Мангр тоғайы — тропиктік гигрофильді және тұзсүйгіш мәңгі жасыл өсімдік түрлерінің экологиялық тобы.
Мангр тоғайы негізінен мұхиттың жағалауындағы аудандарда кездеседі. Олар ерекше, жоғары өнімді экожүйелерді қүрайды. Түрлік құрамына байланысты мангр тоғайының таралуы екі топқа бөлінеді:
батыс мангр тоғайы (Африканың, Американың батыс жағалауы), мүнда мангр ағаштары мен бұталарының 10—12 түрі ғана өседі.
Дж.Адегбехин мен Л.Нвайгбоның моліметтері бойынша, мангрдың ірі аудандары Индонезияда (4— 6 млн га), Үндістанда (1,42 млн га), Нигерияда (шамамен 1 млн га), Филиппинде (400 мың га) және т.б. жерлерде орналасқан (1991). Мангр ормандарының өскен кездерінде көктем, күз, жаз маусымдарында – әсіресе жемістері піскен соң, теңіз суларымен жемістері ағып алыс жерлерге жетеді. Су тасып, су асында қалған ағаштар, бұталар су қайтқанда алдымен ұзын-ұзын тақтай, тәрізді тамырлары, бағана дәндері көріне бастайды.
Мангр өсімдігінің лайлы, сазды, батпақты, өзендер тасығанда су жинақталатын, су қатқанда, тартылғанда; сол сулы жерлер табанында өсетінін ескерсек, батпақты, лайлы жерлер топырағыда, түсі көгілдір қаралау, жылжымалы субстрат, оттегінің аз болатыны. Осындай экстремальды экологиялық жағдайларда тамыры суда, сабағы шыжыған күнде, судың өзі бірде мол, бірде шөлде тіршілікке бейімделу, өсіп-өну үшін сабақпен тамырда ерекше анатомиялық, морфологиялық ішкі құрылыстар болуы қажет. Ahizophora mustonata өсімдігі лайлы, батпақты, жылжымалы субстратқа бейімделген - оттегімен қамтамасыз ету үшін батпақтан тамыр ұшы шығыңқы тұрады. Жылжымалы субстратқа бекіну үшін жан-жаққа өте тез өсетін тамырлары тармақталған.
Мангр өсімдіктері батпақты, лайлы, суы көбірек өзен табанында, сайлы ойпатты жерлерде өсетіндіктен, теңіз ағын суымен бірге тұзды сумен шайылып отырады. Теңізге жақын жерлерде тұз жылда жинақталады да, топырақ құрамында тұзы көбірек. Тұзды жерлерге бейімделген Галофит – ризофора өсімдігі. Лайлы, батпақты галофитті ортада тіршілік ету үшін тұзды сыртқа шығаруға арналған арнайы өсімдік түктері, бездері болады.
Суккулентті жапырақ сабақ сыртқы беттері күн сәулесімен шағылысып жылтырап, кристалданып, тұзданып біздегі алабұта өсімдігі тәріздес тұрады. Тіршілік ортасында оттегінің аздығы, су мен тұздың көптігі - гигрофиттерде судың көбірек булану қасиеті бар. Мангр өсімдіктерінде осмостық қысым өте жоғары.
Мангр тоғайының өкілдері судың үнемі толысуы және қайтуы әрекетіне ұшырайтын теңіз жағалауында өсуіне мүмкіндік беретін өздеріне тән экологиялық ерекшеліктермен сипатталады. Көптеген ағаштар лай грунтқа селкілдек тамырларымен немесе жалпақ беттік тамыр жүйелерімен бекінеді. Мангр тоғайындағы өсімдіктердің судың қайтуы кезінде өз тамырларын атмосфералық ауамен қамтамасыз ететін тыныс алатын тамырлары болады. Мангр тоғайындағы өсімдіктер нағыз түзсүйгіш өсімдіктер болып табылады. Олардың ұлпаларындағы жоғары осмостық қысым (40-65 атм.) қоршаған ортадағы тұз концентрациясының едәуір жағымсыз жағдайына тәзуге мүмкіндік береді. Мұхиттың толысу белдемінің жағдайында өсімдіктің табиғи жаңалануына себепші болатын тірі туу мангрлардың ең керемет касиеті болып табылады. Мангр тоғайының жануралар әлемі өте бай болып келеді. Мұнда құрлықтық және теңіздік, судың толысуы немесе су деңгейі жоғары кезде белсенді болып келетін организмдердің әр түрлі экологиялық топтары кездеседі. Сондай-ақ әрбір организмнің өзінің экологиялық қуысы болады.
Мангр ағаштарының сұлбаларын да негізінен ағаш жапырақтарымен коректенетін игуаналар (кесіртке), ағаш жыландары, танаулы маймылдар тіршілік етеді. Толысу кезінде ағаш діңдерін, селкілдек тамырлары мен тыныс алу тамырларын теңіз жәндіктері, былқылдақ денелілер сонымен бірге балықтар, түрлі шаяндар, асшаяндар және т.б. паналайды. Судың қайтуы кезінде мангрдың лай топырағы құтандар және т.б. құстар, жабайы шошқалар, тұяқтылар, жыртқыштар және маймылдар үшін қоректену көзі болып табылады. Әр түрлі эволюциялық жікгерге жататын мангрдың көптеген жануарлары күрльгкта уақытша және ұзак уақыт тіршілік етуге бейімделген. Соңғы кездері мангр тоғайына антропогендік әсер ету едәуір өсті. Мангр ағаштары темір жол шпалдарын, кеніштерге арналған тірек және тағы басқаларын дайындауда, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Жапонияға целлюлоза-қағаз өнеркосібінде мангр ағаштарының сүрегі (шамамен 20%) пайдаланылады. 1960—70 жылдардағы оскери орекеттен Үндіқытайдағы мангр тоғайы зор шығынға үшыраған, ол кезде мангр тоғайын жою үшін өр түрлі химиялық заттектер қолданылған. Сондықтан жер шарының көптеген аймақтарында (Вьетнам, Малайзия, Нигерия) мангр тоғайының табиғи қалпына келуіне мүмкіндік беретін орман қорғау өсірілетіп екпе көшет арқылы мангрларды жасанды түрде қалпына келтіру жүйесі жасалды. Бүл мангр тоғайының табиғи ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.[1]
↑Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5