Астрахан ауданы
Қазақстан ауданы | Астрахан ауданы | Әкімшілігі |
---|
Облысы |
Ақмола облысы
|
---|
Аудан орталығы |
Астраханка
|
---|
Ауылдық округтер саны |
12
|
---|
Ауыл саны |
34
|
---|
Әкімі |
Талғат Аманбайұлы Ерсейітов
|
---|
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Астрахан ауылы, Әл Фараби көшесі, №50
|
---|
Тарихы мен географиясы |
---|
Координаттары |
51°31′42″N 69°47′50″E / 51.52833°N 69.79722°E / 51.52833; 69.79722
|
---|
Құрылған уақыты |
1936
|
---|
Жер аумағы |
7,4 мың км²
|
---|
Уақыт белдеуі |
UTC+5:00
|
---|
Тұрғындары |
---|
Тұрғыны |
19 949[1] адам (2023)
|
---|
Ұлттық құрамы |
қазақтар (39,61%), орыстар (33,88%), немістер (6,67%), украиндар (6,19%), поляктар (5,34%), беларустар (2,37%), татарлар (1,84%), ингуштар (1,09%), басқалары (3,01%)[2]
|
---|
Сандық идентификаторлары |
---|
Пошта индексі |
020300-020326[3]
|
---|
Автомобиль коды |
03
|
---|
Астрахан ауданының әкімдігі
|
|
|
Астрахан ауданы — Ақмола облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1936 жылы құрылған. Аудан орталығы – Астраханка ауылы.
Географиялық орны
Солтүстігінде Бұланды, шығысында Ақкөл, Шортанды, Целиноград, батысында Атбасар, оңтүстігінде Егіндікөл, Қорғалжын аудандарымен шектеседі.
Аудан Сарыарқаның солтүстік-батысында орналасқан. Жер бедері теңіз деңгейінен 100 – 300 метрден аспайтын ұсақ төбелі-белесті жазық келеді. Кен байлықтарынан алтын, табиғи құрылыс материалдары кездеседі.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континенттік, қысы ұзақ суық, жазы қоңыржай ыстық. Орташа температурасы қаңтарда – 18°С, шілдеде 20°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 – 350 мм, көбіне жазда жауады. Аудан жерін Есіл, Қалқұтан, т.б. өзендер суландырады. Тұщы және ащы көлдері: Ұзынкөл, Баршын, Жалтыркөл, Ортакөл, Берсен, Үштаған, Шұңқыркөл, Нарынбай, т.б. Жер асты сулары 2 – 8 м тереңдікте кездеседі. Есіл өзенінің оң жағалауы карбонатты, кей жері сортаңды қара топырақ, сол жағалауы карбонатты қара қоңыр топырақ болып келеді. Тың игеру жылдары аудан жерінің көбі жыртылды. Аудан жері селеу, қылқан селеу, бетеге, жусан, кермек, өлең, т.б. түрлі шөп өскен дала белдеміне жатады. Өзен жайылмаларында бидайық, арпабас, жауқияқ, айрауық, қамыс, түрлі шөп аралас шалғын өседі. Жануарлардан қарсақ, дала суыры, ор қоян, ақ қоян, үлкен сарышұнақ, дала шақылдағы мен тышқаны, аламан тышқаны, эверсманн атжалманы, сасық күзен, дала және кәдімгі тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр; су құстарынан қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран кездеседі.
Шаруашылығы
Ауыл шаруашылығымен 1 аудан арнаулы шаруашылық бірлестігі, 12 кеңшар, 6 ұжымдық ауыл шаруашылығымен мекемесі, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік шұғылданады. Ауыл шаруашылығымен жері 671 мың га, оның 417,9 мыңы (62,3%-і) дәнді дақылдық, 36,0 мыңы шабындық, 217,1 мыңы жайылымдық жер. Орман 2,5 мың га. Ауыл шаруашылығыменның басты саласы — астық, жем-шөп, картоп егу. Негізінен сиыр, қой, жылқы, шошқа өсіріледі.
Инфрақұрылымы
Ауданда 36 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 36 жалпы білім беретін және музыка мектебі, ауылдық кәсіптік-техникалық училище, 7 мәдениет үйі, 23 клуб, 46 кітапхана, 48 емдеу-сауықтыру мекемесі бар. Аудан жері арқылы Астана – Атбасар – Қарталы темір жолы, Астана – Атбасар, Астраханка – Макинск автомобиль жолдары өтеді.
Халқы
1939 |
1959 |
1970 |
1979 |
1989[4] |
1999 |
2009[5] |
2021
|
14359 |
▲32007 |
▲53270 |
▼40117 |
▲41442 |
▼32980 |
▼27419 |
▼20281
|
Тұрғындар саны: 23 615 адам (2019).
- Ұлттық құрамы: қазақтар (39,77%), орыстар (33,47%), украиндар (6,36%), немістер (6,72%), беларустар (2,33%), татарлар (1,83%), шешендер (0,34%), башқұрттар (0,25%), ингуштар (1,09%), поляктар (5,64%), удмурттар (0,18%), басқалары (2,03%).
Әкімшілік бөлінісі
34 елді мекен 11 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген:
Халқының саны (2009, 2021)[6]
Ауылдық округтері |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
Астрахан ауылдық округі |
6716 |
▼6336 |
94,3 |
3367 |
▼3127 |
92,9 |
3349 |
▼3209 |
95,8
|
Ескі Қалқұтан ауылдық округі |
1462 |
▼888 |
60,7 |
706 |
▼441 |
62,5 |
756 |
▼447 |
59,1
|
Есіл ауылдық округі |
1906 |
▼1134 |
59,5 |
932 |
▼581 |
62,3 |
974 |
▼553 |
56,8
|
Жалтыр ауылдық округі |
5490 |
▼3872 |
70,5 |
2669 |
▼1858 |
69,6 |
2821 |
▼2014 |
71,4
|
Каменка ауылдық әкімдігі |
863 |
▼553 |
64,1 |
442 |
▼265 |
60 |
421 |
▼288 |
68,4
|
Қалқұтан ауылдық округі |
1145 |
▼577 |
50,4 |
563 |
▼274 |
48,7 |
582 |
▼303 |
52,1
|
Қызылжар ауылдық округі |
1785 |
▼1145 |
64,1 |
887 |
▼583 |
65,7 |
898 |
▼562 |
62,6
|
Николаев ауылдық округі |
1638 |
▼1232 |
75,2 |
802 |
▼615 |
76,7 |
836 |
▼617 |
73,8
|
Новочеркасск ауылдық округі |
2021 |
▼1430 |
70,8 |
1009 |
▼717 |
71,1 |
1012 |
▼713 |
70,5
|
Острогор ауылдық округі |
940 |
▼624 |
66,4 |
467 |
▼324 |
69,4 |
473 |
▼300 |
63,4
|
Первомай ауылдық округі |
2693 |
▼2059 |
76,5 |
1327 |
▼1025 |
77,2 |
1366 |
▼1034 |
75,7
|
Ұзынкөл ауылдық округі |
760 |
▼431 |
56,7 |
374 |
▼234 |
62,6 |
386 |
▼197 |
51
|
ЖАЛПЫ САНЫ |
27419 |
▼20281 |
74 |
13545 |
▼10044 |
74,2 |
13874 |
▼10237 |
73,8
|
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме
|
---|
| | | Аудандары | | |
---|
| Облыстық бағыныстағы қалалар | |
---|
|
|
|