928 жылы уез таратылып, 1930 жылы ауданға айналды. 1935 жылы одан Жұрын ауданы бөлініп шықты. Қазіргі Темір ауданы 1972 жылы құрылған.
Пайдалы қазбалары
Жер қойнауынан мұнай, тас темір, құрылыс материалдары барланған. 1967 жылы алғаш рет Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орны табылып, 3000 м тереңдіктен алғаш рет жоғары дебитті мұнай ағымы алынды. Бұл кен орны 1983 жылдан бері игерілуде.
Климаты, топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауаның орташа жылдық температурасы қаңтар айында –15 – 17°C, шілдеде 22 – 24°С. Аудан жерімен Ойыл, Темір, Шилі, Құмды, Бабатай, Шығырлықұмды, т.б. өзендер ағып өтеді. Жер қыртысында негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Оларда боз, бетеге, жусан, изен, сұлыбас, қамыс, құрақ өседі. Аңдардан қасқыр, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, ондатр, сарышұнақ, аламан тышқаны кездеседі.
Халқы
1979 |
1989[4] |
1999 |
2009[5] |
2021
|
33493 |
▲37671 |
▼35946 |
▼34425 |
▲37867
|
Тұрғынадар саны 37740 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,82%), орыстар (2,55%), украиндар (0,25%), немістер (0,05%), татарлар (0,08%), басқалары (0,53%). Тұрғын халықтың басым бөлігі автомобиль және темір жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін өңірлерде біршама тығыз қоныстанған.
Әкімшілік бөлінісі
Ауданда 24 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:
Ірі елді мекендері
Ауыл шаруашылығы
Ауданда 1996 жылға дейін астық, оған қосымша биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олар түгелімен дерлік жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласында 6 ЖШС және 384 шаруа қожалығы ұйымдастырылды (2005). Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1,261 миллион га, шабандығы 36,1 мың га, жайылымы 1,131 миллион га. Ауданда қой мен ешкінің саны 94,7 мың бас, жылқы 5,5 мың бас, түйе 0,45 мың бас болды (2005).
Өнеркәсібі, инфрақұрылымы
Өнеркәсіп саласында аудан аумағында бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Олардың ішіндегі ірілері: “Қарақамыс”, “Стройуниверсал” ЖШС, “Көлік” АҚ, “Әлия жолдары”, “Шанс-1”, “Манас”, “Айқап”, “Сагор”, “Тасқұдық”, “Ақтөбемұнайгаз”, Кенжылуэнергия”, “Толғанай” ЖШС-лары, т.б. Білім беру, мәдениет мекемелерін жалпы білім беретін 32 мектеп, 2 мәдениет үйі, 14 кітапхана құрайды. 3 аурухана, ауданы аурухана, санэпидстанса, 17 фельдшаруашылығы-акушерлік пункт ел денсаулығын сақтауға қызмет етеді. Аудан аумағында археологиялық және табиғат ескерткіштерінің жалпы саны – 41. Аудан жерімен Атырау – Қандыағаш темір жолы, Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.[6]
Дереккөздер
|
---|
| | | Аудандары | | |
---|
| Облыстық бағыныстағы қалалар | |
---|
|