Саваннада субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік өсімдіктер типінің ксерофитті шөптесіндері, жеке немесе шоқ ағаштары (акация, эвкалипт, т.б.) мен бұталары кезектесіп орналасқан. Өсімдіктері ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейім келеді. Шөптесін өсімдіктерінің жапырағы қатқыл, тікенекті. Олардың ішінде биіктігі 3 — 5 метрге дейін жететін астық тұқымдастары да бар. Ағаштары аласа, діңдерінің қабығы қалың, жоғарғы бөлігі шатыр тәріздес.