Ескі Қалқұтан (Ескі Колутон) — Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ауыл, Ескі Қалқұтан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Астраханка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км жерде, Қалқұтан өзенінің оң жағасында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1043 |
▼864 |
▼544 |
63 |
400 |
▼277 |
69,3 |
464 |
▼267 |
57,5
|
Ауылда май зауыты, аурухана, орта мектеп, кітапхана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ең жақын темір жол станциясы — Қалқұтан (4 км).
Тарихы
Іргесі 1876 жылы қаланған. 1896 жылы онда 2 кластық бастауыш мектеп ашылды. 1929 жылы “Зеленый луч” ұжымшары ұйымдастырылды (1938 жылдан “Заветы Ильича” ұжымшары). 1957 жылдан “Колутонский” ауылдық кеңесі мен кеңшар орталығы болып келді.
Дереккөздер