Джунгли

Сьерра Мадре

Джунгли (ағылш. jungle, хинди мен мартхиша джангал — орман, ну орман) — қалың, көбінесе шырмауықтармен шырмалған бамбуктер мен биік шөптер аралас өскен ағашты-бұталы (жыңғыл) ормандар. Тропиктердің, негізінен, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды муссондық атыраптарына тән. Ылғалдылығы өте мол субтропиктік атыраптарда да кездеседі (мысалы, Қиыр Шығыста). Кең мағынада джунгли деп өтуі қиын, жиі өскен ормандар мен бұталарды да атайды.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!