Ақсу ауданы (Қырғызстан)
Ақсу ауданы (қыр. Ак-Суу району) — Қырғызстан республикасы, Ыстықкөл облысының шығысында орналасқан әкімшілік бірлік.
Әкімшілік орталығы — Ақсу ауылы (Қарақол қаласының маңында).
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағының деректері бойынша 63686 аудан тұрғындарының ішінде қырғыздар 56369 адамды құрайды (немесе 88,5 %), орыстар — 2884 адам немесе 4,5 %, қалмақтар — 2805 адам немесе 4,4 %, қазақтар — 916 адам немесе 1,5 %, ұйғырлар — 201 адам немесе 0,3 %, татарлар — 146 адам немесе 0,2 %, украиндар — 125 адам немесе 0,2 %, өзбектер — 110 адам немесе 0,2 %.
Елді мекендері
Ақсу ауданы құрамына 13 айылдық (ауылдық) округ, 45 айыл (ауыл), 1 қала типтес кент кіреді:
- Жырғалаң Қала типтес кенті
- Ақбұлың айылдық округі: Ақбұлың а. (орталығы), Ақбұлақ, Тоқтағұл, Түрген
- Ақши айылдық округі: Ақши (орталығы), Қашыбек, Көкжайық, Қызылжар, Қызылқия (Советское)
- Бөрібас айылдық округі: Бөрібас а.(орталығы), Шерік
- Қаражал айылдық округі: Тегісшіл (орталығы), Жаңаарық, Қаражал, Бозбұлың
- Қарақол айылдық округі: Қарақол (орталығы), Шолпан
- Керегетас айылдық округі: Сарықамыс а. (орталығы), Қайырмаарық, Керегетас, Жергез (Новоконстантиновка), Қарақыз (Пионер)
- Бозұшық айылдық округі: Еншілес (Нововознесеновка) а.(орталығы), Бозұшық, Ішке-Жергез
- Октябрь айылдық округі: Маман (Октябрьское) (орталығы), Жолқолат, Отызұл, Үшқайнар
- Отрадное айылдық округі: Отрадное а. (орталығы), Орлиное, Шапақ
- Тепке айылдық округі: Тепке а. (орталығы), Жұлдыз, Құрбы
- Теплоключенка айылдық округі: Ақсу а. (Теплоключенка) (орталығы), Лесное
- Шелпек айлдық округі: Шелпек а. (орталығы), Бұрмасу, Тасқия
- Еңілшек айылдық округі: Еңілшек а. (орталығы), Кеңсу, Қойлы, Құрғақ, Майсаз, Тасқорау, Ешкілітас
Дереккөздер
|
|