Түркістан (қала)

Қала
Түркістан
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыстық маңызы бар қала

Облысы

Түркістан облысы

Әкімі

Әзімбек Пазылбекұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°18′00″ с. е. 68°14′37″ ш. б. / 43.30000° с. е. 68.24361° ш. б. / 43.30000; 68.24361 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°18′00″ с. е. 68°14′37″ ш. б. / 43.30000° с. е. 68.24361° ш. б. / 43.30000; 68.24361 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

500 жыл

Бұрынғы атаулары

Йасы, Шауғар

Қала статусы

500

Жер аумағы

7,4 мың[1] км²

Климаты

қатаң континетті

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

220 133[2] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар − 69,48%
өзбектер − 27,8%
түріктер − 0,99%
орыстар − 0,77%
басқа ұлттар − 0,96% (2022 ж.)[3]

Этнохороним

түркістандықтар

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 72533

Пошта индексі

161200-161205[4]

Автомобиль коды

13

Түркістан қаласының әкімдігі  (қаз.)

Түркістан картада
Түркістан
Түркістан

ТүркістанҚазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. [5]. Қазақстанның ең көне қалаларының бірі, іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған.

Сипаттама

Түркістан қаласы Шымкент қаласынан 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Қаланың шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі. Әкімшілік аумағы 9,4 мың шаршы шақырымға жетеді.

Халқы

2008 жылдың 1 қаңтарына қала халқының саны 198 813 адамды құрады, құрамына 12 ауылдық әкімшілік және 5 мөлтек аудан кіреді. Қалада 46 ұлттың өкілі тұрады.

2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы(2009, 2021)[6]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
142899 207605 145,3 70139 103614 147,7 72760 103991 142,9

Тарихы

Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе¬гінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиетгі Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын ор елге аттандыратын орын болды". 15—17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабига Сұлтан Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Ясы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары каланы құлдыратып жіберді. 1819—64 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6—9 каңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі етті. Съез¬де Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр¬мыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар.

  • 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды.
  • ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000).
  • Абай «Жиырма жеті жасында...» деген өлеңінде сүйікті ұлы Әбдірахманның ғылым іздеп, білімін жетілдіру барысында Түркістан өлкесімен таныс болғандығы жөнінде айтады.[7][8]

Қала туралы

Түркістан, 1879 ж

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.

Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..

ХІҮ ғасырда, яғни А.Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.

ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.

Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.

Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.

Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.

ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.

Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының ұлдары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырларының құлыптастарының А.Ясауи сағанасында орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?!

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Түркістан

Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене. Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі кесене тұрған орнында мұсылманның атақты әулиелерінің бірі, дәруіштер шайқасы – Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдың өзінде-ақ шағын кесене орнатылғаны белгілі. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Ахмет Ясауи кесенесінің қасиетті орын ретінде атағының жайылуына ХІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында моңғол шапқыншылығынан қатты күйреген Түркістан қаласының қайта гүлдене бастауы ерекше ықпал етті. Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы Сарай Беркені өртеп жіберген Темір осы жеңістің құрметіне ескі мазар орнына жаңа, зор кешен орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның жалпы жасампаздықты мұрат еткенін, беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге қажет еді. Құрылысты жүргізуді Темір Мәулен Садырға жүктеді. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауға Темір тікелей қатысып, негізгі бөлмелерді өзі анықтаған көрінеді. 1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Республикалық музей “Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейі” болып қайта құрылды. Қорықтың жалпы ауданы 88,7 гектар. Оған бірнеше ортағасырлық ескерткіштер кіреді:

  • Қазақ хандарының зираттары (Есім, Тәуке хандар);
  • Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары;
  • Ортағасырлық “Шығыс моншасы”;
  • Жер асты мешіті (Аңызға қарағанда, Ахмет 63 жасқа келген соң, Мұхаммедтен артық өмір сүру күнә деп, өмірінің қалған жылдарын осы жер астында өткізген көрінеді. Осында отырып бүкіл мұсылман әлеміне белгілі “Хикметтерін” жазады);

Шілдехана, белгісіз кесене, Гауһар ана, Әлқожа ата кесенелері, т.б. ескерткіштер. Сәулет-ғимарат – аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5м, ұзындығы 65м. Орталық бөлмесінің төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.Темірдің кезінде барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана барды. Оның құрылысын Бұқарды билеген Абдолла хан аяқтайды. (1583-1598). Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталдар қам кесекпен қоршалып, кесене қамалға айналдырылған. Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеңіне сәйкес кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған. Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқының негізін құраған көне түркі тайпаларының тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде өте құнды дерек болып табылады.

Білім беру жүйесі

Түркістан қаласында 2020 жылға 39 күндізгі мектеп, 5 мектептен тыс мекеме, 108 балабақша жұмыс атқарды.

1. 39 мектептің ішінде:

  • жалпы орта мектеп - 25;
  • мектеп-лицей - 1;
  • мектеп-гимназия - 5;
  • аймақтық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты - 1;
  • бастауыш мектеп-балабақша кешені - 1;
  • жекеменшік мектеп – 6.

2. Мектептен тыс мекемелер:

  • «Балалар мен жасөспірімдер орталығы»;
  • «Саз мектебі»;
  • «Өнер мектебі»;
  • «Жас туристер станциясы»;
  • «Қолөнер мектебі»

3. 108 балабақшаның ішінде:

  • мемлекеттік балабақша – 21;
  • жекеменшік балабақша – 87.[9]

Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ- Түрік университеті бар. Онда 22 мыңнан аса студенттер білім алады. Алматы, Тараз, Шымкент , Кентау және Анкара қалаларында филиалдары бар. Университетте 26 елден 500-ден астам студент білім алады. Оның ішінде: Түркия, Кипр, Қырғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха Республикасы, Моңғолия, Қытай және т.б. елдерден. Университетте 14 факультет, 63 кафедрада 74 мамандық бойынша білім беріледі. 92 ғылым докторы, 220 кандидат, 600-ден астам ұстаз білім береді. 1997 жылдан жылдан бастап Түркістан қаласы мен Анкара қаласын байланыстыратын спутниктік жүйе жұмыс істейді.

Географиясы

Климаты

Түркістан ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Абсолюттық максимум, °C 18,4 26,4 30,4 35,9 39,4 44,7 49,1 45,4 40,4 34,6 27,4 21,6
Орташа максимум, °C 1,8 4,9 13,5 22,0 28,7 34,4 36,4 35,1 29,0 20,2 11,0 3,3
Орташа температура, °C −2,8 −0,2 7,3 15,0 21,2 26,3 28,2 26,7 20,3 12,2 5,2 −1,3
Орташа минимум, °C −7,3 −5,3 1,0 8,0 13,7 18,2 20,0 18,2 11,6 4,2 −0,6 −5,9
Абсолюттық минимум, °C −28 −31 −18,5 −8,2 −4,3 3,1 9,8 4,7 −1,7 −14,3 −19,6 −28,5
Жауын-шашын нормасы, мм 22,0 24,5 27,3 23,7 23,9 5,7 4,3 1,7 2,6 10,0 27,5 28,6
Дерекнама: Түркістан ауа райы мен климаты

Қала суреттері

Дереккөздер

  1. Түркістан қаласы бойынша қысқаша негізгі мәлімет. Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің ресми сайты (19 қыркүйек 2013). Тексерілді, 22 тамыз 2014.
  2. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  3. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
  4. http://kazindex.ru/16/13.html
  5. Қазақ Энциклопедиясы
  6. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  7. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  8. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  9. Түркістан қаласы әкімінің аппараты https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/activities/3255?lang=kk

Тағы қараңыз

Үлгі:Түркістан қалалық әкімдігі елді мекендері


Read other articles:

Nepalese activist and writer Jagdish Ghimireजगदीश घिमिरेBorn(1946-04-10)10 April 1946Manthali, Ramechhap District, NepalDied31 October 2013(2013-10-31) (aged 67)[1]Om Hospital, Kathmandu, NepalCitizenshipNepaliOccupation(s)Social activist, writer, political analystSpouseDurga GhimireChildrenHimal Ghimire June GhimireParentIndra Prasad Padma Kumari Jagdish Ghimire (10 April 1946 – 31 October 2013) was a Nepalese writer, political analyst and development wor...

 

Komjen. Pol. (Purn.) Drs.Arif WachyunadiSekretaris Utama Lembaga Ketahanan NasionalMasa jabatan1 September 2016 – 8 Maret 2018PendahuluKomjen. Pol. Suhardi AliusPenggantiIrjen. Pol. Mochamad IriawanAsisten Perencanaan dan Anggaran KapolriMasa jabatan6 Juni 2015 – 1 September 2016PendahuluIrjen. Pol. Tito KarnavianPenggantiBrigjen. Pol. Bambang SunarwibowoAsisten Operasi KapolriMasa jabatan16 September 2013 – 6 Juni 2015PendahuluIrjen. Pol. Badrodin HaitiPengga...

 

Prinz Adolf zu Schaumburg-Lippe Adolf zu Schaumburg-Lippe, vollständiger Name Adolf Wilhelm Viktor zu Schaumburg-Lippe (* 20. Juli 1859 in Bückeburg; † 9. Juli 1916 in Bonn[1]) war ein deutscher Prinz aus dem Hause Schaumburg-Lippe und preußischer General der Kavallerie. In den Jahren von 1895 bis 1897 führte er für den Fürsten Alexander zur Lippe-Detmold die Regentschaft des Fürstentums Lippe. Inhaltsverzeichnis 1 Leben 2 Titel, Orden und Ehrungen 3 Literatur 4 Weblinks 5 Ei...

Опис файлу Опис Нерозгадані. Логотип Джерело власна робота Час створення липень,2008 Автор зображення Бондаренко Володимир Ліцензія вільна Ліцензування Це логотип (емблема) організації, товару, або заходу, що перебуває під захистом авторських прав та/або є товарним знако...

 

2002 non-fiction book by Michael T. Kaufman Soros: The Life and Times of a Messianic Billionaire First edition coverAuthorMichael T. KaufmanCountryUnited StatesLanguageEnglishSubjectThe life, work, and philanthropy of George SorosGenreNonfictionPublisherRandom HousePublication date2002Media typePrint (hardback)Pages344ISBN9-780-37570549-6 Soros: The Life and Times of a Messianic Billionaire is a non-fiction book by Michael T. Kaufman released by Random House in 2002, that illuminates the...

 

Phoenix Sky Harbor International Airport Vorfeld mit Kontrollturm Phoenix Sky Harbor International Airport (Arizona) Kenndaten ICAO-Code KPHX IATA-Code PHX Koordinaten 33° 26′ 3″ N, 112° 0′ 42″ W33.434277777778-112.01158333333346Koordinaten: 33° 26′ 3″ N, 112° 0′ 42″ W Höhe über MSL 346 m  (1.135 ft) Verkehrsanbindung Entfernung vom Stadtzentrum 7 km östlich von Phoenix Straße Nahverke...

Hidden SequenceHidden Sequence logoNative nameKorean nameHangul히든시퀀스Revised RomanizationHideunsikkwonseuMcCune–ReischauerHitŭnsik'wŏnsŭ TypePrivateGenreKorean dramaFoundedDecember 2016 (2016-12)[1]FounderLee Jae-moonHeadquarters2F Yurim B/D 24, Hannam-dong 42-gil, Yongsan-gu, Seoul, South KoreaKey peopleLee Jae-moon (founder and CEO)[2]ProductsTV seriesServicesTV series productionWebsitewww.hiddens.co.kr Hidden Sequence (Korean: 히든시퀀...

 

2009 Lok Sabha elections in Uttar Pradesh Indian general election in Uttar Pradesh, 2009 ← 2004 April–May 2009 2014 → 80 seatsTurnout47.79%   First party Second party Third party   Leader Mulayam Singh Yadav Sonia Gandhi Mayawati Party SP INC BSP Alliance Fourth Front UPA Third Front Leader's seat Mainpuri Rae Bareli Not contested Seats won 23 21 20 Seat change 12 12 1 Percentage 23.26% 18.25% 27.42%   Fourth party   Leader Rajnath Si...

 

Spanish actress In this Spanish name, the first or paternal surname is Lampreave and the second or maternal family name is Pérez. Chus LampreaveBornMaría Jesús Lampreave Pérez(1930-12-11)11 December 1930Madrid, SpainDied4 April 2016(2016-04-04) (aged 85)Almería, SpainOccupationActressYears active1958–2012Notable work Volver Belle Époque María Jesús Lampreave Pérez (11 December 1930 – 4 April 2016), known professionally as Chus Lampreave, was a Spanish character ...

Socio-economic system developed by Chinese agricultural settlers in Johor Chinese workers in a gambier and pepper plantation in Singapore, circa 1900. The Kangchu system was a socio-economic system of organisation and administration developed by Chinese agricultural settlers in Johor[fn 1] during the 19th century. The settlers organised themselves into informal associations (similar to the Kongsi organisations found in other Chinese communities), and chose a leader from among themselv...

 

Defunct Czech psychosomatic care institute This article is an orphan, as no other articles link to it. Please introduce links to this page from related articles; try the Find link tool for suggestions. (December 2018) AKTIP - The Consultation and Therapeutic Institute PragueTypePublic business companyIndustryHealth careFounded2002; 21 years ago (2002)Defunct2019; 4 years ago (2019)HeadquartersPrague, Czech RepublicKey peopleJarmila Klímová (Chairman)Servi...

 

2004 promotional single by Michael JacksonCheaterPromotional single by Michael Jacksonfrom the album The Ultimate Collection LanguageEnglishB-sideOne More Chance (R. Kelly remix)[1]ReleasedSeptember 14, 2004 (U.K. only)[1]Recorded1986[1]StudioHayvenhurst Studios (Encino, Los Angeles)[1]Length5:09LabelEpicSongwriter(s)Michael JacksonGreg PhillinganesProducer(s)Michael Jackson Cheater is a song written by Michael Jackson and Greg Phillinganes[2] and was o...

Герб Квинсленда Версии Знак (бейдж) Квинсленда Детали Утверждён В 1893 году Нашлемник Два стебля сахарного тростника окружают мальтийский крест с короной Святого Эдуарда в центре Щит варяжский Щитодержатели благородный олень и австралийский журавль Девиз лат. Audax at Fidel...

 

Powdered stew originated from Ethiopia and Eritrea ShiroShiro served upon injera is a staple food of Eritrean and Ethiopian cuisineTypeStewCourse Lunch Dinner Place of origin Ethiopia Eritrea Main ingredients Chickpeas Broad beans Onions Garlic VariationsShiro fit-fitFood energy(per 100 g serving)353 kcal (1478 kJ)[1]Nutritional value(per 100 g serving)Protein22.3 gFat4.8 gCarbohydrate50 g  Media: Shiro Chickpeas being prepared for grinding ...

 

For other uses, see Come Back to Me (song). 2009 single by UtadaCome Back to MeSingle by Utadafrom the album This Is the One ReleasedJanuary 21, 2009 (2009-01-21)Recorded2008GenrePop, R&BLength3:58LabelIsland Def JamSongwriter(s)Hikaru Utada, StargateProducer(s)Stargate, Utada, Sking UUtada singles chronology Prisoner of Love (2009) Come Back to Me (2009) Dirty Desire (2009) Audio samplefilehelp Come Back to Me is a pop and R&B song by Japanese American pop singer Hikar...

Tungusic language of the Russian Far East NegidalНеғида хэсэнинNative toRussiaRegionRussian Far EastEthnicity510 Negidals (2010 census)[1]Native speakers75 (2010 census)[1](only a few fully fluent by 2007)[1]Language familyTungusic NorthernEvenki groupNegidalWriting systemCyrillicLanguage codesISO 639-3negGlottolognegi1245ELPNegidalNegidal is classified as Critically Endangered by the UNESCO Atlas of the World's Languages in Danger Negidal (also ...

 

Academic journalLighting Research & TechnologyDisciplineEngineeringLanguageEnglishPublication detailsFormer name(s)International Journal of Lighting Research and Technology, Transactions of the Illuminating Engineering SocietyHistory1969-presentPublisherSAGE PublicationsFrequencyQuarterlyImpact factor2.767 (2020)Standard abbreviationsISO 4 (alt) · Bluebook (alt1 · alt2)NLM (alt) · MathSciNet (alt )ISO 4Light. Res. Technol.IndexingCODEN (alt &...

 

Swedish architect Olof TempelmanBornOlof Samuel Tempelman(1745-02-21)February 21, 1745Källstad, Östergötland, SwedenDiedJuly 27, 1816(1816-07-27) (aged 71)Stockholm, SwedenOccupation(s)Architect, professor at the Royal Swedish Academy of Arts Olof Samuel Tempelman (February 21, 1745 in Källstad, Östergötland – July 27, 1816 in Stockholm) was a Swedish architect and, from 1779, professor at the Royal Swedish Academy of Arts. He was appointed royal architect in 1799. Early life He ...

Municipality in Rio Grande do Sul, Brazil For the district in São Paulo, see Barra Funda, São Paulo. Barra Funda is a municipality in the state of Rio Grande do Sul, Brazil. As of 2020, the estimated population was 2,551.[1] References ^ IBGE 2020 See also List of municipalities in Rio Grande do Sul vte Municipalities of Rio Grande do SulCapital: Porto AlegreMesoregion Centro Ocidental Rio-GrandenseRestinga Seca Agudo Dona Francisca Faxinal do Soturno Formigueiro Ivorá Nova Palma R...

 

Le informazioni riportate non sono consigli medici e potrebbero non essere accurate. I contenuti hanno solo fine illustrativo e non sostituiscono il parere medico: leggi le avvertenze. Profilattico da utilizzarsi prima di inserire il pene, o le dita o altro, nelle cavità dell'altrui corpo Dental dam da impiegarsi per coprire le zone erogene prima di effettuare un cunnilingus od un anilingus Profilattico femminile o Femidom, analogo alla versione maschile, da inserire minuti od ore prima del ...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!