Атырау

Қала
Атырау
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыс орталығы

Облысы

Атырау облысы

Әкімі

Шәкір Кейкін

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°07′ с. е. 51°53′ ш. б. / 47.117° с. е. 51.883° ш. б. / 47.117; 51.883 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°07′ с. е. 51°53′ ш. б. / 47.117° с. е. 51.883° ш. б. / 47.117; 51.883 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1640

Бұрынғы атаулары

Усть-Яицкий қалашығы, Нижний Яицкий қалашығы, Чапаев, Гурьев

Қала статусы

1885

Жер аумағы

458 км²

Климаты

қатаң континенталды, қуаң

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

316 449 адам (2023[1])

Ұлттық құрамы

қазақтар 88,95 %
орыстар 7,73 %
корейлер 0,79 %
татарлар 0,50 %
өзбектер 0,38%
басқалары 1,65 %[2]

Этнохороним

атыраулық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7122

Пошта индекстері

060001-060011

Автомобиль коды

06

Басқалары
Әкімдік мекенжайы

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, №77А

Атырау қаласының әкімдігі

Атырау картада
Атырау
Атырау
Атырау картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Атырау картада
Атырау
Атырау
 Басқа мағыналар үшін Атырау (айрық) деген бетті қараңыз.

АтырауАтырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғыны 316 449 адам (2023). Атырау қаласынан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км.

Атауы

Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.

Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.

Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.

1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.

1992 ж. бері қала атауы — Атырау.

Этимологиясы

«Атырау» -лексикасы көбіне үлкен айдынды көлдің не теңіздің сала-салаға бөлініп, тармақтанып, шығанақтар мен арал, саға, мүйістер пайда болатын жағалауы. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын, теңіздің алабын қоса, жергілікті тұрғындар күні бүгінге дейін атырау деп атайды.[3]

Тарихы

Гурьев таңбасы

ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.

Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.

Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.

Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді. Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі.

Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымда басталып кетеді. Тұрғызылып жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының шабуылымен тоналады. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады.

  • 1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.
  • 1865 жылы уездік қала болды.
  • 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы
  • 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы
  • 1929 жылы Гурьев округінің орталығы
  • 1930 жылы аудан орталығы
  • 1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы.
  • 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.[4]

Климаты

Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.

Атырау ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Абсолюттық максимум, °C 10,5 15,0 26,3 32,5 37,6 41,9 42,7 41,6 40,1 29,6 19,9 11,8 42,7
Орташа максимум, °C −2,8 −1,8 5,8 17,2 24,5 30,8 33,4 31,6 24,6 15,3 5,1 −1,1 15,2
Орташа температура, °C −6,4 −6,3 0,8 11,2 18,4 24,5 26,8 24,8 18,0 9,7 1,3 −4,3 9,9
Орташа минимум, °C −9,4 −9,9 −3,1 6,1 12,8 18,4 20,5 18,5 12,3 5,0 −1,7 −7 5,2
Абсолюттық минимум, °C −37,9 −37,4 −32,3 −12,3 −2,3 2,3 8,1 4,8 −5,7 −15,7 −29,8 −35,8 −37,9
Жауын-шашын нормасы, мм 14 11 15 16 25 18 10 10 8 16 18 14 175
Дерекнама: Ауа Райы мен Климат

Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады.

Қаңтар айындағы орташа температура -60С-ден бастап -120С-ге дейін, ал шілде айындағы орташа температура +240С-ден бастап +260С-ге дейін. Ең төменгі температура -380С, ең жоғары температура +450С. Каспий теңізіне құйып, облыс орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің арқасында ол жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді. Жауын-шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм шамасында болады. Жел бағыты қаңтар айында оңтүстік-шығыс бағытта болса, ал маусым айында батыс бағытта болады.

Әкімшілік бөлінуі

Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 6 ауылдық округ (Алмалы, Атырау, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 15 елдi мекен бар. Қалаға 2013 жылы Балықшы кенті, 2018 жылы Балықшы, Жұмыскер ауылдық округтеріндегі Ақжайық, Құрсай, Көкарна, Водниково және Жұмыскер, Рембаза елді мекендері, 2019 жылы Геолог ауылдық округіндегі Геолог, Бірлік, Новокирпичное, Теңдік, Қарабатан, 496 разъезд елді мекендері қосылды. Қалалық әкімдік аумағына Махамбет ауданынан Алмалы ауылдық округіндегі Алмалы, Береке елді мекендері берілді.

Әкімдері

  • Нұрпейіс Мақашев 1992-1993
  • Бекболат Нарегеев 1993-1995
  • Жалғас Тікенбаев 1995-1998
  • Арыстанғали Әшімғалиев 1998-1999
  • Дүйсенбай Тұрғанов 1999-2002
  • Манас Тасыбаев 2002-2006
  • Бергей Рысқалиев 2006
  • Сәлімжан Нақпаев 2006-2009
  • Мереке Есмұратов 2009-2012
  • Асқар Керімов 2012
  • Серік Айдарбеков 2012-2014
  • Нұрлыбек Ожаев 2014-2016
  • Серік Шәпкенов 2016-2018
  • Әлимұхаммед Құттымұратұлы 2018-2020
  • Қайрат Оразбаев 2020-2022
  • Мейірім Қалауи 2022-2023
  • Шәкір Кейкін 2023-

Халқы

Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1959 жылы 78,1 мың, 1970 жылы 114,2 мың, 1979 жылы 130,9 мың, 2012 жылы 182,8 мың адам болды.
2014 ж. қала әкімшілігі тұрғындарының саны 280,6 мың адам құрады, оның ішінде:

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 [5]
78 143 114 277 130 916 149 261 142 497 165 387 171 900 176 937 182 866 189 211 195 674 217,866 226,042

Атырау қаласында 84 ұлт өкілдері тұрады. Облыстың 2014 жыл басындағы деректер бойынша жекеленген этностар құрамы төмендегідей:[6]

Барлық ұлттар қазақтар орыстар корейлер татарлар өзбектер украиндар немістер басқалары
280 600 239 905 29 616 2 945 1 952 1 055 735 407 3 985

2019 жылғы статистикалық деректер бойынша Атырау қаласында туғандар саны 9 760, ал өлгендер саны 1 920 адамды құрады. Табиғи өсім 7 840 адам. Келген адамдар саны 16 130, кеткен адамдар саны 13 311 болды. Туылым коэффициенті (1000 адамға) 27,9, өлім-жітім коэффициенті (1000 адамға) 5,49 болды.[7]

Экологиясы

Атырау қаласы кәсіпорындардың ортасында қалуда. Ауаны ластаушылардың 80-85 пайызын мұнай тасымалымен және мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар құрайды. Атырау қаласындағы өндіріс орындарының ауаға лас қалдықтарды тарату көрсеткіштері артып, ол жылына бір мың тоннадан асып тұр. Ірі кәсіпорындар әлі күнге тазарту құрылғыларымен жабдықталмаған. Сөйтіп зиянды шығарындылар еш сүзгіден өтпестен қала аумағына таралып жатыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы көмірсутегі қоспаларын 68,7 пайыз көлемінде, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 22,79, «Атырау жылу электр орталығы» көміртегі тотығын 46,08 пайыз, «Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ – 19,57, «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС азот диоксидін – 73,2, Атырау мұнай өңдеу зауыты күкірт диоксидін 52,54 пайыз мөлшерінде ауаға шығаруда.

Атырау қаласында атмосфералық ауаның сапасын анықтайтын сегіз стансадан автоматты түрде тәулік бойына ауа құрамын анықтайтын сынама алынады. Соның ішінде «ВестОйл» ЖШС-нің базасы аумағында орналасқан стансадан күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері концентрациясынан асып кететіні анықталып отыр.[8]

Қаланы улап жатқан негізгі 3 ошақ бар. Біріншіcі – мұнай компаниялары. Екіншісі – қаладан шыққан тұр­мыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон. Үшіншісі – қаланың екі жақ шетінде орналасқан қалдық суларды төгетін булану алаңы.[9]

Кәсіпорындары

Кестеде 1000-нан астам қызметкері бар Атырау қаласының ірі кәсіпорындары көрсетілген[10]
Кәсіпорындар Қызмет түрі
«АРИАДНА» ЖШС Инженерлік құрылыстарын салу
«СИЧИМ С.П.А., КАЗАХСТАН» бөлімі Мұнай және газ магистральдық құбырларын салу
«АТЫРАУ ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ Жылу электр станцияларының электр қуатын өндіруі
«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС Шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру
«БОЛАШАҚ-АТЫРАУ» ЖШС Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
«ФИРКРОФТ ИНЖИНИРИНГ СЕРВИСИЗ ЛИМИТЕД КАЗАХСТАН ЖШС» Жұмыспен қамту агенттігінің қызметі
«НОРТ КАСПИАН ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ Н.В.» бөлімі Шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру
«ПСН КАЗСТРОЙ» АҚ Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
«CAPITAL COMPLEX CATERING» ЖШС Мейрамханалар мен тамақ беру қызметі
«ЮЛМАР-СЕРВИС» ЖШС Изоляциялау жұмыстары
«КОНСОРЦИУМ «ISKER» ЖШС Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де инженерлік құрылыстар салу
«ДЕНХОЛМ-ЖОЛДАС» Арнайы мамандықтарды талап ететін өзге де құрылыс жұмыстары
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ - БҰРҒЫЛАУ" СЕРВИСТІК БҰРҒЫЛАУ КӘСІПОРНЫ» ЖШС Мұнай және табиғи газ өндірісін техникалық қолдау
«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ Шикі мұнай мен ілеспе газды өндіру
«АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
Атырау кәсіпорындары
Теңізшевроил кеңсесі Атырау «НКОК» кеңсесі Атырау мұнай өңдеу зауыты

Көлік және инфрақұрылым

Қазіргі таңда Атырау қаласында көліктің барлық түрлері де дамыған.

Атыраудағы экологиялық таза автобустар

Қоғамдық көлік. Атырау қаласының маршрут желісі күні бүгінге 51 маршрут жұмыс атқаруда. 2013-2015 жылдары аралығында қалаішілік маршрутында қызмет көрсететін «АйсТрансХолдинг» ЖШС-і өз қаражаты есебінен 51 дана автобус сатып алды. Қоғамдық көліктер GPS – мониторинг жүйесін қолданады, ол онлайн режимінде қалалық қоғамдық көліктердің маршруттары, аялдамалар және көліктің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарды ұсынады.

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Atyrau-Avtopark» автобус паркі құрылып, оған Семей қаласынан 65 жаңа автобус сатып алынды. 2020 жылы «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-і экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға лас шығарынды шығармайтын 160 жаңа автобус алды. 2021 жылдан бастап автобустар санын 140-тан 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл саптағы 220 автобус мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктері үшін толық бейімделген.[11]

Қалада троллейбус жүйесі 1996 жылдың 09 қыркүйегінде ашылып, 1999 жылдың 29 сәуірінде оның қозғалысы тоқтатылды. Бір ғана маршрутта 5 троллейбус қызмет көрсетті.[12]

Темір жол көлігі. Атырау арқылы өтетін темір жол вокзалынан 13 бағыт бойынша 24 поезд кесте бойынша жолаушылар тасымалын қамтиды. Темір жол Атырауды Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Астана сияқты ірі қалаларымен, сондай — ақ Ресейдің (Мәскеу, Саратов, Волгоград, Астрахан), Тәжікстанның (Куляб, Худжанд, Душанбе) қалаларымен және Өзбекстан астанасы-Ташкентпен байланыстырады.[13]

Әуе көлігі. Атырау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:

Атырау халықаралық әуежайы
Тасымалдаушы
Атауы
Бағыттары
Қазақстан Air Astana Қазақстан Алматы, Қазақстан Астана, Қазақстан Ақтау, Түркия Ыстамбұл, Нидерланд Амстердам
Қазақстан Qazaq Air ҚазақстанАқтөбе,ҚазақстанОрал
Қазақстан Bek Air Қазақстан Алматы, Қазақстан Астана
Қазақстан SCAT ҚазақстанАстана, Қазақстан Актау, Әзірбайжан Баку
Ресей Аэрофлот Ресей Мәскеу-Шереметьево

Қабылдайтын әуе көлігі түрлері: Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-32, Ан-72, Ан-74, Ан-124, Ил-62, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, ATR 42, ATR 72, Boeing 707, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар.

Атырау қаласының көпірлері

1965 жылы 28 тамызда Жайық өзені арқылы өтетін қаладағы алғашқы темірбетон көпір салынып, пайдалануға берілді. Көпірдің ұзындығы 259 метр, биіктігі 10 метр. «Орталық» көпір Сәтбаев даңғылы мен Абай көшесін байланыстырады. Символикалық рөлі Европа мен Азияны жалғастырады.

Қаланың солтүстік бөлігінде 1985 жылы Ғаббас Берғалиев көшесінің бойымен айналма көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 200, ені 17 метр, ол А-27 Ақтөбе - Астрахан тас жолында қала арқылы өтетін транзиттік автомобиль жолына айналды.

Мұнайшылар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын жалғайтын автомобиль және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер

2001 жылы «Тәуелсіздікке 10 жыл» аспалы «жаяу жүргіншілерге арналған» көпір салынды. Ұзындығы 551 метрлік көпір Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көпірі ретінде енгізілген. 2008 жылы қаланың оңтүстік бөлігінде Балықшы және Жұмыскер шағын аудандарын байланыстыратын «Балықшы» көпірі салынды. Ұзындығы 484,4 м, ені 23,9 м.

Осы жылы Балықшы-Перетаска көпірі пайдалануға берілді. Ұзындығы 63,7 м, ені 14 м. Ол Балықшы шағын ауданы мен Мирный және Құрсай шағын аудандарын жалғастырушы рөлін атқарады.

2009 жылы Сұлтан Бейбарыс даңғылын жалғастыратын көпір ашылды. Өткізу қабілеті тәулігіне 5-7 мың автомобильді құрайтын төрт жолақты көпір, ұзындығы 800 м кіреберіс жолдармен, ұзындығы 380,7 м және ені 22 м, жүріс бөлігінің ені 16 м. Екі жағынан жаяу жүргінші жолы 2,5 метр құрайды. Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы көпір теміржол вокзалын (сол жағалау) және оң жағалаудағы «Атырау» халықаралық әуежайын байланыстырады.

Осы жылы қаланың Мұнайшылар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын (Әуезов даңғылынан Ғұмаров көшесіне) жалғайтын «Мұнайшы» көпірі пайдалануға берілді. 4 жолақты көпірден тәулігіне 5-7 мың автомобиль өтеді. Көпірдің жалпы ұзындығы 693 метр, ұзындығы 483 метр және ені 17 метр. Жүріс бөлігінің ені 14 метр, екі жағында ені 1 метр 2 жаяу жүргіншілер жолы бар.[14]

2010 жылы Мечников пен Баймұханов көшелерін жалғайтын көпір салынды. Ұзындығы 770, ені 23,5 метр. Ол қаламыздың 370 жылдығына орай ашылды.[15]

Мәдениеті

Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы орналасқан. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс жасайды.

Атырау облыстық өлкетану мұражайы, Қазақстандағы мезозой дәуірінен сыр шертетін жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан.[16] Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайы, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер т.б.жұмыс істейді.

«Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана», Атырау облыстық балалар кітапханасы, Облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы, №1,2,3 Атырау қалалық орталық балалар кітапханалары қала тұрғындарына өз қызметтерін көрсетуде.

Н.Жантөрин атындағы филармония Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы Атырау тарихи-өлкетану мұражайы

Сәулеті және көрікті жерлері

Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес өкіметі жылдары Ембімұнай кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады.

Атырау қаласының заманауи сәулетіне Исатай мен Махамбет алаңы, Иманғали мешіті, XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі, (бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат), Marriott қонақ үйі, Алмагүл ықшам ауданы, соңғы үлгіде салынған спорт, мәдениет сарайларын айтуға болады.[17]

Иманғали мешіті Успен соборы Marriott қонақ үйі

Саябақтары

Қазір Атырау қаласында 6 саябақ бар. Жеңіс саябағы, «Алмагүл» ықшам ауданындағы саябақ, «Балықшы» ықшам ауданындағы саябақ, ретро паркі, №1 және №2 ықшам ауданындағы, және «Тұрғындар қалашығындағы» саябақтар. Саябақтардың аумағы 10 гектарға жетеді. Олар жасыл желектерден, аллеялардан, абаттандырылған жолдардан, орындықтар мен серуендеу алаңдарынан тұрады. Сонымен қатар танымал тұлғаларға ескерткіштер, субұрқақтар, мүсіндер және т.б. бар.[18]

«Жеңіс» саябағы — Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған мәңгілік алау арқылы таныс. Кіре беріс қақпадан кейін әскери техниканың нақты үлгілері қойылған. Мұнда ұшақ, танк, зеңбірек, бронетранспортер т.б. көруге болады. Жеңіс саябағындағы "Тағзым Аллеясы" алаңында Ұлы Отан соғысының атыраулық қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылған. Парктің орта тұсында аспанға бағытталған найзаның жанында орналасқан Мәңгілік алау бар. Сондай-ақ, парк құрамында «Естелік қабырғасы» бар. Ол бірнеше ондаған ірі гранит плиталардан тұрады, олардың үстінде Екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған Атырау облысы тұрғындарының есімдері жазылған. Саябақта қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш орнатылған.[19]

Ретро Парк саябағы — өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы неоклассикалық үлгіде салынған. Оның негізгі аумағын парк аллеялары құрайды. Бұл саябақ Жайық өзенінің жағалауы мен «Тұрғындар қалашығының» аралығында орналасқан. Саябақта әртүрлі павильондар, амфитеатр, түрлі түсті жарықпен әрленген су бұрқақтары, ретро стиліндегі дәмхана т.б. бар. Орта тұсында жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер, жасанды тоғандар және басқа да сәулет туындылары орналасқан. Саябақта "Дос-Мұқасан" музыкалық ансамбліне орнатылған ескерткіш бар.[20]

Жастар саябағы — Жайық өзенінің Еуропа бөлігіндегі жағасында орналасқан. Саябақта жүгіру, велосипед, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Мұнда көлеңкелі конструкциялы жазғы мобильді кафелер, балалар мен ересектерге арналған алаңдар, спорт жабдықтары, аттракциондар бар. Аумағы – 6,5 гектар.[21]

Жеңіс саябағы Ретро парк Жастар саябағы

Атырау қаласының ескерткіштері

Танымал тұлғаларға арналған ескерткіштер
Сұлтан Бейбарыс ескерткіші Исатай-Махамбет ескертіші Үш биге арналған ескерткіш Халел Досмұхамедов ескерткіші
Ақын-жазушыларға арналған ескерткіштер
Әбу Сарсенбаев ескерткіші Хамит Ерғалиев ескерткіші Фариза Оңғарсынова ескерткіші Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш
Күйшілер мен әншілерге арналған ескерткіштер
Құрманғазы Сағырбаев ескерткіші Дина Нұрпейсова ескерткіші Қаршыға Ахмедияров ескерткіші Атырау. Дос Мұқасанға ескерткіш
Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер
Қаза болған ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш Қайырғали Смағұлов ескерткіші Хиуаз Доспановаға ескерткіш Соғыстан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш аллея
Әртүрлі ескерткіштер
Құмаршық өсімдігіне арналған ескерткіш Молекула ескерткіші Бекіре балығына ескерткіш Әлші (асық) ескерткіші

Спорты

Атыраудан Токиодағы Олимпиадаға елдің құрама командасында ескек есу бойынша спорт шебері А.Круглов қатысты. Боксшы Б.Теміров Олимпиадалық ойындарға, әлемдік, еуропалық сайыстарға қатысып, үш дүркін КСРО чемпионы болды. Атырау ескекшілері Д.Савин, А.Сафарян, С.Сергеев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары. Арман Чилманов 84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері. Сәния Махамбетова самбо және дэюдо күрестері бойынша халықаралық және республикалық сайыстарда бірнеше рет жеңістерге жетті.

«Атырау» футбол командасы республика чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері (2001 және 2002 жылдар), 2009 жылы Қазақстан кубогының иегері. Қазақстан кубогының иегері.[22]

«Бейбарыс» хоккей клубы 4 дүркін Қазақстан чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2015/2016 және 2018/2019).[23]

«Атырау» волейбол командасы 2003 және 2006 жылғы еліміздің чемпионы, 4 рет Қазақстан кубогының иегері -2000, 2009, 2010, 2015

«Атырау Барыстары» баскетбол командасы Қазақстан біріншілігінің 2-рет алтын (2010/2011, 2015-2016), 7-дүркін күміс жүлдегері. (011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020.[24]

Спорт нысандарынан Атырау қаласының орталық «Мұнайшы» стадионы бар. Қасында спорт комплексі және жүзу бассейні орналасқан. Денешынықтыру және сауықтыру орталығында (ФОК) әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды. Атырау мұз айдыны сарайында хоккейден еліміздің біріншілігінің ойындары өтеді. Теннис орталығында үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар.[25]

Спорт нысандары
Мұз айдыны сарайы Атырау Теннис орталығы «Мұнайшы» стадионы Байдарка және каноэ спорты

Білім жүйесі

Мектепке дейінгі мекемелер

Мектепке дейінгі мекемелердің құрамына мектепке дейінгі жастардағы балалардың күндізгі уақытта және тәулік бойы болатын жалпы типтегі (бала бақшалар, балалар яслиі, балалар үйі, мектепке дейінгі балалар үйі) мекемелері, ақыл-ой және дене бітімі дамуында ауытқулары бар арнайы мектепке дейінгі мекемелер, аурушаң балаларды салауаттандыруға арналған жазғы демалыс орындары кіреді. Атырау қаласы бойынша 46 балабақшада 13 863 бүлдіршіндер тәрбиеленуде.[26]

Мектептегі білім

Атырау қаласының 61 мектебінде, оның ішінде Атырау облыстық дарынды балаларға араналған казақ-түрік лицейі, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Ағышын тілін терең оқытатын техникалық гимназия, Атырау қалалық білім бөлімінің қалалық лицейі, Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназия, Облыстық ұлттық гимназия, №34 лингвистикалық мектеп-гимназия, Н.Тілендиев атындағы облыстық "Кіші өнер академиясы". Назарбаев Зияткерлік мектебі сияқты білім ордаларында 73 690 оқушы білім алуда.[27]

Жоғары оқу орындары

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті —Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. 1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды.[28]

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті —еліміздің мұнай-газ саласы мен Батыс Қазақстан облысының экономикасын, білімі мен ғылымын жетілдіруге үлкен үлес қосуда. Атырау Мұнай және газ университеті Батыс Қазақстанның Білім және ғылым орталығына айналуда және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы шығармашыл жастар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдары арасында лайықты құрметке ие болды. Атырау Мұнай және газ университеті еліміздің мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасының жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады.[29]

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты —2001 жылы құрылып, білім және ғылым министрлігі берген лицензия негізінде еңбек нарығында табысты жұмыс істейді. Институт -күндізгі және сырттай оқыту формалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 16 мамандық бойынша жоғары-кәсіптік мамандар (бакалавриат) даярлайтын жоғары оқу орны. Институт жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша маңызды ғылыми және оқу орталығы болып саналады. Институт инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін 2004 жылы Еуропа кәсіпкер қауымдастығының «INSAM» алтын медалімен (Женева, 2005 ж), Халықаралық «Алтын Құйма» (CBS Consult, Мәскеу, 2007) марапатталды. [30]

Колледждері

Атырау. Жоғары мұнай колледжі[32]
  • Атырау бизнес және құқық колледжі[33]
  • Атырау жоғарғы медицина колледжі[34]
  • Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжі[35]
  • Атырау индустриалды колледжі[36]
  • Атырау сервис колледжі[37]
  • Атырау энергетика және құрылыс колледжі[38]
  • С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі[39]
  • Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжі (академиясы)[40]
  • Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі (ПСК)[41]
  • Жоғарғы мұнай колледжі (APEC)[42]
  • Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж[43]
  • Мұнай және газ технологиялық колледжі[44]
  • «Болашақ» кәсіби-гуманитарлық колледжі[45]

Денсаулық сақтау ісі

Гурьевте тұрған әскери бөлімде алғаш рет 15 орындық аурухана ашылған. 1901 жылы осы ауруханаға арналған 2 үй салынып, оның біреуі хирургиялық, біреуі басқа ауруларды емдеу орны боп белгіленген және 1 дәрігер, 2 фельдшер жұмыс жасаған.

Атырау.1951 жылы салынған мұнайшылар ауруханасы

Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау қаласына 2 госпиталь орналастырылды. 1967 жыл мен 1987 жылдың аралығында облыстық аурухананың, балалар ауруханасының, перзентхананың, облыстық онкологиялық және туберкулезді емдеу диспансерінің жаңа үйлері іске қосылды.[46]

Қазіргі кезде Атырау облыстық ауруханасы, балалар ауруханасы, №2 Атырау облыстық ауруханасы (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы), Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы, қалалық перзентхана, ЖИТС алдын алу және онымен күресу орталғы, балалар стоматологиясы, өкпе аурулар санаториясы, кардиология орталығы, көз аурулар ауруханасы, қан орталы, наркологиялық диспансері, онкологиялық диспансері, патологоанатомия бюросы, перинаталдық орталық, психиатриялық жүйке аурулар ауруханасы (Психикалық сауықтыру орталығы), тері-венерология диспансері, туберкулезге қарсы күрес диспансері, теміржол ауруханасы, орталық нерв жүйесі зақымдалған балаларға арналған сәбилер үйі т.б. дәрігерлік ұйымдар жұмыс жасайды.

БАҚ

Газет-журналдары

«Атырау» газеті —Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы нөмірлерін шығарған 1923 ж. Гурьев уездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 жылы сәуір айында шықты. «Атырау» аймақтың тыныс-тіршілігін қалың оқырманға жеткізіп келе жатқан облыстық газет.[47]

Прикаспийская коммуна газеті —орыс тілінде шығатын облыстық қоғамдық-саяси газет. Газет 1920 жылдың 26 ақпан айынан бастап «Трудовая Правда» атымен шықты. Газет облыстың өзекті мәселелері туралы, нарықтық қатынастар, халық шаруашылығын дамыту тұрақты көрініс табуда.[48]

«Ақ жайық» газеті —Атырау облысындағы кең тараған әрі тұңғыш тәуелсіз апталық басылым. Алғашқыда «Компаньон» (1991), кейін «Местное обозрение» (1992) аталып, шағын көлемде жарық көрген газет 1993 жылы мамыр айынан «Ақ жайық» аталды. Бұл - нарық жағдайына бейімделген, облыс, республика көлемінде өзін-өзі қаржыландыруға толық көшкен алғашқы газеттердің бірі.

Сонымен қатар "Мегаполис Атырау", "Мұнайлы Астана", "Алтын сақа", "Алтын аймақ" апталық газеттері және "Мерейлі мекен" журналы шығады.

Телеарналары

Атырау облыстық телерадиокомпаниясының хабар тарату саясаты «Қазақстан» РТРК АҚ жүргізіп отырған саясатына толық сәйкес келеді. Ол ақпараттық және білім беру функцияларын орындай отырып, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды

Атырау телемұнарасы

үйлестіруге бағытталған. Телеарнаның басты міндеті - аймақтық деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізу. Телеарнаның жалпы апталық көрсетілімі 119 сағатты құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде - 80,30 сағат, немесе жалпы хабардың 68%. Меншікті бағдарламалар 45 сағатты құрайды немесе жалпы эфирдің 38% құрайды. "Atyray" телеарнасының хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан.

Жетістіктері:

  • Телевизияның «АПТА» ақпараттық-талдау бағдарламасы (авторы және жүргізушісі Н. Қосшиев) Халықаралық «Шабыт» фестивалінің арнайы дипломымен марапатталды;
  • Теледидарда алғаш рет «Өзен өз арнасыммен ағады» атты 7-сериялық телехикая түсірілді;
  • Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына орай "Тағдыр-Судьба" телефильмі түсіріліп, ол Волгоград қаласында өткен ІV-Халықаралық "Мәңгілік алау" фестивалінде "Үздік авторлық жұмыс" номинациясында ІІ орын алды;
  • Астрахан қаласында өткен Халықаралық "Адам және теңіз" байқауында "белсенді азаматтық ұстанымы үшін" номинациясында "Каспий экологиясы: мәселелерді шешу жолдары" фильмі жеңіске жетті;
  • «Туған өлкем – Атырау» бағдарламасы республикалық "Шаңырақ" шығармашылық байқауында жеңіске жетті /Астана қ./;
  • «Аманат» циклдік бағдарламасы "Ең үздік тарихи-мәдени бағдарлама" номинациясы бойынша Қазақстан РТРК АҚ ұйымдастырған байқауда ІІ орын алды /Астана қ./

Сонымен қатар КТК, НТВ, Хабар, 24KZ, Ел арна, Qazsport, Мир, Qazaqstan, 1-канал "Евразия", СТВ, Astana TV, НТК, 31 канал, Абай ТВ, Жетінші арна, ТВЦ т.б.арналар жұмыс жасайды.

Радио

«Atyraý radiosy»—ның тарихы 1938 жылы Гурьев облысының құрылуынан бастау алады. 1938 жылдың 2-ші наурызында алғаш рет радио хабары

эфирге шықты. Қазір ол 102.0 FM жиілігінде тәулігіне 17 сағат хабар таратып отыр. 80 жыл бұрын сол кездегі Гурьев халқына алғашқы жаңалық таратқан бұл медиа-мекеме бүгінде заман сұранысына сай жаңа технологиямен жабдықталған. Елдегі саяси-экономикалық, төтенше жағдайлар кезінде дереу үн қосып, халыққа жедел ақпарат таратып, қоғамда оң пікір қалыптасуына ықпал етіп отыр.

Қазір кеңейтілген диапазонды 1000 киловаттық жаңа радиотаратқыш іске қосылып радиотолқынның таралу аймағы 60 шақырымға дейін кеңейді.[49] Сонымен қатар 101,0 Қазақ радиосы, 101,6 Радио Дача, 102,8 Шалқар радиосы, 103,6 Тандем радиосы, 104,4 NS радиосы, 104,8 Lux FM, 105,2 Русское радио Азия, 105,7 Восток FM, 106,2 Дала FM, 106,8 Европа+ Казахстан, 107,2 Жұлдыз FM, 107,7 Авторадио Казахстан т.б. жұмыс жасайды.[50]

Қаланың назар аударарлық орындары

Атырау қаласының суреттері

Белгілі тұлғалар

Бауырлас қалалары

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
  3. Қазақтар — Атажұрт. — Алматы: «Білік», 2003. — Т. VIII. — Б. 480. — 480 б. — ISBN -5-7667-2054-8.
  4. Атырау қаласының ресми сайты. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  5. Қазақстан / Qаzаqstаn. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  6. 2014 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.
  7. ҚР өңірлерінің статистикасы. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  8. Атырау газеті, 03.06.2015
  9. «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, 08.08.2020
  10. KazDATA: все крупные компании Атырау и Казахстана
  11. Атырауда метанмен жүретін автобустар жолға шықты. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  12. Троллейбус компаниялары. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  13. Инфрақұрылым. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  14. Атырау қаласындағы көпірдің тұсаукесері. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  15. Атырау қаласындағы көпірлер. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  16. Палеонтологиялық мұражай жаңғыртылды. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  17. Атыраудың көрікті жерлері. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  18. [В.Гузиков. Атырау қаласындағы саябақтар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты өсуде Атырау облысының ақпараттық ресурсы 07.08.2019.]. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  19. Атырау бойынша нұсқаулық: Жеңіс паркі. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  20. Атыраудың жаңа ретро-саябағы. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  21. Атырау қаласында Жастар саябағы ашылды. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  22. OLIMPBET Премер лигасы Атырау. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  23. «Бейбарыс» хоккей клубы. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  24. http: //www. bcbarsyatyrau.kz/
  25. Атырауда халықаралық талапқа сай теннис орталығы ашылды. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  26. Атырау қаласының білім бөлімі. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  27. Атырау қалалық білім бөлімі. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  28. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  29. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  30. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  31. Атырау балық өнеркәсібі колледжі. Тексерілді, 13 қараша 2024.
  32. Жоғары мұнай колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  33. Атырау бизнес және құқық колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  34. Атырау жоғарғы медицина колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  35. Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  36. Атырау индустриалды колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  37. Атырау сервис колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  38. Атырау энергетика және құрылыс колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  39. С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  40. Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжі (академиясы). Тексерілді, 14 қараша 2024.
  41. Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  42. APEC PetroTechnic жоғары колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  43. .Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  44. Мұнай және газ технологиялық колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  45. Атырау Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  46. Ғарифолла Шәңгереев, Өнербай Жанбала Атырау медицинасының шежіресі — Алматы: "Арыс", 2010. — 308 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-291-007-0.
  47. Егемен Қазақстан. 02.11.2018
  48. Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000
  49. Атырауда жаңа радиостудия мен жаңа радиотаратқыш іске қосылды. Тексерілді, 14 қараша 2024.
  50. Радиостанциялар. Тексерілді, 14 қараша 2024.

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Atyrau

Read other articles:

Le Ménil-Bérard Entidad subnacional Le Ménil-BérardLocalización de Le Ménil-Bérard en Francia Coordenadas 48°42′34″N 0°30′41″E / 48.709444444444, 0.51138888888889Entidad Comuna de Francia • País  Francia • Región Baja Normandía • Departamento Orne • Distrito distrito de Mortagne-au-Perche • Cantón cantón de Moulins-la-Marche • Mancomunidad Communauté de communes du Pays de la MarcheAlcalde Pascal Gadeyne des...

 

Public college in Brunswick, Georgia, US College of Coastal GeorgiaFormer namesBrunswick College (1961–1965, 1988–1996)Brunswick Junior College (1965–1988)Coastal Georgia Community College (1996–2008)TypePublic collegeEstablished1961Parent institutionUniversity System of GeorgiaPresidentMichelle Johnston[1]Academic staff598Undergraduates3,500[2]LocationBrunswick, Georgia, United StatesColorsNavy Blue, Royal Blue & Gray     NicknameMarinersS...

 

Портрет Ганни Закревської Творець: Шевченко Тарас ГригоровичЧас створення: 1843Розміри: 51 × 39,6Матеріал: полотноТехніка: ОліяЖанр: портретЗберігається: КиївМузей: Національний музей Тараса Шевченка «Портрет Ганни Закревської» — художній твір Тараса Шевченка Зміст 1...

2007 studio album by TurisasThe Varangian WayStudio album by TurisasReleasedUK: May 28, 2007 Finland: June 6, 2007 Europe: June 18, 2007North America: July 17, 2007Japan: July 25, 2007RecordedNovember 2006 - March 2007 at Sound Supreme Studio, Hämeenlinna, FinlandGenreFolk metalPower metalSymphonic metalLength42:57LabelCentury MediaProducerMathias Warlord Nygård, Janne SaskaTurisas chronology Battle Metal(2004) The Varangian Way(2007) Stand Up and Fight(2011) The Varangian Way is th...

 

2010 video game 2010 video gameChampionship ManagerSplash screen from the gameDeveloper(s)Beautiful Game StudiosPublisher(s)Eidos InteractiveSeriesChampionship ManagerPlatform(s)iOSReleaseEU: October 14, 2010Genre(s)Sports management Championship Manager 2011 is an association football manager simulation video game developed by Beautiful Game Studios and published by Eidos Interactive.[1][2][3][4][5][6][7][8][9] It was re...

 

La Déclaration de l'indépendance de l'Esprit est un manifeste rédigé par Romain Rolland et publié dans le quotidien L'Humanité du 26 juin 1919, cosigné notamment par Henri Barbusse, Albert Einstein ou encore Bertrand Russell. Déclaration publiée dans l'Humanité le 26 juin 1919. Le contexte Intellectuels et scientifiques au sein de l'Union sacrée Au moment de la déclaration de la Première Guerre mondiale, la grande majorité des intellectuels et des scientifiques des deux camps de...

Batalla del Aeropuerto de Paitilla Parte de Invasión estadounidense de Panamá Mapa de operaciones de las fuerzas estadounidenses donde se muestra el Aeropuerto de Paitilla, en medio de la invasión estadounidense de Panamá de 1989.Fecha 20 de diciembre de 1989Lugar Aeropuerto de Paitilla, PanamáResultado Victoria estadounidenseBeligerantes Estados Unidos Panamá Comandantes Teniente comodoro Patrick Toohey Teniente Octavo Rodríguez Unidades militares Equipo SEAL 4 Fuerzas de Defensa de P...

 

Genus of true bugs Cicada Cicada orni, dorsal view Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Arthropoda Class: Insecta Order: Hemiptera Suborder: Auchenorrhyncha Family: Cicadidae Subfamily: Cicadinae Tribe: Cicadini Subtribe: Cicadina Genus: CicadaLinnaeus, 1758 Cicada barbara Cicada barbara Cicada is a genus of old world cicadas in the family Cicadidae, and the tribe Cicadini. There are at least 60 described species in Cicada.[1][2] Species The fo...

 

Manga aggregation website MangaDex Logo and wordmarkA screenshot of MangaDex's websiteType of siteContent aggregationAvailable inInterface available in English, Spanish, and French; user uploads in several other languagesFoundedJanuary 2018Founder(s)HologfxURLmangadex.orgCommercialNoRegistrationOptionalLaunchedJanuary 10, 2018; 5 years ago (2018-01-10)Current statusActive MangaDex is a nonprofit website that aggregates translations of manga, manhwa, and manhua. Con...

Some of this article's listed sources may not be reliable. Please help this article by looking for better, more reliable sources. Unreliable citations may be challenged or deleted. (July 2022) (Learn how and when to remove this template message) This article contains a pro and con list. Please help rewriting it into consolidated sections based on topics. (December 2022) An Initial exchange offering (IEO) is the cryptocurrency exchange equivalent to a stock launch or Initial public offering (I...

 

Japanese punk rock band For their self-titled album, see The Blue Hearts (album). The Blue HeartsOriginShibuya, Tokyo, JapanGenresPunk rock[1]Years active1985–1995LabelsMeldac (1987–1989),East West Japan (1989–1995)MembersHiroto KōmotoMasatoshi MashimaJunnosuke KawaguchiTetsuya KajiwaraPast membersMasami MochizukiRyūsuke HanabusaNorio YamakawaWebsite30th Anniversary website The Blue Hearts (Japanese: ザ・ブルーハーツ, Hepburn: Za Burū Hātsu) was a Japanese punk rock ...

 

Natural satellites orbiting Pluto Top: Pluto's largest moon, Charon, with its dark Mordor Macula Middle: Hydra (left) and Nix (right) Bottom: Kerberos (left) and Styx (right) (Images not to scale) The dwarf planet Pluto has five natural satellites.[1] In order of distance from Pluto, they are Charon, Styx, Nix, Kerberos, and Hydra.[2] Charon, the largest, is mutually tidally locked with Pluto, and is massive enough that Pluto–Charon is sometimes considered a double dwarf pla...

This article may contain an excessive number of citations. Please help remove low-quality or irrelevant citations. (October 2021) (Learn how and when to remove this template message) A75 road, eastbound near Kinmount Ackergill Tower Airth Castle Ardrossan Castle Dryburgh Abbey Hotel Edinburgh Castle Edinburgh Vaults Fyvie Castle Glamis Castle Holyrood Palace Mary King's Close RAF Montrose, 1917 Stirling Castle There are a number of reportedly haunted locations in Scotland. List A A fifteen-mi...

 

Bulgarian footballer In this Bulgarian name, the patronymic is Georgiev and the family name is Panov. Pavel Panov Personal informationFull name Pavel Georgiev PanovDate of birth (1950-09-16)16 September 1950Place of birth Sofia, PR BulgariaDate of death 18 February 2018(2018-02-18) (aged 67)Place of death Sofia, BulgariaPosition(s) StrikerSenior career*Years Team Apps (Gls)1963–1968 Septemvri Sofia 1968 Spartak Sofia 8 (5)1969–1981 Levski Sofia 301 (131)1981–1982 Aris 25 (0)Int...

 

1978 single by The SaintsKnow Your ProductSingle by The Saintsfrom the album Eternally Yours ReleasedFebruary 1978RecordedRoundhouse and Wessex Studios, London, May 1977GenrePunk rockLength3:14LabelEMI 11673 (Australia)Harvest 5148 (UK)Songwriter(s)Ed Kuepper and Chris BaileyProducer(s)Ed Kuepper, Chris BaileyThe Saints singles chronology This Perfect Day (1977) Know Your Product (1978) Security (1978) Know Your Product is a song written by Ed Kuepper and Chris Bailey of Australian rock band ...

Spanish Armed Forces Intelligence CenterCentro de Inteligencia de las Fuerzas ArmadasCoat of Arms of the CIFASActive2004–presentCountry SpainBranch Defence StaffTypeMilitary intelligence agencySizeClassifiedGarrison/HQRetamares Base, MadridWebsiteOfficial websiteCommandersCurrentcommanderDG Francisco Rosaleny Pardo de SantayanaMilitary unit The Armed Forces Intelligence Center (Spanish: Centro de Inteligencia de las Fuerzas Armadas, CIFAS) is a Spanish intelligence agency dependent of ...

 

Extinct genus of dinosaurs RukwatitanTemporal range: Middle Cretaceous, 100 Ma PreꞒ Ꞓ O S D C P T J K Pg N ↓ Holotype humerus in anterior view with scale bar Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Chordata Clade: Dinosauria Clade: Saurischia Clade: †Sauropodomorpha Clade: †Sauropoda Clade: †Macronaria Clade: †Titanosauria Clade: †Lithostrotia Genus: †RukwatitanGorscak et al., 2014 Type species †Rukwatitan bisepultusGorscak et al., 20...

 

La Schweizer Hitparade è la classifica musicale ufficiale settimanale della Svizzera. Regolata dalla sezione elvetica dell'IFPI e compilata dalla GfK Entertainment, la Hitparade svizzera si articola in varie classifiche, le cui principali sono la Singles Top 100 e la Alben Top 100. Le classifiche considerano il successo di brani, album e DVD musicali in tutte e quattro le aree linguistiche della Confederazione, tuttavia per la Svizzera romanda esistono una classifica singoli e una classifica...

Title character of The Legend of Korra animated television series For the television series she appears in, see The Legend of Korra. For other uses, see Korra (disambiguation). Fictional character KorraThe Legend of Korra characterAvatar in The Legend of Korra, the immediate reincarnation of Avatar Aang.First appearanceWelcome to Republic City (2012)Created byMichael Dante DiMartinoBryan KonietzkoDesigned byMichael Dante DiMartinoBryan KonietzkoVoiced byJanet Varney (2012-2022)Cora Baker (you...

 

Map of the Swedish regions by Human Development Index in 2017. Legend:   > 0.930   0.930 - 0.920   0.920 - 0.910   0.910 - 0.906   < 0.906 This is a list of NUTS2 statistical regions of Sweden by Human Development Index as of 2021.[1] Rank Region HDI (2021) Very high human development 1 Stockholm 0.972 –  Sweden (average) 0.947 2 West Sweden 0.942 3 Upper Norrland 0.940 4 South Sweden 0.939 5 East Middle Sweden 0.936 Smål...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!