Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы немесе КОКП (орыс. Коммунисти́ческая па́ртия Сове́тского Сою́за) – Кеңес Социалистік Республикалар Одағында, билігін жүргізген саяси партия.
1920 жылдардың басынан бастап 1990 жылдың наурыз айына дейін партия (әртүрлі атаулар - РК(б)П, БК(б)П, КОКП) біржақты жүйе бойынша жұмыс істеді және елдегі тоталитарлық автократиялық режимді құруға ықпал еткен саяси билікте монополиялық құқыққа ие болды. Бұл мәртебе конституциялық тұрғыда бекітілген: 1936 жылғы Конституцияның 126-бабында Коммунистік партия мемлекеттік және қоғамдық жұмыскерлердің «басқару орталығы» деп жарияланды, ал 1977 жылы қабылданған КСРО-ның Конституциясында КОКП кеңестік қоғамның басқарушы және бастаушы күші деп жарияланды. 1990 жылы партияның саяси билікке жүргізген конституциялық монополиясы жойылды, алайда КСРО Конституциясында КОКП, тіпті, жаңа редакциясында басқа саяси партиялар арасында да бөлек айтылды.
1991 жылы 19-21 тамыздағы оқиғалар КОКП-ны антиконституциялық іс-әрекеттерге айыптауға негіз болды. РКФСР Президентінің 1991 жылғы 6 қарашадағы № 169 Жарлығымен КОКП және оның РКФСР КП республикалық ұйымы қызметін тоқтатты, ұйымдық құрылымдар таратылды, мүлік тәркіленді. Алайда, РФ-ның Конституциялық Соты1992 жылғы30 қарашада № 9-П сот бұйрығымен КОКП - РКФСР КП-ның бастапқы ұйымдарының қызметіне тыйым салуды конституциалық емес деп таниды. Іс-шаралар жалпыға бірдей ұйым мәртебесінің құлдырауына және жоғалуына байланысты тоқтатылды.
Ресей социал-демократиялық жұмысшы (большевиктер) партиясы
—
РСДЖ(б)П
1918 – 1925
—
Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясы
—
РК(б)П
1925 – 1952
—
Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы
—
БК(б)П
1952 – 1991
—
Кеңес Одағы Коммунистік партиясы
—
КОКП
Тарихы
Партияның теориялық негізі – марксшіл-лениншіл ілім болып саналды, түпкі мақсаты – коммунизм құру болып белгіленді, әр тарихи кезеңдегі міндеттерді айқындайтын бағдарламалары болды, ұйымдық құрылымы жарғысында көрініс тапты. Жоғ. органы – партия съездері болды, съездерде Орталық комитеті (ОК – ЦК) Орталық тексеру комиссиясы (ОТК – ЦРК) сайланған. КОКП ОК-ті өз пленумдары аралығында партия жұмысына басшылық жасау үшін КОКП ОК-інің Саяси бюросын (1919 жылдан бастап, ал 1952 – 66 ж. ол КОКП ОК-нің Төралқасы болып аталды), кадрларды іріктеп, жұмыстардың атқарылуын тексеретін хатшылықты, ОК-тің Бас (бірінші) хатшысын сайлап отырды. Партияның негізі – бастауыш ұйымдар болды, олар зауыт, фабрика, ұжымшар, кеңшар, т.б. кемі үш партия мүшесі бар кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында, армияда ұйымдастырылды. КОКП басшылығымен Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағы жұмыс істеді (қ. Комсомол). 1880 – 90 жылы Ресейде өнеркәсіп жедел дамып, жұмысшылардың белсенділігі күшейді. Жұмысшы қозғалысына басшылық ету үшін 1883 жылы Женевада тұңғыш орыс марксшілдері ұйымы “Еңбекті азат ету" тобы [негізін Г.В. Плеханов (1856 – 1918) қалаған] құрылды (қ. Маркс К.). Осы ұйымның ықпалымен Ресейдің өз ішінде де көптеген марксшіл үйірмелер пайда болды. 1898 ж. 50-ден астам қалаларда марксшіл үйірмелер мен ұйымдар жұмыс істеді. Олар 1898 ж. 1 – 3 (13 – 15) наурызда Минскіде Санкт-Петербургтік “Күрес одағы” ұйымының (жетекшілері В.И. Ленин, Л.Марков, т.б.) ұйымдастыруымен өз съезін өткізді. Съезд бүкілресейлік біріккен марксшіл жұмысшы партиясының құрылғанын жариялап, оны “Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы” (РСДЖП) деп атау туралы шешім қабылдады. Съезден кейін Ресейдегі бұрынғы марксшіл ұйымдар РСДЖП комитеттері болып атала бастады. Бірақ партия іс жүзінде әлі құрылған жоқ болатын. Оның жарғысы, бағдарламасы, күрес тактикасы болмады, партия бір орталықтан басқарылмады. Осы мәселелер РСДЖП-нің 2-съезінде [1903, 17 (30) шілде – 10 (23) тамыз) Брюссель – Лондон] қатты талқыланды. Онда Ленинді жақтаушылар большевиктер, Марковты (1873 – 1923) жақтаушылар меньшевиктер болып аталды. 1905 – 07 ж. Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Осыған байланысты РСД(б)ЖП-нің 3-съезінде [1905, 12 (25) сәуір – 27 сәуір (10 мамыр] партияның күрес тактикасы белгіленді. Ресейде 50-ден астам большевиктік ұйымдар құрылып, ірі-ірі қалаларда Жұмысшы депутаттары кеңесі пайда болды. Большевиктер 1905 ж. Мәскеуде, т.б. ірі қалаларда өткен желтоқсан қарулы көтерілісіне қатынасты. Партияның 4-съезі [1906, 10 (23) – 25 сәуір (8 мамыр) Стокгольм] мен 5-съезі [1907, 30 сәуір (13 маусым) – 13 мамыр (1 маусым), Лондон] бірігу съездері болды. Онда большевиктер мен меньшевиктер уақытша бірікті. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 18) Батыс Еуропа жұмысшы партияларының көпшілігі өз үкіметтерін қолдап шықты. Марксшіл партиялардың халықар. қауымдастығы – ІІ-Интернационал тарап кетті. 1917 жылы Ресейде Ақпан революциясы болып, елде қосарланған билік жүйесі (Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің билігі – “қос өкімет”) орнады. Ленин, т.б. партия көсемдері эмиграциядан, айдаудан қайтып, саяси өмірге араласты. РСД(б)ЖП-ның 6-съезі [1917, 26 шілде (8 тамыз) – 3(16) тамыз, Санкт-Петербург] Ленин нұсқауларын басшылыққа ала отырып, өкімет билігін қарулы көтеріліс арқылы тартып алу туралы шешім қабылдады. Көтеріліс 1917 ж. 25 қазанда (8 қараша) ел астанасы Санкт-Петербургте (қ. Кеңес өкіметі), 2 (15) қарашада Мәскеуде жеңіп шықты. Енді РСД(б)ЖП оппозициядағы партиядан жетекші партияға айналды (қ. Қазан төңкерісі). РСД(б)ЖП-ның 7-съезінде (1918, 6 – 8 наурыз, Санкт-Петербург) партияның атауы өзгеріп, Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясы [РК(б)П] болып аталды. Коммунистік партия жұмысшылар мен шаруаларды Кеңестік республиканы қорғауға шақырды. РК(б)П-ның 8-съезі (1919, 18 – 23 наурыз, Мәскеу) мен 9-съезінде (1920, 29 наурыз – 5 сәуір) Қызыл Армияны нығайту, контрреволюция мен шетелдік басқыншыларды талқандау негізгі мақсат етіп қойылды.
Азамат соғысында жеңіске жеткеннен кейін бір ғана саяси партия – РК(б)П билігіндегі Кеңес өкіметінің алдында тұрған негізгі міндет ашаршылықпен күрес, экономиканы қалпына келтіру мәселелері болды. Сондықтан партияның 10-съезі (1921, 8 – 16 наурыз) “соғыс коммунизмі” саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде шешім қабылдады. Съезде ұлт мәселесі, кәсіподақтар жөнінде қызу пікірталастар жүріп, лениндік тұжырымдама қабылданды. Жікшілдікке жол бермеу үшін “Партияның бірлігі туралы” қарар да қабылданды. 11-съезде (1922, 27 наурыз – 2 сәуір) жаңа экон. саясаттың бір жылдық қорытындысы шығарылды. Елдің одан әрі саяси, экон., мәдени дамуы үшін кеңестік республикалардың ерікті одағын құру қажеттілігі айтылды. “Автономияландыру”, яғни барлық кеңестік республикалардың Ресей құрамындағы автон. аймақтар болуы қажеттігі идеясы қатты сынға ұшырады. Съезден кейін өткен РК(б)П ОК-і пленумында ОК Бас хатшысы болып И.В. Сталин сайланды. Осы жылдың қазан – желтоқсан айларында өткен Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Грузия компартияларының пленумдары КСРО-ға бірігуді мақұлдады (қ. Кеңес Одағы). РК(б)П-ның 12-съезі (1923, 17 – 25 сәуір) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету, партияның және кеңестердің басқару жүйелерін жетілдіру мәселелерін қарады. Осы жылы партия ішінде қызу күрес басталды. Сондықтан фракциялар мен топтар еркіндігін талап еткен ОК пленумы троцкийшіл, “децистер”, “солшыл коммунистер”, “жұмысшы оппозициясы”, т.б. топтарды марксшіл-лениншіл идеялардан шегіну, ұсақ буржуазиялық адасу деп мәлімдеді. 1924 ж. 21 қаңтарда партия көсемі Ленин қайтыс болды. РК(б)П ОК-і жедел пленум өткізіп, партияға лениндік шақыру жариялады. Жедел түрде 240 мыңнан аса жұмысшылар мен шаруалар партия қатарына алынды. Ленин ауырып жатқан кезде және ол қайтыс болғаннан кейін партияның ОК-і мүшелері арасында билікке таласушылар арасында қызу пікірталастар жүріп жатты. Ол пікірталастар 14-съезде (1925, 18 – 31 желтоқсан) айқын байқалды. Онда Сталин тобы жеңіске жетіп, Л.Троцкий тобы мен “жаңа оппозиция” (Каменев – Зиновьев) тобы талқандалды. Съезде партияның жаңа жарғысы қабылданып, РК(б)П – Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы [БК(б)П] болып аталды. БК(б)П-ның 15-съезінде (1927, 2 – 19 желтоқсан) ел экономикасын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспарын жасау жөнінде нұсқау қабылданды.1929 – 32 жылдарға арналған бірінші бесжылдық жоспар БК(б)П-ның 16-конференциясында (23 – 29 сәуір, 1929) бекітілді. Съезде Троцкий – Зиновьев тобы лениншіл бағыттан қол үзді деп есептелініп, ол топтың көптеген мүшелері партиядан шығарылды (қ. Бесжылдықтар). БК(б)П-ның 16-съезі (1930, 26 маусым – 13 шілде) Кеңес Одағының көптеген аймақтарында болып жатқан жаппай ашаршылықтарға қарамастан өнеркәсіп пен а. ш-нда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік деп атап көрсетті. 17-съезде (1934, 26 қаңтар – 10 ақпан) бірінші бесжылдықтың қорытындысы шығарылып, екінші бесжылдық жоспары бекітілді. Осы съезде Сталин Бас хатшылыққа сайланарда көпшілік дауыс ала алмай, делегаттар партияның Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) губерниялық және қалалық комитетінің, БК(б)П-ның Солт.-Бат. бюросының 1-хатшысы, ОК Саяси бюросының мүшесі С.М. Кировты (1886 – 1934) жақтап дауыс берді. Бірақ дауыстарды санаушы комиссия сайлауды Сталиннің пайдасына бұрып жіберді. Көп ұзамай Киров белгісіз жағдайда кісі қолынан қазаға ұшырады (1934). Осыдан кейін Кеңес Одағында жаппай саяси қуғын-сүргін өршіп, артынша Ұлы Отан соғысы (1941 – 45) басталды да, партия съезі шақырылмай қалды.
Қазақстанда 1921 жылы маусымда болған партия конференциясы жергілікті большевиктік ұйымдарды РК(б)П құрамында болатын біртұтас Қазақ облысы партия ұйымына біріктірді, партияның облыс комитетін сайлады. 1925 жылы 19 ақпанда БК(б)П ОК шешімімен облыстық ұйым – өлкелік ұйым, обком – өлкелік комитет болып қайта құрылды. 1937 жылы сәуірде өлкелік ұйым Қазақстан К(б)П-на, өлкеком – Қазақстан К(б)П Орталық Комитетіне айналдырылды (қ. Қазақстан Коммунистік партиясы). Елде Сталиннің тоталитарлық режимі орнықты. Соғыс жылдарында партия қатары нығайтылып, 5319297 адам кандидаттыққа, 3615451 адам мүшелікке өтті. 1952 ж. 4 – 19 қазанда өткен 19-съезде партияның атауы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы (КОКП) болып өзгертілді. 1953 ж. 5 наурызда Сталин қайтыс болды. КОКП-ның 20-съезінде (1959, 14 – 25 ақпан) Сталиннің жеке басына табыну дәстүрі жан-жақты талқыланып, қатал айыпталды. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, партияның кезектен тыс шақырылған 21-съезі (1959, 22 қаңтар – 5 ақпан) елде социализм толық және түпкілікті орнады деген қорытынды шығарды. Кеңес халқы жаңа коммунистік қоғамға аяқ басты деп есептелінді. КОКП-ның 22-съезінде (1961, 17 – 31 қазан) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды, партияның үшінші бағдарламасы қабылданды. Онда елде коммунизм орнату үшін үш негізгі міндетті (коммунизмнің материалдық базасын жасау; жаңа адамды тәрбиелеу; коммунистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру) шешу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Партияны Н.С. Хрущев басқарған кезде (1953 – 64) елде саяси әулекілік етек алды, шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Сондықтан 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, орнына Л.И. Брежнев сайланды. КОКП-ның 23 – 27-съездері әр 5 жыл сайын өткізіліп тұрды. Оларда, негізінен, өткен бесжылдықтар қорытындылары шығарылып, жаңа бесжылдық жоспарлары бекітіліп отырды. Елде 20 ғ-дың 50-жылдарының орта тұсында орнаған кейбір демокр. өзгерістер шектеліп, партия өз ішінде тоқырауға ұшырай бастады. КСРО-да көппартиялықтың болмауы, КОКП-ның жеке билігі елде тоталитарлық жүйе қалыптастырды. Ел экономикасы тоқырауға ұшырап, кері кете бастады. Партия аппараты мен үкіметте реформа жүргізуге тырысушылар ревизионистер ретінде қудалауға ұшырады. Брежнев қайтыс болып, партия басшылығына 1982 ж. қарашада Ю.М. Андропов (1914 – 1984), 1984 ж. наурызда ол қайтыс болған соң К.У. Черненко (1911 – 1985), ол да 1985 жылы наурызда қайтыс болғаннан кейін М.С. Горбачев сайланды (қ. Горбачев М.С.). 1985 жылы сәуір пленумынан басталған елдегі өзгерістер КОКП мүшелеріне де қатты әсер етті. Көптеген КОКП мүшелері партия ішінде реформалар жүргізуді талап етті. Халық арасында компартияның жетекшілік рөліне қарсы қозғалыстар күшейіп кетті. Одақтас республикалардың компартиялары 1989 жылдан бастап, КОКП-дан бөлініп шығуды қолға алды. Осыған байланысты партия басшылығындағы кертартпа күштер 1991 ж. Мәскеуде тамыз бүлігін ұйымдастырды. Бүлік басылғаннан кейін көп ұзамай Ресей Президенті Б.Ельцин өзінің жарлығымен КОКП-ға тыйым салды. КОКП биліктен кеткеннен кейін көп ұзамай 1991 ж. 8 желтоқсанда Кеңес Одағы тарап кетті. Қазіргі кезде Ресейде бірнеше партия өздерін КОКП-ның мұрагерлеріміз деп есептейді.[1]
Мүшелік
КОКП-ға кіру үшін партияның екі мүшесінің ұсыныстары талап етілді (партия тәжірибесі кем дегенде бір жыл). Осы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейін бейпартиялық КОКП-ның кандидаттық мүшесі болатын және оған кандидаттық карточка берілетін.
Талап етілген ұсыныстардың саны тарихи тұрғыда өзгереріп отырды, сонымен қатар (1920-1930 жж.) әлеуметтік үлеске байланысты (екі, үш, бес ұсыныс) болуы мүмкін еді. Кандидат тәжірибесінің мерзімі де өзгеруі мүмкін (бір жыл, екі, үш) еді.
Барлық партия мүшелер және кандидаттар ай сайын партиялық жарна төлеуге міндетті болды. Мүшелік жарна төлеу туралы ескертулер партиялық билетте көрсетілетін.
1917 жылы РК(б)П саны 350 мың адам болды. 1924 жылы Ленин қайтыс болғаннан кейін партияға жұмыскерлерді жаппай қабылдау («лениндік шақырту») өткізілді.
1923 жылы партияда 386 мың адам, 1924 жылы 735 мың адам, 1927 жылы 1 236 мың адам, 1930 жылы 1 971 мың адам, 1934 жылы - 2 809 мың адам болды. Зерттеуші Н. Н. Маслов 1920-1929 жж. өнеркәсіпті соғысқа дейін қалпына келтіру есебінен жұмыс класының саны 5 есе өсті, бұл ең алдымен тапсызданған шаруа жастарына байланысты болды. 1927-1929 жж. әрбір жетінші жұмысшы оқи да, жаза да алмады.
1937 жылы БК(б)П мүшелерінің саны 1 453 828 адам болды.
Әлеуметтік құрылымына қарай, 1973 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша КОКП мүшелерінің 40,7% -ы зауыт жұмысшылары, 14,7% - ұжымдық фермерлер болды.
Мемлекеттік идеология КОКП-ны еңбекші адамдардың партиясы екендігін сендіргендіктен, жаңа мүшелерді қабылдаған кезде, партия өз ұжымдарында қарапайым ұжымдық фермерлер мен зауыт жұмысшыларының белгілі бір пайызын сақтап қалуға тырысты.
Партия санының көп болуына байланысты, партия мүшелерінің абсолюттік көпшілігі қарапайым коммунистерден тұрды.
1990 жылдың наурыз айында КОКП ОК-тің пленумында КОКП-ның жаңа Жарғысын (соңғы тарихында) қабылдағанымен, жаңа мүшелерді қабылдау тәртібін жеңілдету үшін сол жылы КОКП-да 1 жылдық кандидаттық тәжірибені толық жойды. Барлық кандидаттар автоматты түрде партия мүшесі болып қабылданды. Себебі, осы уақытта партия зиялылардың КОКП-дан кету үрдісі байқалды. 1961 жылға дейін үміткердің кандидаттық тәжірибе 1-санат үшін 1 жыл (5 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар өнеркәсіпшілер) және 3 жыл болған өзге партиялардан шыққандардан қарағанда, басқаларына 2 жыл, ал 1961 жылдан бастап 1 жыл болған.
1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша КОКП мүшелері мен кандидаттарының саны 16 516 066 мүшені құрады (КОКП-ны тіркеу кезінде КСРО-ның Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, олар жария болған).
КОКП-ның ерекшелігі оның ұйымдастырушылық құрылымында. КОКП-ның құрамына КСРО-дағы он бес республиканың он төрт коммунистік партиясынан құралған болатын, ал республикалардың ішіндегі ең ірісі РКФСР өзінің коммунистік партиясы болмады, ал оның аумағындағы партия ұйымдары КОКП-ның бүкілодақтық органдарына бағынды. РКФСР коммунистік партиясы1990 жылы ғана құрылды, бірақ тамыз төңкерісінен кейін ол РКФСР Президентінің жарлығымен тыйым салынды; 1993 жылыРФКП ретінде қалпына келтірілді.
Ұйымдастырылған құрылым
Құрамына КСРО-ның 14 басқарушы республикалық коммунистік партиялары кірді: 1990 жылдың маусым айына дейін РКФСР КОКП-ның Орталық құрылымына негізделген республикалық компартиясы жоқ Кеңес Одағындағы жалғыз республика болды. 1940-1956 жж КП Карел-Фин КСР өмір сүрді.
КОКП-ның жоғары органы бастапқыда жыл сайын шақырылған партиялық съезд болды, бірақ 1925 жылдан кейін съездер тұрақты болмады: тіпті, 13 жыл (1939—1952 жылдар) арасында болды, съезддер арасында - Орталық комитет, Съезд, Орталық комитеттің отырыстарының арасында - Орталық комитеттің Саяси бюросы (1919 жылға дейін - Орталық комитеттің Бюросы, 1952-1966 - Орталық комитеттің Президиумы) сайланды, Орталық комитет жоғарғы орындаушы орган - Орталық комитеттің Секретариатты сайлады, Орталық комитет жоғарғы лауазымды адам - Орталық Комитеттің Бас хатшысын (1919 жылға дейін - Орталық комитеттің Төрағасы, 1919-1922 жж. - Орталық Комитетінің Жауапты хатшысы, 1934-1953 жж. - лауазым болмады, 1953-1966 ж. - Орталық Комитеттің Бірінші хатшысы) сайлады, Орталық комитет жоғарғы басқару орган - Партиялық бақылау комитетін (1962-1965 жж. - Партия-Мемлекеттік бақылау комитеттері, 1934-1952 жж. - Партиялық бақылау комиссиясы, 1920-1934 жж. - Орталық бақылау комиссия) сайлады, Орталық Комитет жоғары аудит мекемесі - Орталық тексеру комиссиясын сайлады.
Съезддер өміріндегі маңызды оқиғалар болды, оның барысында партия саясатының негізгі бағыттары айқындалды және оның жоғарғы органдарының құрамы қалыптасты. Барлығы 28 съезд өткізілді. Минск қаласында (1898) Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының құрылтай съезі бірінші болып саналады, ал 1990 жылы Мәскеуде өткен КОКП-тың 28-ші съезі - соңғы болып табылады. Жарғыға сәйкес Партияның жетекші рөлді партия съезді ойнау керек болды, бірақ шын мәнісінде 1921 жылы партияішілік фракциялар мен топтарға тыйым салынғаннан кейін Орталық комитет пен Орталық комитеттің Саяси бюросы жоғарғы жетекші күшке ие болды, ал 1924 жылдан бастап ОК Бас хатшысы, КСРО-ның де-факто басшысы болды.
Республикалық органдар
Одақтық республикалардың коммунистік партияларының жоғарғы органдары - съездерді, облыстық конференциялар (облыстық бөліністері жоқ одақтық республикаларда - аудандық конференция) сайлады, съездер арасында - орталық комитетті съездер сайлады, орталық комитеттер отырысының арасында - орталық комитеттің саяси бюросын орталық комитет сайлады, атқарушы органдар - орталық комитеттің секретариатын орталық комитет сайлады, жоғарғы лауазымды адамдар - орталық комитеттің бірінші хатшыларын орталық комитеттер сайлады.
New York Public Library Thành lập 1895 Địa điểm New York, New York Chi nhánh 87 chi nhánh Lưu trữ Trữ lượng 20.402.004 sách (51.274.648 đơn vị)[1] Độc giả Độc giả 3.476.139 1.620.867 (Manhattan), 1.373.659, (The Bronx), 481.613 (Staten Island) Hành chính Ngân sách 50.171.798 USD Giám đốc Paul LeClerc Nhân viên 3.147 Web www.nypl.org Thư viện Công cộng New York (tiếng Anh: The New York Public Li...
Extinct genus of mammals ZygophyseterTemporal range: Miocene (Tortonian), 11.6–7.2 Ma PreꞒ Ꞓ O S D C P T J K Pg N ↓ Cast of a skull at the Museo storia naturale di Pisa in Italy Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Chordata Class: Mammalia Order: Artiodactyla Infraorder: Cetacea Superfamily: Physeteroidea Family: incertae sedis Genus: †ZygophyseterBianucci & Landini, 2006 Species: †Z. varolai Binomial name †Zygophyseter ...
معالي الشريف رالف داريندورف (بالألمانية: Ralf Dahrendorf) معلومات شخصية الميلاد 1 مايو 1929[1][2][3][4][5][6][7] هامبورغ[8] الوفاة 17 يونيو 2009 (80 سنة) [9][2][3][4][5][7] كولونيا سبب الوفاة سرطان مواطنة المملكة المتح
Regio's van Madagaskar Madagaskar is verdeeld in 22 regio's (faritra), die op 4 oktober 2009 de provincies vervingen. De regio's zijn weer verder onderverdeeld in districten en gemeenten. Nr. Regio Hoofdstad Opp. in km² Inwoneraantal 2011[1] Per km² 1 Diana Antsiranana 19.266 663.289 34 2 Sava Sambava 25.518 929.342 36 3 Itasy Miarinarivo 6.993 694.381 99 4 Analamanga Antananarivo 16.911 3.173.077 188 5 Vakinankaratra Antsirabe 16.599 1.708.685 103 6 Bongolava Tsiroanomandidy 16.688...
Останній кардинал-мирянин Теодольф Мертель Кардинал-мирянин — традиційна назва кардиналів Римо-католицької церкви, які не мали сану священика чи єпископа. До 1917 року будь-який чоловік, долучений тільки до малого чину католицької церкви, міг отримати ранг кардинала-д...
Ikebana Ikebana (Japans: 生花, wat letterlijk levende bloemen betekent) is de Japanse kunst van bloemstukken maken. Het wordt ook wel kadō (華道 of 花道) genoemd — de weg van de bloemen. In tegenstelling tot de kunst van het bloemschikken in de westerse wereld, waar vooral de kwaliteit van de bloemen voorop staat, is de Japanse bloemschikkunst gericht op het scheppen van een fraaie compositie. Men geeft aandacht aan het lijnenspel, ritme en kleur. Met ikebana brengt men de omgeving b...
Singapura padaOlimpiade Musim Panas 1976Kode IOCSINKONDewan Olimpiade Nasional SingapuraSitus webwww.singaporeolympics.comPenampilan pada Olimpiade Musim Panas 1976 di MontrealPeserta4 (3 putra dan 1 putri) dalam 4 cabang olahragaPembawa benderaKoh Eng KianMedali 0 0 0 Total 0 Penampilan pada Olimpiade Musim Panas (ringkasan)1948195219561960196419681972197619801984198819921996200020042008201220162020Penampilan terkait lainnya Malaysia (1964) Singapura berkompetisi pada Olimpiade Musim Pa...
Hypothetical future global conflict Third World War, World War Three, and WWIII redirect here. For the band, see Third World War (band). For other uses, see World War III (disambiguation). Nuclear warfare is a common symbol and theme of World War III scenarios. Such a conflict has been hypothesized to possibly result in or lead to human extinction. World War III, WWIII, WW3, or the Third World War are the names given to the hypothetical global conflict subsequent to World War I and World...
American drama web television series Step UpAlso known asStep Up: High WaterGenre Drama Dance Created byHolly SorensenBased onStep Up franchiseStarring Lauryn McClain Petrice Jones Marcus Mitchell Terrence Green Carlito Olivero Jade Chynoweth Kendra Oyesanya Eric Graise Faizon Love Naya Rivera Ne-Yo Christina Milian Keiynan Lonsdale Terayle Hill Rebbi Rose Enrique Murciano Tricia Helfer Theme music composerKutt the CheckComposers EmmoLei Sankofa Stephanie Economou Jared Gustadt Jeff Peters Co...
Malaysia government deputy minister Deputy Minister of Domestic Trade and Costs of LivingTimbalan Menteri Perdagangan Dalam Negeri dan Kos Sara HidupCoat of Arms of Government of MalaysiaIncumbentFuziah Sallehsince 10 December 2022 (2022-12-10)Ministry of Domestic Trade and Costs of LivingStyleDeputy Minister of Domestic Trade and Costs of Living(informal)Yang BerhormatThe Honourable(within Malaysia)Reports toPrime Minister of MalaysiaMinister of Domestic Trade and Costs o...
Indian actress Nigar SultanaPortrait of Nigar Sultana (1949)Born(1932-06-21)21 June 1932Hyderabad, Hyderabad State, British IndiaDied21 April 2000(2000-04-21) (aged 67)Mumbai, Maharashtra, IndiaOccupationActressYears active1946–1986SpouseK. AsifChildren5 Nigar Sultana (21 June 1932 – 21 April 2000) was an Indian actress who worked in Hindi films. She appeared in Aag (1948), Patanga (1949), Sheesh Mahal (1950), Mirza Ghalib (1954), Yahudi (1958), Do Kaliyaan (1968), etc. but she ...
Province in TurkeyBayburt Province Bayburt iliProvinceLocation of the province within TurkeyCountryTurkeySeatBayburtGovernment • ValiMustafa EldivanArea3,746 km2 (1,446 sq mi)Population (2022)[1]84,241 • Density22/km2 (58/sq mi)Time zoneTRT (UTC+3)Area code0458Websitewww.bayburt.gov.tr Bayburt Province (Turkish: Bayburt ili) is a province of Turkey. Located in the Northeast Anatolia region of the country, the capital city is Bayburt. It...
Process in which chromosomes are replicated and separated into two new identical nuclei For the type of cell division in sexually-reproducing organisms used to produce gametes, see Meiosis. For excessive constriction of the pupils, see Miosis. For the parasitic infestation, see Myiasis. For muscle inflammation, see Myositis. Mitosis in the animal cell cycle (phases ordered counter-clockwise). Mitosis divides the chromosomes in a cell nucleus. Label-free live cell imaging of mesenchymal stem c...
Isis King King, 2008Lahir1 Oktober 1985 (umur 38) [1]Prince George's County, Maryland, A.S.[2]Informasi modelingTinggi5 ft 7 in (1,70 m) Situs webkingisis.com Isis King (lahir 1 Oktober 1985) adalah seorang model, aktris, dan perancang busana asal Amerika. Dia dikenal karena perannya di America's Next Top Model,[3] dia adalah transpuan pertama yang berkompetisi di acara itu, dan menjadi salah satu orang transgender yang paling sering muncul di...
جيف شيغر معلومات شخصية الميلاد 1 ديسمبر 1943 (80 سنة) بروكلين مواطنة الولايات المتحدة عضو في الأكاديمية الوطنية للعلوم، والأكاديمية الأمريكية للفنون والعلوم، وجمعية الرياضيات الأمريكية[1][2] الحياة العملية المدرسة الأم جامعة هارفاردجامعة برنس...
A soldier from the 10th Mountain Division (LT) in Nuristan Province. Operation Mountain Resolve was launched by a coalition led by the United States on 7 November 2003 in the Nuristan province and Kunar province in Afghanistan. It involved an airdrop into the Hindu Kush mountains by the U.S. 10th Mountain Division and resulted in the killing of Hezbi commander Ghulam Sakhee, a few clashes, and the finding of some minor weapon caches. Background Elements of the 2nd Battalion, 22nd Infantry Reg...
2008 live album by George CarlinIt's Bad For YaLive album by George CarlinReleasedJuly 29, 2008 [1]RecordedMarch 1, 2008, Wells Fargo Center for the Arts, Santa Rosa, CaliforniaGenreComedyLength67:00LabelEardrum/AtlanticProducerGeorge CarlinGeorge Carlin chronology Life Is Worth Losing(2006) It's Bad For Ya(2008) I Kinda Like It When a Lotta People Die(2016) Wikiquote has quotations related to George Carlin. It's Bad for Ya is the 19th album as well as the 14th and final HBO s...
This article includes a list of general references, but it lacks sufficient corresponding inline citations. Please help to improve this article by introducing more precise citations. (May 2015) (Learn how and when to remove this template message) 1990 video gameColumnsDeveloper(s)SegaPublisher(s)SegaDesigner(s)Jay Geertsen[9]Composer(s)Tokuhiko UwaboPlatform(s) Arcade Arcade, Mega Drive/Genesis, Master System, Sega CD, Game Gear, Atari ST, PC-Engine, FM Towns, NEC PC-8801, NEC PC-9801...
Secondary school in Didcot, Oxfordshire, EnglandDidcot Girls' SchoolAddressManor CrescentDidcot, Oxfordshire, OX11 7AJEnglandCoordinates51°36′24″N 1°15′14″W / 51.606769°N 1.253976°W / 51.606769; -1.253976InformationTypesecondary schoolMottoCommitted to ExcellenceLocal authorityOxfordshire County CouncilDepartment for Education URN138490 TablesOfstedReportsChair of GovernorsRuth ElliotHeadteacherGeorgina LittlerAge11 to 18Enrolment1381Houses7Websitehttp...