Сүлікті (қыр.Сүлүктү) — ҚырғызстанныңБаткен облысындағы облыстық бағыныстағы қала. Халық саны (2009) — 24,7 мың адам. Қырғызстандағы ірі көмір кен орындарының бірі болып табылады.
Географиясы
Қала Түркістан жотасының солтүстік сілемдерінде, теңіз деңгейінен 1380 метр биіктікте, облыс орталығы Баткен қаласынан 150 км батысқа қарай (Сүлікті — Тәжікстан Республикасының Соғд облысындағыЛейлек ауданы — Баткен трассасының бойында), республика орталығы Бішкек қаласынан 950 км қашықтықта орналасқан.
Тарихы
Сүлікті — Орта Азиядағы көне көмір өндірісі орталықтарының бірі. Көмірді өнеркәсіптік игеру 1868 жылы басталды. Сүліктінің пайда болуы осы уақытпен есептеледі.
1934 жылы 20 тамызда БОАК Президиумы «Қырғыз АКСР-нің Фрунзе қаласы мен Қызылқия және Сүлікті жұмысшылар кенттерін аудан құрамынан бөлініп, Қырғыз АКСР ОАК-не тікелей бағыныстағы дербес әкімшілік-шаруашылық бірліктер болып ерекшеленген елді мекендер тізіміне қосу жөнінде» қаулы етті.[2]
1940 жылы қала мәртебесі берілді, қазіргі уақытта Сүлікті облыстық бағыныстағы қала болып табылады.