Кеңес Одағының Батыры[1] — Кеңес Одағында1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды. Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегі адамдарды құтқарушы ұшқыштар болды.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары
Қазақстандықтардың ішінен ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алғаш ұшқыш П.Ф. Шевцов (1937, 22 қазан) Испаниядафашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін берілді. 1938 – 1941 жылдары жапон және фин соғысында көрсеткен ерліктері үшін С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков, В.К.Булавский мен Г.С. Пулькин Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атанды. Одан кейінгі уақытта да Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар қатары біршама өсті.