Абиссаль аймақ

Абиссаль белдеуінің мұхит түбіндегі орны

Абиссаль аймақ (гр. түпсіз терең) — мұхиттар мен теңіздердің біршама терең аймақтары. Әдетте абиссаль шамамен 3000 м тереңдіктен басталады деп есептеледі. Мұндағы су полюстерден экваторға қарай өте баяу ағады, темпиратурасы 1-2С, полюстерде 0С-дан да төмен; тұзды, тығыздығы тұрақты және түбіне күн сәулесі жетпейді. Соның әсерінен өзіне ғана тән жануарлар дүниесі болады. Әлемдік мұхит түбінің 90-ін әртүрлі микроорганизмдер мен жануарлар қалдықтарынан (органогенді), теңіз ағысы алып келген тау жыныстары мен минералдардан, жанартау атқылауынан кейінгі заттардан түзілген абиссаль шөгінділер жапқан.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!