Қырғызстанның солтүстігінде, Шу аңғарында, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, өзен бойының қала аумағында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді. Тоқмақтан солтүстікке және оңтүстікке қарай Тянь-Шань сілемі: оңтүстікке — Қырғыз жотасы, солтүстікке — Іле Алатауы созылып жатыр.
Тарихы
Қазіргі Тоқмақ ХІХ ғасырдың басында (1825-1830) Қоқан бекінісі ретінде құрылған болатын. Кейіннен, 1862 жылы бекіністі орыс әскерлері басып алып, қиратып тастады.
Кейінірек, бұрынғы Қоқан бекіністерінің орнына орыс бекіністері қалана бастады. 1864 жыл мамыр айының басында, Тоқмақ бекінісінің қирандыларының орнында Верныйдан келген полковник Черняевтің отряды орналасты да 1864 жылы 13 мамырда Тоқмақ орыс бекінісін орнықтырды.
1867 жылы Тоқмақ қала статусына ие болды және Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысындағы өзімен аттас Тоқмақ уезінің орталығы болды. Уезд орталығы 1878 жылыПішпек қаласына ауыстырылды. Осыдан кейін Тоқмақ қала мәртебесінен айырылған болатын. 1927 жылы Тоқмақ қайтадан қала мәртебесін алды.