Талас аңғарының солтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 1280 м биіктікте, Талас өзенінің алқабында, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан 360 км батысқа қарай, Жамбыл (Қазақстан) темір жол станциясынан 90 км шығысқа қарай және Бішкек — Ош тас жолынан 90 км батысқа қарай орналасқан.
Климаты
Климаты континенттік, қуаң. Ең жоғары орташа айлық температура шілдеде байқалады және +30...+35 °С құрайды, ең төменгі орташа айлық температура қаңтарда және -15...-25 °С құрайды. Жылдық жауын-шашын нормасы шамамен 300-400 мм.
Қала 1877 жылы орыс қоныс аударушыларымен Талас аңғарының орталық бөлігінде, Талас өзенінің сол жағалауында, Шығыс Түрік Қағанаты кезіндегі ежелгі қоныстың орнында, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте құрылды. Бұрын Дмитриевка деп аталды. 1944 жылы қала статусын алды.