Субальпілік белдеу Альпі тау жүйесі мен Кавказ тауының батысында 1700 – 2300 м, Гималайдың оңтүстік беткейлерінде 3200 – 4000 м, Алтайда 2000 – 2400 м, Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында 2400 – 3200 м биіктікте орналасқан. Климаты континенттік, қысы суық, ұзақ (7 – 8 айға созылады); қаңтар айының орташа температурасы – 20 – 22С. Жазы салқын, қысқа (2 – 3 ай), шілденің орташа температурасы 5 – 8С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 700 – 800 мм.
Нивальді, альпілік белдеулерден келетін еріген қар және мұздық суларының әсерінен субальпілік белдеудің ылғалдылығы жоғары болады. Қардың қалыңдығы 1 м-ге жетеді, жиі қар көшкіні болып тұрады. Субальпілік белдеуде субальпілік шалғын, аласа бұталар мен сирек ормандар; тау шалғындық қара топырағында бетеге, қазтабан, сұлыбас, арша, қараған өседі. Тау ешкісі, марал, қар барыстары, тундра ақ кекілігі, тағы басқа мекендейді. Қазақстан тауларындағы Субальпілік белдеулер мал жайылымы мен шабындық ретінде пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
↑“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9