Қызылқия (қыр. Кызыл-Кыя) — Қырғызстанның Баткен облысындағы облыстық бағыныстағы қала. Халық саны (2009) — 44,1 мың адам. Қала 1898 жылы көмір қабатын өндіру кезінде құрылған[3].
Географиясы
Қала Баткен облысының солтүстік-шығыс бөлігінде, "Ош—Сүлікті" және "Ош — Ферғана" тас жолдарының қиылысында, облыс орталығы Баткен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 150 км қашықтықта; Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 86 км және Өзбекстан Республикасындағы облыс орталығы Ферғана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қала теңіз деңгейінен 1058 м биіктікте орналасқан.
Халқы
2017 жылғы 1 қаңтарға сәйкес халық саны - 51,3 мың адам[4]
Экономикасы
Қалада цемент зауыты[5][6], нан зауыты жұмыс істейді. Сондай-ақ, қалада көкөністер мен жемістерді консервілейтін консерві зауыты қызмет жасайды.
Тарихы
Қызыл-Қия қонысы 1898 жылы құрылды, ал 1938 жылы Қызыл-Қия қала мәртебесін алды. Кеңес кезеңінде шахтерлер қаласы болған.
Атақты қызыл-қиялықтар
Дереккөздер
- ↑ Мэром города Кызыл-Кия вновь избран Абиш Халмурзаев
- ↑ 2017-жылдагы Кыргыз Республикасынын облустарынын, райондорунун, шаарларынын, шаар тибиндеги кыштактарынын калкынын саны, Численность населения Кыргызской Республики на 1 января 2017 года
- ↑ (орыс.)Большая советская энциклопедия: (в 51 т.), ответственный гл. ред. С. И. Вавилов, 2-е изд., Москва, Советская энциклопедия, 1949—1958, 24 том, стр. 166
- ↑ 2017-жылдагы Кыргыз Республикасынын облустарынын, райондорунун, шаарларынын, шаар тибиндеги кыштактарынын калкынын саны, Численность населения Кыргызской Республики на 1 января 2017 года
- ↑ В Кызыл-Кия открылся новый цементный завод (недоступная ссылка — история). Проверено 27 марта 2010. Архивировано 9 мая 2013 года.
- ↑ Бакиев открыл новый цементный завод — видео(қолжетпейтін сілтеме)
Сілтемелер