Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - құрылым] - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы.
Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым ұғымы "таптық қүрылым" ұғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтарға, жіктерге бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясы қарастырады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3