Леонид Ильич Брежнев (19 желтоқсан,1906,Каменское, Днепропетров облысы — 10 қараша,1982,Мәскеу) — 1964 ж. бастап КОКП ОК Бірінші хатшысы (1966 ж. бастап Бас хатшы) және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы (1960—64 жж. және 1977—82 жж. Төрт рет Кеңес Одағы ері, Социалистік еңбек ері.
Өмірбаяны
Жұмысшы отбасында дүниеге келген. Курск жерге орналастыру-мелиорация техникумын (1927), Днепродзержинск металлургия институтын (1935) бітірген. 1931 жылдан СОКП мүшесі. 1947 ж. Днепропетровск облыстық партия комитетінің 1-хатшысы, 1950 жылы Молдавия КП ОК-нің 1-хатшысы болған. 1954 жылы ақпанда Қазақстан КП ОК-нің 2-, 1955 жылы тамызда 1-хатшысы болып сайланды. Қазақстанда отарлық тәртіптің нығаюына, қазақ халқының мәдениеті мен тілінің шеттетілуіне себепкер болған тың және тыңайған жерлерді игеру ісіне басшылық жасады. 1960—64 жылы КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасының төрағасы, СОКП ОК-нің 1-хатшысы (1964), Бас хатшысы (1966) болып сайланған. Брежнев басшылық еткен жылдары “Кеңес империясында кемелденген социалистік құрылыс жеңді” деген негізсіз ресми тұжырым жасалды. Осыған қарамастан КСРО экономикалық және саяси қайшылықтар мен тоқыраудан шыға алмады. Брежнев ішкі саясатта әкімшілдік-әміршілдік жүйені орнықтырды. Кадрларды іріктеуде және тағайындауда сыбайластыққа, парақорлыққа жол берілді. Ел ішінде армияның, қауіпсіздік органдары мен СОКП-ның бақылаулары үстем болды. 1968 жылы Кеңес Армиясы Чехословакияға, 1979 жылы Ауғанстанға басып кірді. Халықартардың қарым-қатынас мейлінше шиеленісіп кетті. Варшава шартындағы мемлекеттерге зымыран қару-жарақтарын орналастыру, әскери әлуетті күшейту жолындағы бәсекелестік елдің саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырауына себеп болды. Брежневті мақтау, орынсыз мадақтау әрекеттеріне кеңінен жол ашылып, ол 220-дай кеңестік және шетелдік ордендермен, медальдармен марапатталды[1].
Нұрсұлтан Назарбаевтың естеліктері бойынша «Менің өмірім» кітабында, Алматы қаласында Брежневтің Әуезов атындағы театрдың фойесінде ұйымдастырған қабылдауы кезінде мыңға жуық адам қатысты. Қонақтар өз орындарына орналасқан кезде Дінмұхамед Қонаев Брежневке сөз сөйлеуді ұсынды. Бірақ қонақтар алдарындағы сусындарын ішіп, бокалдарын орындарына қойғаннан кейін, Брежнев күтпеген жерден орнынан көтеріліп, шығуға бет алды. Республиканың барлық басшылығы оның соңынан ерді. Брежнев көшеге шығып, көлігіне жақындады, бір минуттан кейін бүкіл кортеж қозғалды. Назарбаевтың айтуынша, Брежнев театрға келу мақсатын ұмытып қалғаны анық еді, ал оның айналасындағылар оның ауыр жағдайын байқамағандай кейіп танытты.[2]
Дереккөздер
|
---|
| КСРО ХКК төрағасы (1922-1924) | | |
---|
| БК(б)П ОК Бас хатшысы (1924-1934) | |
---|
| БК(б)П ОК хатшысы (1934-1953) | |
---|
| КОКП ОК Бірінші хатшылары (1953-1966) | |
---|
| КОКП ОК Бас хатшылары (1966-1990) | |
---|
| КСРО президенті (1990-1991) | |
---|
|