Тұманды ормандар

Тұманды ормандар не Мүкті ормандар не Нефелогилеятропиктік немесе субтропиктік, ылғалды, мәңгі жасыл ормандар. Олардың ең басты ерекшелігі — аласа орналасқан бұлттардың болуы, яғни тұмандардың конденсация үрдісі жүретін белдеуде орналасуы, теңіз деңгейінен 500-4000 метрде. Температурасы түнде шамамен 0° жетуі мүмкін, бірақ көбінесе 8 - 20° аралығын сақтайды.

Жоғары ылғалдылық мүктер,қыналар, қырықжапырақтар,сүйсіндер сынды эпифиттердің биомассасының және биоалуантүрлілігінің зор болуына септігін тигізеді. Эндемик өсімдіктер өте мол болуы мүмкін. Ағаштардың биіктігі 20 метрден аспайды. Қоңыржай белдеудің де, тропикалық белдеудің де өсімдік түрлері бар.

Ылғалдылықтың жоғары болуы, күн сәулесінің жерге аз түсуі, шіру және минералданудың қарқындылығы төмен болғандықтан, топырақ өте қышқыл болады және оның үстінгі қабатын көбінде гумус немесе шымтезек құрайды.

Дүниежүзінде ормандарлың тек 1% құрайды. БҰҰ зерттеуі бойынша 736 тұманды орман 59 мемлекетте кездеседі, көбінесе Венесуэла, Гондурас, Мексика, Экуадор, Колумбия, Индия, Шри-Ланка, Тайланд, Орталық және Шығыс Африка.

Дереккөздері

  • Hostettler, Silvia (2002). "Tropical Montane Cloud Forests: A Challenge for Conservation
  • Hamilton, Lawrence S; Juvik, James O; Scatena, F. N (1995). "The Puerto Rico Tropical Cloud Forest Symposium: Introduction and Workshop Synthesis".
  • Grubb, PJ; Tanner, EVJ (July 1976). "The montane forests and soils of Jamaica: a reassessment". Journal of the Arnold Arboretum.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!