«Правда» |
[[Сурет:|220px|сурет]] |
Форматы |
A2
|
---|
Бас редакторы |
Борис Олегович Комоцкий
|
---|
Құрылған жылы |
5 мамыр 1912
|
---|
Саяси тиістілік |
РФКП органы
|
---|
Тілі |
орыс
|
---|
Бас кеңсесі |
125993, ГСП-3, Мәскеу, Правда көшесі 24
|
---|
Тиражы |
100 300 (2010)
|
---|
|
gazeta-pravda.ru |
«Правда» — еркін газет. Шығарушы «Правда» журналистер ұйымы. 1992 жылға дейін бұрынғы КОКП ОК-нің органы болды. В. И. Лениннің бастауымен 1912 ж. 5 мамырдан шыға бастаған. Газетте Л. Адалистің «Дала әуендері» (1940, 21 маусым), С. Мұқановтың «Абай Құнанбаев және орыстың классикалық әдебиеті» (1945, 15 тамыз), Л. Соболевтің «Абай Құнанбаев» (1954, 5 қыркүйек) және редакциялық «Абай поэзиясының екі томы» (1977, 15 шілде) деген мақалалар жарияланды. Бұл материалдарда Абайдың қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырудағы жолбасшылық қызметі, ақын шығармаларының реалистік және жаңашылдық дәстүрі, оның өлеңдері мен орыстың классикалық әдебиетінің үндестік байланыстары және аудармаларының шеберлігі сөз болады. «Правда» Абай Құнанбаевты «қазақ жазба әдебиетінің көш басы» деп бағалады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Сыртқы сілтемелер