Аламүдін ауданы

Аудан
Аламүдін ауданы
Аламүдүн району
Әкімшілігі
Кіреді

Шу облысы

Әкімшілік орталығы

Лебединовка ауылы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1974

Жер аумағы

3028 км²

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

148 032 адам [1] адам (2009)

Ұлттық құрамы

қырғыздар — 58,5 %,
орыстар — 25,2 %,
ұйғырлар — 3,7 %

Ресми тілі

Қырғыз тілі

Аламүдін ауданы картада

Аламүдін ауданы (қыр. Аламүдүн району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Ел астанасы — Бішкек аудан аумағымен қоршалған, бірақ оның құрамына кірмейді.

Әкімшілік орталығы — Лебединовка ауылы.

Тарихы

1937 жылы Ворошилов ауданы болып құрылды. 1958 жылы атауы Аламедин ауданы болып ауысқан. 1990-шы жылдары аудан атауының жазылуы қазіргісіне өзгертілді.

Халқы

2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 148 032 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 86 550 адамды құрайды (58,5 %), орыстар — 37 312 адам (25,2 %), ұйғырлар — 5503 адам (3,7 %), қазақтар — 2161 адам (1,5 %), өзбектер — 2032 адам (1,4 %), күрдтер — 1907 адам (1,3 %), әзербайжандар — 1852 адам (1,2 %), түріктер — 1810 адам (1,2 %), татарлар — 1751 адам (1,2 %), украиндар — 1668 адам (1,1 %), корейлер — 1261 адам (0,8 %), немістер — 1141 адам (0,8 %).

Әкімшілік бөлінісі

Аламүдін ауданы құрамына 17 ауылдық округ пен 51 ауыл кіреді:

  • Ақтөбе ауылдық округі: Қайырма (әкімшілік орталығы), Молдовановка ауылдары
  • Алаарша ауылдық округі: Мраморное (әкімшілік орталығы), Рассвет ауылдары
  • Аламүдін ауылдық округі: Аламүдін (әкімшілік орталығы), Садовое ауылдары
  • Арасан ауылдық округі: Арасан (әкімшілік орталығы), Татыр ауылдары
  • Бәйтік ауылдық округі: Бәйтік (әкімшілік орталығы), Аршалы, Байгелді, Басқарасу, Қасқасу ауылдары
  • Васильевка ауылдық округі: Виноградное (әкімшілік орталығы), Васильевка, Полевое, Привольное ауылдары
  • Гроздь ауылдық округі: Гроздь (әкімшілік орталығы), Атбасы, Бірлік, Вторая Пятилетка, Лесное ауылдары
  • Көкжар ауылдық округі: Көкжар (әкімшілік орталығы) ауылы
  • Қараағаш ауылдық округі: Қараағаш (әкімшілік орталығы), Бектау ауылдары
  • Лебединовка ауылдық округі: Лебединовка (әкімшілік орталығы), Восток, Дачное ауылдары
  • Ленин ауылдық округі: Ленинское (әкімшілік орталығы), Константиновка, Мықан ауылдары
  • Маёвка ауылдық округі: Маёвка (әкімшілік орталығы) ауылы
  • Октябрь ауылдық округі: Октябрьское (әкімшілік орталығы), Лубяное, Чуйское ауылдары
  • Пригородное ауылдық округі: Пригородное (әкімшілік орталығы), Озёрное, Степное, Достық ауылдары
  • Тасмойнақ ауылдық округі: Қойтас (әкімшілік орталығы), Бескүнгей, Горная Маёвка, Қызылбірлік, Подгорное, Прохладное, Тасмойнақ ауылдары
  • Тастөбе ауылдық округі: Тастөбе (әкімшілік орталығы), Заречное, Малиновка, Сүйменқұл Шоқпаров ауылдары
  • Төменгі Алаарша ауылдық округі: Төменгі Алаарша (әкімшілік орталығы) ауылы

Елді мекендер

Ірі елді мекендері: Лебединовка, Ленинское, Молдовановка, Байтик [2].

Атақты адамдары

Ауданда дүниеге келгендер

Дереккөздер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!