Әзірбайжан коммунистік партиясы

Әзірбайжан коммунистік партиясы - КОКП-ның Әзірбайжандағы бөлігі. Жұмысшылардың астыртын революциялық тұңғыш үйірмелері Бакуде 19 ғасырдың соңғы жылдарында ұйымдаса бастады. 1898 жылы жер ауып келген орыс социал-демократтарының күшеюі салдарынан Бакуде марксистік үйірмелердің негізі қаланды, бұларға механикалық шеберханалар мен мұнай өңдеу кәсіпорындарының алдыңғы қатардағы жұмысшылары бірікті. 1900 жылы Бакуде социал-демократының басқарушы орталығы құрылды. Оған А. С. Енукидзе, В. З. Кецховели (Ладо) тағы басқа кірді. Азербайжан партия ұйымының жұмысына 1901 жылы көктемнен бастап Баку социал-демократтарының «Искра» редакциясымен, Ленинмен байланыс жасауының маңызы зор болды. Бакудегі жасырын «Нина» баспаханасы РСДЖП-нің негізгі баспа орындарының бірі болды. Марксистік әдебиет осында басылып, Закавказьенің, Ресейдің көптеген қаларына таратылды. 1902 жылы сәуірдің аяғында РСДЖП Баку комитеті ең алғаш саяси сипаты бар 1-Мамыр демонстарциясын ойдағыдай өткізді, үндеулер шығарды. Бакудің социал-демократтар ұйымы Лениндік «Искра» позициясында біржола қосылды да, РСДЖП 2-съезін әзірлеуге белсене кірісті. 1903 жылы наурызда Тбилисиде Кавказ социал-демократ ұйымдарының 1-съезі болды. Ол РСДЖП Кавказ одақтық комитеті басқаратын РСДЖП Кавказ одағын құрды.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD. ISBN 9965-893-38-1

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!