Алатау (қала)

Қала
Алатау
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Алматы

Әкімі

Әркен Хамитұлы Өтенов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°40′47″ с. е. 77°06′43″ ш. б. / 43.67972° с. е. 77.11194° ш. б. / 43.67972; 77.11194 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°40′47″ с. е. 77°06′43″ ш. б. / 43.67972° с. е. 77.11194° ш. б. / 43.67972; 77.11194 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1873

Бұрынғы атаулары

Көтентай, Николаевка, Жетіген

Қала статусы

2024

Жер аумағы

880 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

52762 адам (2024)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

05

Алатау қаласының әкімдігі

Алатау картада
Алатау
Алатау
Алатау картада
Алатау
Алатау
 Басқа мағыналар үшін Алатау деген бетті қараңыз.

Алатау (2024 жылға дейін — Жетіген)[1]Алматы облысындағы облыстық маңызы бар қала, темір жол стансасы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Қонаев қаласынан оңтүстікке қарай 38 км, Алматы қаласынан солтүстікке қарай 54 км-дей жерде, Кіші Алматы өзенінің оң жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен, сұр, бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
13103 15616 20418 130,8 7740 10259 132,5 7876 10159 129

Тарихы

Іргесі 1959 жылы “Рассвет” сүт өндіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

2024 жылғы 9 қаңтардағы Президент Жарлығымен Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, Алатау қаласы болып өзгертілді.[1]

Инфрақұрылымы

2 орта, бір орталау мектеп, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, мешіт, аурухана, дәріхана, т. б. әлеуметтік инфрақұрылымдар бар. Ауылдың солтүстігінде Жетіген әуеайлағы орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және темір жолдары арқылы қатынасады.[4]

Дереккөздер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!