Тарбағатай ауданы

Қазақстан ауданы
Тарбағатай ауданы
Ту
Ту
Әкімшілігі
Облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Ақжар

Ауылдық округтер саны

8

Ауыл саны

28

Әкімі

Дархан Шомпайұлы Жөргекбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, №15

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°34′55″ с. е. 83°41′27″ ш. б. / 47.58194° с. е. 83.69083° ш. б. / 47.58194; 83.69083 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°34′55″ с. е. 83°41′27″ ш. б. / 47.58194° с. е. 83.69083° ш. б. / 47.58194; 83.69083 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

10,2 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

21 141[1] адам (2024)

Ұлттық құрамы

қазақтар (98,77%), орыстар (0,73%), басқа ұлт өкілдері (0,5%)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 72346

Пошта индексі

071500 - 071515

Автомобиль коды

16

Тарбағатай ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Тарбағатай ауданы

Облыс картасындағы Тарбағатай ауданы

Тарбағатай ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан аудан. Аудан орталығы — Ақжар ауылы.

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Күршім, шығысында Зайсан аудандарымен, батысында Абай облысының Ақсуат ауданымен, оңтүстігінде Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Топонимика

Тарбағатай деген аты моңғол "Тарбаған" (суыр), "тай" (тау), яғни "суырлы тау" деген сөзінен шыққан.

Тарихы

Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып, Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп, Тарбағатай ауданы деп аталды. 2022 жылы Ақсуат ауданы қайта бөлініп шықты.

Бұл ауданда ойшыл көсемдер, шешендер, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырлар, күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі.

Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар. Қазақстан тарихи зерттеулерінде «Алтын - оба» аталып кеткен Шілікті аңғарындағы қорғандардан осы дәуірдің көне мәдениет ескерткіштері табылған. Археологиялық қазба кезінде 500-ден астам алтын бұйымдар шыққан. Бұлардың көпшілігі еліміздің ұлттық мұражайында және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы Эрмитажда сақталуда. Шыбынды елді мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағдан, Кіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылған. Жермен елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің тумасы екендігін, ұлы ерлігіне лайық дарабоз, батыр атануы ұрпақтар үшін зор мақтаныш.

Ел қорғаудағы ұлы ерліктер Тарбағатай өңірінде өткені белгілі. Аудан жеріндегі Қалмаққырған, Долаңқара, Кергентас, Баспан, Майлышат, Қубас (Қабанбайдың жылқысы, аты) кезеңі, Шорға, Мауқыбай, Шаманна тағы басқа тарихи жерлер осы оқиғаға байланысты аталған.

Осы өңірдегі 1826 жылы орыс патшалығына бодан болмаймыз деп алғаш рет анықтап, ашық қарсы шығып ақыры сол үшін құрбан болған Қожагелді батыр, Сатының ұраны болған Бұтабай, Маңырақ айқасында аты шыққан Байотар, ел бірлігін көксеген Сасан, Шәкі билер, Сатының биі қажы, бүкіл исі қазаққа әйгілі Тана мырза мен Кенжелі шешен, Найман елінен алғаш рет қажыға барған Шал қажы, Құрбан қажы, Әулие емші Ырғызбай, Оразбай дуана, қарадан шығып аға сұлтан болған Қисық, сұлтандар Тарбағатай жерін мекендеген.

«Бақтиярдың қырық бұтағы» атты әйгілі дастаны бар Жанұзақ жыршы, 1907 жылы қазақ қаласында «Дүние үшін ғибрат нәме» атты кітап бастырған Қоқан қажы, Бабыр, Бағаналы күйші, Кәрібай, Ожырбай, Қали ақындар сияқты ел ардақтылары көптен саналады.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021 2023
 20372 20953 34267 39351 41279 65589 47125 20017 19324

Тұрғындары 38 852 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,42%, орыстар – 0,32%, басқа ұлт өкілдері – 0,26%.

Әкімшілік бөлінісі

28 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[5]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақжар ауылдық округі 7735 6595 85,3 3890 3371 86,7 3845 3224 83,8
Жаңаауыл ауылдық округі 1943 1188 61,1 1012 622 61,5 931 566 60,8
Жетіарал ауылдық округі 2238 1404 62,7 1181 792 67,1 1057 612 57,9
Қабанбай ауылдық округі 2461 2078 84,4 1283 1104 86 1178 974 82,7
Қарасу ауылдық округі 2054 1632 79,5 1102 861 78,1 952 771 81
Құйған ауылдық округі 2262 1300 57,5 1169 692 59,2 1093 608 55,6
Маңырақ ауылдық округі 1850 1196 64,6 974 609 62,5 876 587 67
Тұғыл ауылдық округі 5306 4624 87,1 2632 2338 88,8 2674 2286 85,5
ЖАЛПЫ САНЫ 25849 20017 77,4 13243 10389 78,4 12606 9628 76,3

Әкімдері

  1. Ділдәбек Оразбаев (2013-2019)
  2. Серікқазы Сәдуақасов (2019-2020)
  3. Асхат Смаилов (2020-2022)
  4. Дархан Жөргекбаев (08.2022 бастап)

География

Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Тарбағатай тау жоталары мен Зайсан шұңқырының аралығында орналасқан. Аудан аумағы 23,8 мың кв. км-ге тең, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 км-ден артық созылып жатыр.

Аудан шығысында Зайсан, батысында Үржар мен Аягөз, солтүстігінде Көкпекті және Жарма аудандарымен шекаралас. Ауданның оңтүстігінен ұзындығы 300 км болатын, ҚХР–мен мемлекеттік шекара өтеді.

Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді. Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалың, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – сораң өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар. Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әртүрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала аймағы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы аймағы бар.

Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сәуір–Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс. Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай–жыралармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады.

Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, аққұлақ борсық, қосаяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар. Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасылбақа, тасбақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі.

Ауданның таулы өнірін қасқыр, түлкі, қарсақ, сасықкүзен, борсық, қосаяқ, суыр, қоңыр аю, арқар, сілеусін мекендейді. Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Ұласты, Қандысу, Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады. Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан тұщы көл. Ұзындығы 100 км-дей, ені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км. жағасы көп жерінде жайпақ.

Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтар. Көлде балықтардың бежіре, ақбалық, таймен, шортан, аққайран, сазан т.б. балықтар ауланады. Кеме жүзеді. Көл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан Тұғыл кентінде балық аулайтын, аулаған балықты өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді.

Ауданның өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен ерекшеленеді. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалды, өзен-бастау жағалаулары құрақты далалы Жер қойнауынан қоңыр көмір, мәрмәр, никель, құрылыс материалдары бар екендігі анықталған. Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыңы «Тастау» 2991 м. Шығысында Алтай тауы мен, батысында Сарыарқа мен ұласады. Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шыңдары көп.

Климат

Ауданның климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан аумағының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі.

Экономика

Экономиканың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісі.

Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлері: ет, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған балық, ұн, тауарлық бетон.

2011 жылғы 1 қаңтарға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің нақты бары: 16 ауыл шаруашылық кәсіпорны, жұмыс істеп тұрған 1981 жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы, жұртшылықтың 10,7 мың жеке меншік қосалқы шаруашылығы.

2010 жылдың егініне себілген ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 7,6 мың гектарды құрады, соның ішінде дәнді дақылдар – 2,9 мың гектарды, дәнге күнбағыс -0,2 мың гектарды, картоп - 0,6 мың гектарды, көкөністер - 0,2 мың гектарды алды.

2010 жылы 4,8 мың тонна астық, 0,1 мың тонна күнбағыс, 6,1 мың тонна картоп, 2,7 мың тонна көкөніс дақылдары, 18,9 мың тонна ет (тірідей салмақта), 56,5 мың тонна сүт, 2723,5 мың дана жұмыртқа, 0,6 мың тонна жүн өндірілді.

2011 жылғы қаңтардың басына ірі қара мал саны 92,2 мың басты, қой мен ешкі – 346,9 мың басты, жылқы – 19,0 мың басты, құс – 22,4 мың басты құрады. Филиалдарды, сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, білім беру, басқару органдарын, қоғамдық, банктік, сақтандыру ұйымдарын қосқанда 2010 жылдың ірі және орта кәсіпорындар қызметкерлерінің тізімдік саны орташа алғанда 5362 адамды құрады, олардың орташа айлық атаулы жалақысы 44316 теңгені құрады.

2010 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 570,2 млн. теңгені құрады(жедел деректерi).

2010 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2560,0 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты.

2010 жылы аудандағы ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардың салық салынғанға дейінгі 53,2 млн. теңге пайда алынды.

Білім және мәдениет

2010/2011 оқу жылының басына ауданда күндізгі жалпы білім беретін 50 мектеп пен 1 кәсіптік лицей жұмыс істейді, оларда тиісінше 9271 және 223 оқушы оқиды.

Ауданда 19 клуб мекемесі, 24 кітапхана.

Тарих және сәулет ескерткіштері

Б.д.д VII-VIII Қалба тау жотасы, Түрік қағандығы Балбал Кіндікті мүсіні, б.д.д VII-VIII Кіндікті мүсіні сынтасы. Б.д.д Еспе өзені жағасы және Өрнектау тасындағы Таңбалы тас суреті. XIX ғ. ескерткіштері Ойшілік с. Сасан би мазары, Тана Мырза мазары және XIX ғ. Қожагелді с. Қожагелді батыр мазары. XX ғ. Ерназар с. Ырғызбай әулие мазары, XIX ғ. Уан Төре елді мекеніндегі Уан Төре мазары. XIX ғ. Қызыл кесік с. Шәкі би мазары.

Тарихи орындар

  • Борытастаған
  • Сынтас
  • Алтын оба
  • Алты оба

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Read other articles:

Japanese TV series or program Kaiju ClubTitle cardGenreDramaDeveloped byKensaku SakaiWritten byKōta Fukihara (eps 1,3-4)Yu Tomisaka (ep.2)[1][2]Directed byTakashi Sumida (eps 1,3)Takahiro Aoyama (eps 2,4)[2][1]StarringKanata Hongō[2]Ryusei YokohamaMasato YanoRyo KatoShogo YamaguchiTokio EmotoMuga TsukajiFumika BabaOpening themeRecollections by Riko Sasaki[1]Ending themeGEEKDOM BY Traffic Light.[1]ComposerNAOTO[1]Country of...

Uppslagsorden Romulus och Remus leder hit. För andra betydelser av de orden, se Romulus (olika betydelser), respektive Remus (olika betydelser). Romerskt silvermynt från 260-talet f.Kr. som avbildar Romulus och Remus med varginnan. Faustulus hittar vargen med tvillingarna. Rubens, på Kapitolinska museerna. Den kapitolinska varginnan med de diande Romulus och Remus (de sistnämnda figurerna är ett senare tillägg). Skulptur i Museo Nuovo i Palazzo dei Conservatori, Rom. Romulus var enligt ...

أشعيا برلين (بالإنجليزية: Isaiah Berlin)‏  لافتة تشير إلى مكان قضاء طفولته في برلين معلومات شخصية الميلاد 6 يونيو 1909ريغا  الوفاة 5 نوفمبر 1997أكسفورد  مواطنة المملكة المتحدة  عضو في الأكاديمية الأمريكية للفنون والعلوم،  والأكاديمية البريطانية[1]  الحياة العملية ا

يفتقر محتوى هذه المقالة إلى الاستشهاد بمصادر. فضلاً، ساهم في تطوير هذه المقالة من خلال إضافة مصادر موثوق بها. أي معلومات غير موثقة يمكن التشكيك بها وإزالتها. (نوفمبر 2020) جائزة إيطاليا الكبرى 2020 (بالإيطالية: Formula 1 Gran Premio Heineken d'Italia 2020)‏  السباق 8 من أصل 17 في بطولة العالم لس...

Thai politician (1924–2022) Marut BunnagBunnag in 2010Speaker of the House of Representativesand President of the National Assembly of ThailandIn office22 September 1992 – 18 May 1995MonarchBhumibol AdulyadejPrime MinisterChuan LeekpaiPreceded byArthit Ourairat [th]Succeeded byBooneua PrasertsuwanMinister of EducationIn office11 August 1986 – 9 August 1988Prime MinisterPrem TinsulanondaPreceded byChuan LeekpaiSucceeded byMana Rattanakoset [th]...

Politics of the Faroe Islands Constitution Constitution Act of Succession Freedom of Speech and the Press Taxation The Crown Monarch Queen Margrethe II Crown Prince Frederik Royal family Privy Council Purveyors to the Royal Court The unity of the Realm  Kingdom of Denmark  Faroe Islands  Denmark  Greenland ExecutiveRegeringen The Government of Denmark High Commissioner (list) Lene Moyell Johansen Landsstýri The Government of the Faroe Islands Premier Aksel V. Johannesen D...

Merchant ship used to evade a naval blockade For the book by Jules Verne, see The Blockade Runners. This article includes a list of general references, but it lacks sufficient corresponding inline citations. Please help to improve this article by introducing more precise citations. (July 2011) (Learn how and when to remove this template message) Blockade runner SS Banshee, 1863 A blockade runner is a merchant vessel used for evading a naval blockade of a port or strait. It is usually light an...

IBM

International Business Machines Corporation IBM-kantoor in Amsterdam Beurs NYSE: IBM Oprichting Sinds 1888 werkzaamBedrijf sinds 16 juni 1911 Sleutelfiguren Arvind Krishna (CEO)Mark Loughridge (CFO) Land Vlag van Verenigde Staten Verenigde Staten Hoofdkantoor Armonk, New York Werknemers 350.600 (2018) Dochteronderneming SoftLayer IBM Nederland Red Hat Producten ICT Industrie softwareindustrie, hardware, IT-servicemanagement, information technology consulting, informatietechnologie Omzet/...

18th century US intellectual fermentAmerican Enlightenment1732–1845The U.S. Declaration of Independence, written by Thomas Jefferson and ratified on July 4, 1776, is one of the most important documents of the American EnlightenmentIncludingAmerican philosophyLeader(s)Thomas Paine, Benjamin Franklin, Thomas Jefferson, James Madison, and George WashingtonChronology European Enlightenment American Revolution This article is part of a series onLiberalismin the United States Schools Classical Co...

Church in Cheshire, EnglandBulkeley Methodist ChurchBulkeley Methodist Church from the southeastBulkeley Methodist ChurchLocation in Cheshire53°05′09″N 2°42′02″W / 53.0857°N 2.7005°W / 53.0857; -2.7005OS grid referenceSJ 532 545LocationWrexham Road,Bulkeley, CheshireCountryEnglandDenominationMethodistArchitectureHeritage designationGrade IIDesignated29 October 1984StyleGeorgianSpecificationsMaterialsBrick, slate roofs Bulkeley Methodist Church is in Wrexham...

Brazilian media group Not to be confused with Global Media Group in Portugal. Organizações Globo Participações S.A.Trade nameGrupo Globo[1]TypePrivateIndustryMedia conglomerateFounded25 June 1925FounderIrineu MarinhoHeadquartersRio de Janeiro, BrazilArea servedWorldwideKey peopleJorge Nóbrega(CEO)[2]Roberto Irineu Marinho(Chairman)ProductsTelevision networksRadio stationsInternet servicesSatellite televisionNewspapersMagazinesMusic industryRevenue US$4.4 billion (2017)Tot...

Stasiun Tobo Bangunan baru dan emplasemen Stasiun Tobo, 2020Lokasi Jalan Raya Bojonegoro-CepuKebonagung, Padangan, Bojonegoro, Jawa Timur 62162IndonesiaKetinggian+25 mOperatorKereta Api IndonesiaDaerah Operasi VIII SurabayaLetak dari pangkalkm 96+629 lintas Gundih-Gambringan-Bojonegoro-Surabaya Pasarturi[1]Jumlah peronSatu peron sisi yang agak rendahJumlah jalur4 (jalur 2 dan 3: sepur lurus)Informasi lainKode stasiunTBO2722[2]KlasifikasiIII/kecil[2]Operasi layanan Hany...

2011 video gameDungeonsDeveloper(s)Realmforge StudiosPublisher(s)Kalypso MediaDirector(s)Benjamin RauscherDesigner(s)Christian WolfertstetterProgrammer(s)Korbinian AbenthumArtist(s)Alexander Schonka, Joachim SeglerEngineOGREPlatform(s)Microsoft WindowsReleaseDE: January 27, 2011NA: February 10, 2011[1]Genre(s)Strategy, simulation, dungeon managementMode(s)Single-player Dungeons is a strategy/simulation video game developed by Realmforge Studios and published by Kalypso Media. It was a...

  لمعانٍ أخرى، طالع جو مكارثي (توضيح). جو مكارثي معلومات شخصية الميلاد 30 أبريل 1929  مقاطعة أوبيون  الوفاة 13 مارس 2012 (82 سنة)   دييرسبورغ  مواطنة الولايات المتحدة  الحياة العملية المهنة مصارع محترف  الرياضة المصارعة المحترفة  تعديل مصدري - تعديل   جو مكار...

American judge, politician Wallace SturgisSturgis in the 19547Member of the Florida SenateIn office1943–1956 Personal detailsBornWallace Edwin Sturgis1898Swiftwater, Mississippi, U.S.DiedMarch 1966 (aged 67–68)Tallahassee, Florida, U.S.EducationGeorge Washington University (LLB)Military serviceBranch/service United States ArmyBattles/warsWorld War I Wallace Edwin Sturgis Sr. (1898–1966) was an American politician, attorney, and jurist in the state of Florida. He served as a member ...

2008 book by Susan Stryker Transgender History Cover for Transgender History, first editionAuthorSusan StrykerSubjecthistory of transgender people in the United StatesPublisherSeal PressPublication date2008Media typePrint (paperback)Pages208ISBN9781580052245OCLC183914566Dewey Decimal306.768LC ClassHQ77.9 .S77 2008 Transgender History is a non-fiction book by professor Susan Stryker that provides a concise history of transgender people in the United States from the middle of the 19th...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Our Lady of the Assumption Cathedral Moncton – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (July 2020) (Learn how and when to remove this template message) Church in New Brunswick, CanadaOur Lady of the Assumption CathedralThe Monument for Recognition (Fre...

Species of gastropod Volva volva Volva volva near Ponta do Ouro, Mozambique Five views of a shell of Volva volva Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Mollusca Class: Gastropoda Subclass: Caenogastropoda Order: Littorinimorpha Family: Ovulidae Genus: Volva Species: V. volva Binomial name Volva volva(Linnaeus, 1758) Synonyms[1] Bulla volva Linnaeus, 1758 Ovula aspera Perry, 1811 Ovula textoria Röding, 1798 Volva lemurica Schilder, 1941 Volva volva ...

Iranian footballer Hadi Aghily Aghily after scoring for Iran in 2011Personal informationFull name Seyyed Hadi Aghily AnvarDate of birth (1981-01-15) 15 January 1981 (age 42)Place of birth Tehran, Iran[1]Height 1.85 m (6 ft 1 in)Position(s) Centre-backSenior career*Years Team Apps (Gls)2001–2004 Saipa 63 (2)2004–2011 Sepahan 178 (15)2011–2012 Al-Arabi 20 (0)2012–2013 Qatar SC 16 (4)2013–2016 Sepahan 76 (8)Total 353 (29)International career2006–2012 Iran ...

بابلو خيمينيز معلومات شخصية الميلاد 29 يونيو 1981 (العمر 42 سنة) الطول 176 سنتيمتر  مركز اللعب مهاجم الجنسية باراغواي  المسيرة الاحترافية1 سنوات فريق م. (هـ.) 2001–2004 غواراني 113 (35) 2005 أتلتيكو مينيرو 7 (0) 2006 سيرو بورتينيو 17 (1) 2006 كيلمس 12 (2) 2007–2008 سيرو بورتينيو 43 (11) 2009 نادي كيريتارو 1...