Степногорск

Қала
Степногорск
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыстық маңызы бар қала

Облысы

Ақмола облысы

Әкімі

Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°20′49″ с. е. 71°52′54″ ш. б. / 52.34694° с. е. 71.88167° ш. б. / 52.34694; 71.88167 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°20′49″ с. е. 71°52′54″ ш. б. / 52.34694° с. е. 71.88167° ш. б. / 52.34694; 71.88167 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1959

Қала статусы

1964

Жер аумағы

158,36 км²

Климаты

қатаң-континенталды

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

49 589[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар 45,21 %
орыстар 43,72 %
украиндар 2,96 %
немістер 2,77 %
татарлар 1,87 %
белорустар 0,57 %
поляктар 0,3 %
басқалары 2,6 %[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71645

Пошта индекстері

021500

Автомобиль коды

03

Степногорск қаласының әкімдігі
 (қаз.) (орыс.)

Степногорск картада
Степногорск
Степногорск

СтепногорскАқмола облысындағы қала (1964).

Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 220 км жерде, Сарыарқаның солтүстігінде, Ақсу өзенінің оң жағалауындағы аласа белесті жазықта орналасқан.

Тұрғыны 41,6 мың адам (2005). Іргесі 1963 жылы қаланған. Қаланы сирек шоқ ормандар қоршаған. Степногорскіде химия, машина жасау, микробиология, тамақ, құрылыс материалдары кәсіпорындары, энергетика саласы жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындары: кен-химия комбинаты, жөндеу-механика зауыты, “Прогресс” АҚ, “Степногорск подшипник зауыты” АҚ, үй-құрылыс комбинаты, темір-бетон бұйымдар зауыты, сүт-консерві, тамақ комбинаттары, “Биомедпрепарат” ғылыми-өндірістік комбинаты, т.б. Қалада 9 байланыс бөлімі, телефон станциясы, 7 аурухана, 9 емхана, 7 дәріхана, қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген 1000 орындық аурухана кешені жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі 38 балалар мекемесі, жалпы білім беретін 13 мектеп, өнеркәсіптік гимназия, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, оқу комбинаты, аймақтық колледж, балалар мен жастардың шығармашылық үйі, жас техниктер станциялары, мәдениет сарайы, 9 клуб, 12 кітапхана, Мәдениет және демалыс саябағы, 2 кинотеатр, 2 спорт кешені, стадион, 4 шаңғы базасы, т.б. бар. Степногорскінің солтүстік-батысынан (8 км жерден) Ерейментау – Заозерный т. ж. мен Ерейментау – Макинск автомобиль жолы, қала арқылы Ақкөл – Ертіс автомобиль жолы өтеді.[3]

Тарихы

Ақсу өзенінің даласына адамның келген тарихы 5-6 мың жыл бұрын басталды. Степногорск қаласы маңында алты километр аумағында Ə.Х.Марғұлан атындағы археология институты мен Степногорск өлкетану мұражайының бірлескен экспедициясымен тас дәуірінің екі қонысы (олардың жасы 5-6 мың жыл бұрын), қола дәуірінің төрт қорымы мен қонысы табылды.

Зерттеулер қазіргі қазақтардың ата-бабасы болып саналатын Ақсу өзенінің сол жағалауында (қазіргі Степногорск қаласынан батыс бағытында) тұрған түрк халқының тарихы бойынша мол ақпаратты берді.

КСРО Министрлер Кеңесі 1956 жылдың 4 мамырында уран кен орындар базасында Тың тау-кен-химиялық комбинатын құру туралы қаулы қабылдады. КСРО орташа машинақұрылысы Министрлігінің бұйрығымен сол жылдың 17 мамырында құрылып жатқан комбинаттың дирекциясы ұйымдастырылды. Тұрғын кентінің, болашақ Степногорсктың, құрылысына орын Ақсу кенішінің (бұрыңғы атауы – Сталинский) қосалқы шаруашылығы жаңында таңдалды.

Қаланы жобалау жұмыстары 1960 жылы «Горстройпроект» Мәскеулік институты бастады, олар 16 мың тұрғынға тұрғын кенті бас жобасының сызбанұсқасын әзірледі. Тың тау-кен-химиялық комбинаты қорғаныс кешенінің объектісі болғанына байланысты қала құпияланған болды – құжаттар бойынша ол Целиноград-25 атанды. Қаланың қарқынды тұрғызуы 1961 жылы басталды. 315,6 мың шаршы метр ауданымен тұрғын үйлер, балабақша, мектеп, кафе, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кинотеатр және басқалар салынды.

1964 жылдың 6 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жарғысымен Целиноград өлкенің Жолымбет өнеркәсіптік ауданының Соцгородок елді мекені Степногорск атауы беріліп өлкелік бағыну қалалар категориясына жатқызылды.

1964 жылдың 3 маусымында Тың өлкесі атқарушы комитетінің оның құрамына Құрылысшылар, Гидрострой кенттері, Ақсу және «0,5» темір жол станциялар еңгізілді. Степногороск қалалық кеңесі мен оның атқарушы комитетінің тікелей әкімшілік-аумақтық бағынуында Тың тау-кен-химиялық комбинаты кәсіпорындарының кенттері болды. Олардың өсуі, тұрғындардың саны көбеюіне байланысты бұл кенттер қалалық үлгідегі кенттер болып өзгертілді.

1965 жылдың 5 сәуірінде Ақмола облысы Балқашин ауданының Шаңтөбе кенті қалалық үлгідегі кенті мәртебесін алды. 1968 жылдың 31 қазанында Степногорск қаласының Құрылысшылар кенті Заводской атауы беріліп қалалық үлгідегі кенттер категориясына жатқызылды. 1970 жылғы 1 тамызындағы Целиноград облыстық атқарушы комитетінің шешіміне сәйкес Целиноград облысы Алексеевка ауданының Қарабұлақ ауылдық кеңесінің Ескі Қарабұлақ кенті Степногорск қалалық кеңесі бағынуына тапсырылды.

Қала панорамасы

1997 жылғы 11 наурызындағы Ақмола облысы әкімінің шешімімен Ақсу және Бестөбе кенттері Степногорск қаласының шекарасына еңгізілді. Сол жылдың 14 шілдесінде Ақмола облысы әкімі шешімімен Торғай облысының таратуына байланысты Шаңтөбе кенті Степногорск қаласының әкімшілік бағынуына тапсырылды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында 1998 жылдың 8 желтоқсанында Ақмола облысы әкімінің шешімімен Қарабұлақ, Көксал және Первомайское ауылдар базасында Қарабұлақ ауылдық округі құрылып Степногорск қаласы әкімінің әкімшілік-аумақтық бағынуына тапсырылды.

Халық саны жəне жер аумағы

Халық саны

Саны (2009, 2021)[4]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
46712 48894 104,7 21349 23168 108,5 25363 25726 101,4

Жер аумағы

Қаладағы Лунный даңғылы

Жердің жалпы ауданы (Заводской, Ақсу, Бестөбе кенттері, Қарабұлақ ауылын есептей отырғанда) - 152,233 га, оның ішінде: ауыл шаруашылық жерлер - 129,238 га, олардың ішінде: егістік - 2,786 га; көп жылдық көшеттер - 333 га; кендер - 13,899 га; шабындық - 234 га; мал жайылымы - 111,086 га; бақшалар - 900 га; құрылыстар астында - 3,684 га; өзге жерлер - 6,510 га. Шаңтөбе кенті Ақмола облысы Сандықтау ауданының жерлерінде орналасқан.

Степногорск қаласының ауданы - 15,836 га, оның ішінде өнеркәсіптік аумағының ауданы - 8,690 га. Өнеркәсіптік алаң қаладан 4 км-ден 24 км-ге дейін солтүстік-шығыс бағытына алыстанған.

Географиясы

Қала көрінісі

Степногорск қаласы Қазақ ұсақ шоқысы орманды дала жазығында Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласынан 180 км қашықтықта орналасқан.

Қаладағы саябақ

Жердің бедері өзімен теңіз деңгейінен 280-350 м биіктікте Солтүстік Қазақстан үшін типтілік аласа белесті жазығы болып саналады. Климаты қатаң-континенталды, температуралар жылдық амплитудасы Цельсий бойынша 70 градусқа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 250-300 мм.

Қала шеті

Аумақтың минералды-шикізат базасы ірі алтын, қалайы, вольфрам және уран кен орындарымен, сонымен қоса кен шығатын орындардың үлкен тобымен – техникалық алмастар, ұсақ қабыршақты мусковит, вермикулит, апатит, каолин, фосфор-глауконит шикізаты, қаптауыш граниттың әктастарымен ұсынылған.

Экономикасы

Өнеркәсіп

2013 жылдың қаңтар-шілде айларында Степногорск қаласының кәсіпорындарымен 54,4 млрд. теңге соммасында немесе өткен жылдың 98,2% деңгейінен тауарлық өнімдер өндірілді, нақты көлемнің индексі – 91,1 %.

Қаланың негізгі кәсіпорындарының тұрғысында:

«СПЗ» АҚ– тауарлық өнім көлемі – 11,2 млрд, теңге құрды.

Ресейлік вагон жасайтын заводтардың тапсырыстарының азаюының есебінен, өткен жылдың деңгейінен көлемнің төмендеуі 4,5 млрд теңге құрды. 18,4 мың тонна подшипниктар шығарылды, сфералық нақтылығы – 489,7 тонна. Сфералық подшипниктардың 48 түрі жөнге шығарылды. Сфералық подшипниктардың 30 жаңа түрін игеру бойынша кәсіпорын жұмыс жүргізіп жатыр, қазіргі уақытта мәскеулік жабдықтарды құрастыру дайындалуда. Халық аралық сертификатты алумен, IRIS теміржол стандартына ауыстыруды ұйымдастыру жүргізіліп жатыр.

«СТХК» ЖШС – 3,7 млрд. теңге соммасында немесе өткен жылдың дейгейінен 56,4% тауарлық өнімдер шығарылды. Дүние жүзілік нарықтағы уранның бағасы түсуіне, сонымен қатар кеніште металлдың құрамының түсуіне байланысты, полиметаллдың шығарылымы 2043,8 тонна немесе өткен жылдың дейгейінен 83,6% құрды. ГМЗ қуаттылықтарында 12 тонна көлемінде құрамында алтын бар кеніштердің тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасы өңделді.

«Қазақалтын» ТМК АҚ – 10,0 млрд. теңге соммасында тауарлық өнім шығарылды немесе өткен жылдың деңгейінен 118,7%.

«Арыстан» СҚЗ» ЖШС – 13,3 мың тонна құбырлар өндірілді, соның ішінде, өткен жылдың деңгейінен 138,5% құрған, жалпы көлемі 8,3 млрд. теңге соммасына, 1657 тонна – «корсис» кеңірдектенген құбырлар.

«Степногорск ТЭЦ» ЖШС – энерго ресурстар өндірісі 4,4 млрд. теңге құрды, 502,7 млн квт.с. электрқуат өндірілді, немесе өткен жылдың деңгейінен 97,5 %, жылу энергиясы - 614 мың Гкал немесе 2012 жылдың кезеңіне ұқсас 95,6 %.

«Биокорм» ЖШС –тауарлық өнім өндірісі 1,3 млн. теңге немесе 2012 жылдың деңгейінен 153,4%. 5102,9 мың л. Спирт және 699,6 тонна көмір қышқылдары өндірілді.

«Целингормаш» ЖШС және «ТЖЗ» ЖШС тауарлық өнім өнідірісі өткен жылдың деңгейінен 88,2 % және 44,9% сәйкес құрды.

ҚИИД МБ іске асыру

«Қазатомөнеркәсіп КҚЗ» ЖШС «Жылына 180 мың тонна өндірістік қуаттылығымен күкірт қышқылды шығаратын кукірт қышқылды зауытын қайта құру» инвестициялық жобаны іске асырады. Жалпы құрылыс жұмыстары және құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, құбырларды және газөткізгіштерді құрастыру өткізіліп жатыр. Жобаны іске асырудың басында 8,1 млрд. теңге немесе 78 % инвестициялар игерілді.

«Арыстан» Степногорск құбырлы зауыты» ЖШС :

  • «Газ және су пластикалық құбылар өндірісі» құны – 2956 млн. теңге, жобалық қуаттылығы – 20 000 тонна (жоба іске асырылды);
  • «Корсис» қысымсыз құбырлары үшін екі қабатты кескінді қабырғамен полиэтиленнен құбырдың өндірісін ұйымдастыру және тегіс құбылардың өндірісін кеңейту» Жобалық қуаттылығы жылына 10 450 тонна, жобаның құны 624 млн. теңге (жоба іске асырып жатыр).

«Астана-Нан» ЖШС «Astana-Nan Chemicals» филиалы «Өсімдіктерді химиядан қорғану құралдар өндірісі» инвестициялық жобаны жүзеге асырады. 2013 жылдың 9 айдың ішінде тауарлық өнімнің көлемі 6,0 млрд. теңге немесе өткен жылдың деңгейінен 84 % құрды.

«Қазақстан Жылыжай Технологиялары» ЖШС «3,5 га жылыжай комплексі» инвестициялық жобаны жүзеге асырды, жобаның құны 1049 млн. теңге. Бірінші тоқсанда жобалық қуаттылығына қол жеткізілді және 122, 9% құрды. 2013 жылдың 01.08 – 1205,8 тонна қияр, 15,3 тонна көкөніс жиналды.

«Sareco» СК» ЖШС «Жылына 1540 тонна қуаттылығымен сирек жерлерде кездесетін металлдарды жеке біріктіру және ұжымдық концентраттардың тәжірибелі-өнеркәсіптік өндірісті құру» инвестициялық жобаны іске асырады, құны – 4,4 млрд. теңге. Тамыз-қыркүйек айларында өнім шығару 37,2 млн. теңге соммасына 29,6 тонна құрады.

Индустриаландыру картасын көкейтесті ету мақсатында «Ak Su Steel» ЖШС «Тиектеулі арматураны шығару бойынша заводтың құрылысы» жобасы АҮК қарастыру үшін жолданды.

Спорт

Қалада 68 513 адам халық тұрады, 10 600 адам жүйелі дене шынықтыру және спортпен айналысады, бұл қала тұрғындары санынан 16,0 % құрайды, қалада келесі спорттық мекемелер бар:

  • "Батыр" БЖК
  • БЖСМ
  • СДБОМИ
  • ОШИОСД

Мəдениет

Қала мен оған қарасты елді мекендердегі мәдениет мекемелері құрылымында 7 мемлекеттік кәсіпорын: Степногорск қаласындағы – «Горняк» ОМС, «Мирас» МҮ, «Достық және шығармашылық үйі»,Ақсу п. МҮ, Шаңтөбе п. МҮ, Бестөбе п. «Рауан» МҮ, Изобильное а. Клубы;

Мемлекеттік мекеме: 12 кітапхананы; соның ішінде 2-қалалық, 6- ауылдық, 4- поселкелік.барлығы 19 нысанды қамтитын.

Қала аумағында облыстық бюджеттен қаржыландырылған 1 тарихи-өлкетану мұражай жұмыс істейді.

Мәдениет мекемелері өңірдегі барлық елді мекендерде бар.

Достық және шығармашылық үйінде 5 мәдени қоғамдық бірлестік жұмыс істейді:

Мәдениет Үйі жоқ кенттерге шығу мәдени әдісі жүзеге асырылады. Бұл- атаулы және мемлекеттік мерекелерге арналған концерттер және іс шаралар.

Тарихи-мәдени ескерткіштерінің жалпы саны-10

  • ШондынкорасыII- Ақсу өзенінің жағалауында 5 км. Степногорск қ.батысында
  • ШондынкорасыI – Шандыкорасы аймағында орналасқан, Ақсу өзенінің жағалауында 6 км. Степногорск қ.солтүстік- батысында.
  • Тас дәуірінің тұрағы- Ақсу өзенінің он жағалауында, 5 км, Степногорск қ.солтүстік- батысында.
  • Қола дәуірі- Ақсу өзенінің он жағалауында, 5 км.Степногорск қ. солтүстік- батысында
  • Тас дәуірінің Курган тобы- Степногорск қ тас карьеріне апаратын жолында. Ақсу өзенінің сол жазықтығында орналасқан.
  • Қола дәуірінің обасы- Степногорск қ 2 км солтүстігінде, Ақсу өзеніңің сол жағында орналасқан.
  • Орта дәуір обасы- Степногорск қ 3 км солтүстігінде, сүт өндіру зауытына қарсы орналасқан.
  • Қорған тобы-200-300м қола дәуірінің шығыс жағында орналасқан.

Сонымен қатар тарихи-мәдени тізіміне:

  • 4 тарихи ескерткіш: Ақсу және Бестөбе ҰОС жылдарында қайтыс болған жауынгерлер ескерткіші, Нұрмағамбет Сағынаев кесенесі, мемориалдық тақта Славский Е.П-ге енгізілген.
  • 6 сәулет ескерткіші - («Дала аңызы», «Юность», ҰОС жылдарында қайтыс болған жауынгерлерге Жеңіс монументі, №6 мектеп-гимназия алаңында Абай ескерткіші, ауған-жауынгерлеріне монумент.)

Транспорты

Қалаға беттейтін автомобиль жолы

Степногорск қаласы Астана, Көкшетау, Павлодар қалаларымен автомобиль жолдары арқылы байланысқан. Қаладан 200 км шақырымда мемлекеттік маңызы бар М-36 Алматы-Екатеринбург магистральды жол өтеді. Қаланың қала ішіндегі жолдар, қаланы кенттер мен өнеркәсіптік аумағымен байланыстыратын жолдары бар. Қатты жапбындысы бар қалалық жолдардың жалпы ұзындығы - 48,5 км.

Қала станциясындағы ЭР22-50 жəне ЭР22-64 электропоездері

Степногорск қаласынан 12 км қашықтықта Тың темір жолдың Ақсу теміржол станциясы, Ерейментау (тораптық) станциясы мен Айсары (тұйық) станциясымен шектелген 220 км ұзындығымен тұйық жолдың 123-ші километрінде орналасқан, ол арқылы Астана мен Павлодар арасындағы темір жол байланысы жүзеге асырылады. Ерейментау станциясы: Барнаул, Павлодар, Астана, Петропавл, Челябинск, Қарағанды, Алматы магистральды бағытында орналасқан.

Қала кәсіпорындарының қажеттілігі үшін жүк және жолаушылар тасымалдауы «СТКХК» ЖШС теміржол тасымалдау басқармасымен жүзеге асырылады. Ақсу станциясы мен "Промышленная" тірек станцияның ара қашықтығы - 6 км. Кірме жолдардың жалпы ұзындығы - 136,5 км, оның ішінде: бас жолдың - 43,2 км, станциялық - 29,3 км, тараулар, тұйықтар - 64 км. Теміржол тасымалдауын қуатпен қамтамасыз етуін 10 кВ бойлай электр жабдықтау желісі бойынша жүзеге асырылады.

Әкімшілік бөлінісуі

Дереккөздер


Read other articles:

The Public Defender O Fidalgo Ladrão (PRT)O Defensor Público (BRA)  Estados Unidos1931 •  p&b •  69 min  Gênero drama policial Direção J. Walter Ruben Produção William LeBaronLouis Sarecky Elenco Richard DixShirley GreyPurnell PrattRuth Weston Distribuição RKO Idioma inglês De ascendência sueca, Shirley Grey deixou o cinema em 1935. The Public Defender foi seu primeiro longa-metragem. The Public Defender (Brasil: O Defensor Público / Portugal:...

 

У Вікіпедії є статті про інших людей із прізвищем Джокич. Ана ДжокичАна Ђокић Загальна інформаціяНаціональність чорногоркаГромадянство  ЧорногоріяНародження 9 лютого 1979(1979-02-09) (44 роки)Аранджеловацd, Шумадія і Поморав'яd, СР Сербія, СФРЮЗріст 165 смВага 60 кгСпортКраїна Чо

 

1987 political slogan from Mikhail Gorbachev This article relies largely or entirely on a single source. Relevant discussion may be found on the talk page. Please help improve this article by introducing citations to additional sources.Find sources: Demokratizatsiya Soviet Union – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (October 2009) Politics of the Soviet Union   Leadership Leaders President list Vice President Collective leadership Sta...

Діброва(пам'ятка природи) 48°16′03″ пн. ш. 25°55′06″ сх. д. / 48.267528000027773771° пн. ш. 25.918486000027780136° сх. д. / 48.267528000027773771; 25.918486000027780136Координати: 48°16′03″ пн. ш. 25°55′06″ сх. д. / 48.267528000027773771° пн. ш. 25.918486000027780136° сх. д. / 48.267528000...

 

Hans-Rudolf MerzPresiden Konfederasi Swiss Ke-161Masa jabatan1 Januari 2009 – 31 Desember 2009Wakil PresidenDoris LeuthardPendahuluPascal CouchepinPenggantiDoris LeuthardAnggota Dewan Federal SwissMasa jabatan1 Januari 2004 – SekarangPendahuluKaspar VilligerPenggantiSedang MenjabatMenteri Keuangan SwissMasa jabatan1 Januari 2004 – SekarangPresidenPascal CouchepinPendahuluKaspar VilligerPenggantiSedang Menjabat Informasi pribadiLahir10 November 1942 (umur ...

 

American professional esports organization ‹ The template below (Infobox sports team) is being considered for merging. See templates for discussion to help reach a consensus. › OpTic GamingShort nameOpTicGamesCall of DutyHaloApex LegendsRocket League OverwatchFounded2006; 17 years ago (2006)Location5757 Main Street, Frisco, Texas, U.S.ColorsGreen, black, white[1][2]     OwnerHector HECZ Rodriguez and HastroOfficial fan clubGreen W...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Alpha Mu Gamma – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (June 2008) (Learn how and when to remove this template message) Alpha Mu GammaΑΜΓFoundedApril 29, 1931; 92 years ago (1931-04-29)Los Angeles City CollegeTypeHonorAffiliationIndep...

 

British actor (1856–1906) Walter Groves, c. 1900 Walter Groves (1856–1906) was a British actor, comedian, music hall artist, and writer of the late Victorian and early Edwardian eras. Biography Groves was born in Manchester, England, to travelling actors Charles Groves (1807−1864) and Martha Bigg (1822−1915).[1] His father was a working provincial actor of thirty years experience, while his mother had been a star of the London stage during childhood, appearing in the title rol...

 

Herry HeryawanStaf Khusus Menteri Dalam Negeri RI Informasi pribadiLahir23 Februari 1972 (umur 51)Ambon, IndonesiaAlma materAkademi Kepolisian (1996)Karier militerPihak IndonesiaDinas/cabang Kepolisian Negara Republik IndonesiaMasa dinas1996—sekarangPangkat Inspektur Jenderal PolisiNRP72020677SatuanReserseSunting kotak info • L • B Irjen. Pol. Herry Heryawan, S.IK., M.H. adalah seorang perwira tinggi Polri yang sejak September 2023 mengemban amanat sebagai Staf ...

Australian comedy television series For other uses, see Utopia (disambiguation). UtopiaAlso known asDreamland (US)GenreComedyCreated byRob SitchSanto CilauroTom GleisnerWritten byRob SitchSanto CilauroTom GleisnerDirected byRob SitchStarring Rob Sitch Anthony Lehmann Celia Pacquola Dave Lawson Kitty Flanagan Emma-Louise Wilson Luke McGregor Michelle Lim Davidson Toby Truslove Dilruk Jayasinha Nina Oyama Country of originAustraliaOriginal languageEnglishNo. of series5No. of episodes40Productio...

 

2004 studio album by VoltaireThen and AgainStudio album by VoltaireReleasedOctober 26, 2004GenreDark cabaretLength37:49LabelProjekt RecordsVoltaire chronology Boo Hoo(2002) Then and Again(2004) Deady Sings!(2004) Professional ratingsReview scoresSourceRatingAllMusic link Then and Again is the fourth studio album by Cuban American dark cabaret singer Voltaire, released on October 26, 2004, through Projekt Records. Contrasting with most of Voltaire's albums, on which his songs are mostl...

 

Species of carnivore Egyptian weasel Conservation status Least Concern (IUCN 3.1)[1] Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Chordata Class: Mammalia Order: Carnivora Family: Mustelidae Genus: Mustela Species: M. nivalis Subspecies: M. n. subpalmata Trinomial name Mustela nivalis subpalmataHemprich & Ehrenberg, 1833 Egyptian weasel range Synonyms Mustela subpalmata Hemprich & Ehrenberg, 1833 In Cairo The Egyptian weasel is a unique ...

American Revolutionary War battle Battle of PrincetonPart of the New York and New Jersey campaignWashington Rallying the Americans at the Battle of Princeton by William Ranney (1848)DateJanuary 3, 1777; 246 years ago (1777-01-03)LocationPrinceton, New Jersey40°19′48″N 74°40′30″W / 40.33000°N 74.67500°W / 40.33000; -74.67500Result American victory[1]Belligerents United States  Great BritainCommanders and leaders George Washingt...

 

2001 studio album by OliviaOliviaStudio album by OliviaReleasedMay 15, 2001Length49:10Label J BMG Producer Prince Charles Alexander Douglas Allen Rufus Blaq David Pic Conley Fanatic Rob Fusari Fran Lover Spydaman Joshua P. Thompson The Underdogs Warren Wilson Singles from Olivia BizounceReleased: March 20, 2001 Are U CapableReleased: June 12, 2001 Olivia is the debut studio album by American singer and songwriter Olivia. It was released on May 15, 2001, through J. As the first artist ...

 

У этого термина существуют и другие значения, см. Естественная история (значения). Естественная историялат. Naturalis historia Автор Плиний Старший Язык оригинала латынь[1]  Медиафайлы на Викискладе Титульный лист издания 1669 года. «Есте́ственная исто́рия» (лат. Natural...

Ship of the line of the French Navy For other ships with the same name, see French ship Téméraire. History France NameTéméraire Laid down1669 Launched25 May 1671 FateSunk, 9 December 1694 General characteristics Téméraire was a ship of the line of the French Navy. She was laid down in Brest in 1669 as Ardent, and launched in 1671 as Téméraire. She took part in the campaign in Sicilia in 1676, in the Battle of Bévézier (10 July 1690) and the Battle of Barfleur (29 May 1692). She also...

 

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Daunian pottery – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (February 2018) (Learn how and when to remove this template message) Terracotta askos (flask with a spout and handle over the top) Native Italic Daunian Canosan 330-300 BCE Daunian pottery was produc...

 

47°9′58.4″N 27°34′45.63″E / 47.166222°N 27.5793417°E / 47.166222; 27.5793417 Building in Iași, RomaniaGrand Hotel TraianMain hall in 2006General informationArchitectural styleNeoclassicismLocationPiața Unirii nr. 1Town or cityIașiCountryRomaniaCompleted1882ClientScarlat PastiaTechnical detailsStructural systemMetallic frameDesign and constructionArchitect(s)Gustave Eiffel Grand Hotel Traian, previously known as Hotel Traian, is a hotel located in the cit...

County in North Carolina, United States County in North CarolinaHaywood CountyCountyHaywood County Courthouse SealLogoMotto(s): Authentic Appalachian, Pure & SimpleLocation within the U.S. state of North CarolinaNorth Carolina's location within the U.S.Coordinates: 35°33′32″N 82°58′53″W / 35.558882°N 82.981307°W / 35.558882; -82.981307Country United StatesState North CarolinaFounded1808Named forJohn HaywoodSeatWaynesvilleLargest community...

 

Zachary Galla Datos personalesNacimiento 1 de mayo de 2000Carrera deportivaRepresentante de  Estados UnidosDeporte Escalada               Medallero Escalada masculina Evento O P B Juegos Panamericanos 0 0 1 [editar datos en Wikidata] Zachary Galla –conocido como Zach Galla– (1 de mayo de 2000) es un deportista estadounidense que compite en escalada.[1]​ En los Juegos Panamericanos de 2023 obtuvo una...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!