Жыңғыл

A.
Жыңғыл

Жыңғыл(ағылш. Tamarix) – жыңғылдар тұқымдасына жататын бұта не ағаш.

Негізінен Оңтүстік Еуразия мен Солтүстік-Батыс Африкада кездесетін 60 (кейбір деректерде 90) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында таралған 11 түрі, 2 буданы бар.

Ең көп тарағаны: қызыл жыңғыл (ағылш. Tamarix ramosіssіma). Ол өзен бойларында, тоғайлардың арасында, құм, саз, сортаң топырақты далада кездеседі. Биіктігі 1 – 3 м, қабығы қою қызыл не сарғыш қызғылт түсті. Жапырағы ұсақ жұмыртқа тәрізді, сабақ бойына кезектесіп орналасады. Гүлі қос жынысты қызғылт, ақшыл көк не ақшыл түсті. Мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Гүлшоғыры – масақ не сыпыртқы. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Құрғақшылыққа, сортаң жерге, суыққа төзімді. Қабығы, жапырағы, тамыры және жас өркендерінің құрамында илік заттар (8%-ға дейін) бар. Шірнелі өсімдік. Шөлді аймақтарда боз жыңғыл (ағылш. Tamarix elongata) жиі кездеседі.[1][2]

Дереккөздер

  1. "Қазақ Энциклопедиясы"
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!