Тайынша — Қазақстандағы қала (1960 жылдан). Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының әкімшілік орталығы (1932 жылдан), темір жол торабы.
Географиялық орны
Облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде, Шағалалы өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 13233 адам (6433 ер адам және 6800 әйел адам) болса, 2009 жылы 12418 адамды (5915 ер адам және 6503 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
1997 жылға дейін Красноармейск қаласы деп аталды және бұрынғы Көкшетау облысы Красноармейск ауданының әкімшілік орталығы болды. 1996 жылға дейін Тайыншада жөндеу-механикалық, сүт-нан зауыттары, құрылыс материалдары мен құрылымдық комбинат, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жиһаз фабрикасы, т.б. болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олардың барлығы жекешелендіріліп, АҚ-тар мен ЖШС-терге біріктірілді. 2006 жылы биоэтанол өндіретін кешен «Биохим» ашылған.
Инфрақұрылымы
Тайыншада жалпы білім беретін 5 мектеп, кәсіптік-техникалық лицей, кинотеатр, мәдениет үйі, аудандық аурухана, туберкулез ауруханасы, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нышандар жұмыс істейді.
Тайынша арқылы Көкшетау – Петропавл темір жолы өтеді.
Дереккөздер
|
---|
| | | Республикалық маңызы бар қалалар | | |
---|
| Облыс орталықтары | |
---|
| Облыстық маңызы бар қалалар | |
---|
| Аудандық маңызы бар қалалар | |
---|
|