Риддер

Қала
Риддер
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Әкімі

Думан Есдәулетұлы Рахметқалиев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°21′ с. е. 83°31′ ш. б. / 50.350° с. е. 83.517° ш. б. / 50.350; 83.517 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°21′ с. е. 83°31′ ш. б. / 50.350° с. е. 83.517° ш. б. / 50.350; 83.517 (G) (O) (Я)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

45 510[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (80,22 %)
қазақтар (16,35 %)
немістер (0,97 %)
татарлар (0,88 %)
басқалары (1,58 %)
(2022 ж.)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

16

Риддер қаласының әкімдігі
 (қаз.) (орыс.)

Риддер картада
Риддер
Риддер

РиддерШығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала (1932 жылдан), темір жол станциясы, Риддер қалалық әкімдігі орталығы. Іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 19412002 жылы Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген.

Халқы

XX ғасырдың басында кенттегі халық саны 4 мың адам болды, ең көп шоғырланған кезең 70-ші жылдары- 72 мыңнаң артып түсті. Бүгінде қалада 61,5 мың адам тұрады. Қазіргі Риддер қаласының аумағы 77,52 км² құрайды. Тұрғыны 51,9 мың адам (2004).

Әкімшілік аумағына 9 елді мекен және бір кенттік аймақ кіреді.

2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша халқының саны (2009, 2021)[3]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
50500 45859 90,8 23308 21116 90,6 27192 24743 91

Риддер қаласының әкімшілік аумағы кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Лениногор «шұңқырында», таулы орманды дала өңірінде орналасқан. Лениногор ойпаты оңтүстік шығыста «Иванов белдеуі» жотасымен, оңтүстікте-«Проходной белдеуі» беткейлерімен, батыста және оңтүстік-батыста «Синюхин белдеуі» беткейлерімен шектелген.

Геология

Облыс орталығы — Өскемен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 101 км жерде, Үлбі және Иванов жоталарының аралығында, Үлбі өзенінің жағасында, теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан.

Гидрология

Негізгі өзендері Тихая, Филипповка, Быструха, Громотуха, Журавлиха, Шаравка, басқа да өзендер таудан ағатындықтан ағыны қатты, жағалаулары тасты болып келеді. Өлкеде суық родон суы көздерінің бар екендігі анықталды, емдік мақсатта пайдалануға болады. Риддерде кен өндіру және түсті металдар өнеркәсібінің салалары дамыған.

Экономика

Риддерді қоршаған тамаша табиғат туристік саланы дамытуға, оған тек қана қала тұрғындары емес, облыс, республика, алыс және жақын шет елдердегі туристік ұйымдарды қатыстыруға алғы шарттар толығымен бар. Қала аймағында бірнеше туристік және спорттық базалар орналасқан.

Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары, құрылыс фирмалары, тамақ және күту саласындағы кәсіпорындар табысты қызмет атқаруда.

Риддер қаласы Өскемен агломерат құрамына кіреді, түрлі түсті металдардың кен орындарымен, су және орман, құрылыс материалдарын өндіру қорларымен қамтамасыз етілген. Түрлі түсті металдар кен орындарының ішінде алтын араласқан қорғасын-мырыш кендері, күміс, кадмий, сүрме, күшәлә, қалайы, темір, күкірт және басқа элементтер басым. Құрылыс материалдарының ішінде кірпіш шикізаттары, түйіршек-құмқоспалары және құмдар мол. Лениногор «шұңқыры» таулы, орманды дала ландшафт өңіріне жатады: қоңыр-қылқанды тайга, аралас ормандар, бұталар және әртүрлі шөп түрлері көп. Риддер қаласы маңайының басым бөлігін шыршалы орман алып жатыр. Жер бедері таулы болғандықтан шаруашылық мақсатында кеңінен пайдалануға қиындық келтіреді.

Мұнда қорғасын, күміс, алтын өндіретін және түгелімен қол еңбегіне негізделген бірнеше ұсақ кеніштер мен қуаты шамалы балқыту зауытыты жұмыс істеді. Кеңес үкіметі және 2-дүниежүзілік соғысы жылдары жаңа техникамен жабдықталған қуатты кеніштер мен байыту және балқыту зауыттары салынды. Риддер Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі. Қалада “Қазмырыш” АҚ-на қарайтын қорғасын, мырыш және сирек металдар өндіретін кеніштер (Сокольный, Быструшин, Андреев, Тишинский), екі байыту комбинаты, балқыту зауыты жұмыс істейді. Басқа өнеркәсіп салаларынан Риддерде “АЭС ТЭЦ” ЖШС-і, “Нан комбинаты”, “Напитки”, “Сұлулық”, “Шем-Азат” және “Арман” АІ-тарына қарасты құрылыс материалдары мен ағаш өндіру және өңдеу комб-тары бар.

Әлеуметтік

Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінен Риддерде агр.-тех. колледж, екі кәсіптік-тех. мектеп, жалпы білім беретін 19 мектеп, музыкалық мектеп, балалар бақшасы, кітапханалар, демалыс саябағы, Мәдениет сарайы, Инженерлер үйі, стадион, қалалық клиникалық аурухана, полиметалл комбинатының ауруханасы мен емханасы, тубдиспансер, балалар ауруханасы, т.б. бар. Дәрілік өсімдіктерді жинау және оларға селекция жүргізумен айналысатын 1935 жылы құрылған КСРО ҒА Шығыс бөлімшесінің Алтай ботаник. бағы жұмыс істейді.

Қала арқылы Түрксіб темір жолының Локоть — Риддер темір жолы тармағы өтеді.[4]

Дереккөздер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!