Түркия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Түркияның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Әлем чемпионатына 2 рет, Еуропа чемпионатына 3 рет қатысқан. Жоғары нәтижелері: ӘЧ — жартылай финал (2002), ЕУРО — жартылай финал (2008). 2003 жылы Конфедерациялар кубогына қатысып, үшінші орынға ие болған.
Тарихы
2000 жылдарға дейін
Түркия футбол құрамасы 1923 жылы құрылған. 1954 жылғы әлем чемпионатына қатысқаны болмаса, 20-ғасырда түрік футболы әлемге аса таныла қоймады. Тек 2000 жылдарға қарай түрік футболында Реджбер Рүшті, Хақан Шүкір, Хасан Шаш, Бүлент Қорқмаз, Үміт Дауала секілді буын өкілдері өсіп-жетілген соң Еуропаны ақырындап мойындата бастады. 2000 жылы "Галатасарайдың" УЕФА кубогын ұтып алуы да осы жас буынның арқасы.
2000 жылы Еуропа чемпионатында Түркия құрамасы ширек финалға дейін жетті.
ӘЧ-2002
2002 жылғы әлем чемпионатында Түркия жартылай финалға жетті. Бүкіл чемпионат бойында оларды бір ғана құрама — Бразилия ұта алды. Бұл екеуі бір топқа түсіп қалды да, бірінші турда кездесті. 50-минутқа дейін Түркия 1:0 есебімен алда тұрды. Осы кезде ғана болашақ чемпиондар есепті теңестірді. Мұнан соң екі құрама ұзақ уақыт тепе-тең айқасты. 86-минутта түркиялық Алпай Өзалан айып алаңының сыртында Луизаоны жейдесінен тартып еді, ол айып алаңына жетпей жығылды. Төреші Алпайды алаңнан қуды да, пенальти белгіледі. Ривалдо пенальтиді дәл соғып, Бразилияны алға шығарды. Осылайша төрешілердің көмегімен Бразилия Түркияны әзер ұтты.
Бұл екі құрама жартылай финалда тағы кездесті. Бұл жолы Бразилия таза жеңіске жетті — 1:0. Үшінші орын үшін ойында Түркия 3:2 есебімен Кореяны ұтты. Бұл ойында Хақан Шүкір 11-секундта есеп ашып, ӘЧ тарихындағы ең жылдам голды соқты.
Кейінгі жылдары
2003 жылғы Конфедерациялар кубогында Түркия үшінші орынды иеленді. Ал 2004 жылғы Еуропа чемпионатына күтпеген жерде плей-офф сатысында Латвиядан ұтылып шыға алмады.
ӘЧ-2006 іріктеуінде Түркия өз тобында Украинаны оздырып екінші орында қалды да, шешуші плей-оффта Швейцарияға жол беріп қойды.
ЕУРО-2008 турнирінде Түркия құрамасы құрлықтық додадағы ең жоғарғы нәтижесіне қол жеткізіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда бұларды Германия тоқтатты — 2:3.
2016 жылғы Еуропа чемпионатында топтан шыға алмады.
Ірі турнирлерде
Әлем чемпионаттарында
- 1930-38 — қатыспады
- 1950 — іріктеуден өте алмады
- 1954 — топтық турнир
- 1958-98 — іріктеуден өте алмады
- 2002 — Үшінші орын
- 2006-18 — іріктеуден өте алмады
Еуропа чемпионаттарында
- 1960-92 — іріктеуден өте алмады
- 1996 — топтық турнир
- 2000 — 1/4 финал
- 2004 — іріктеуден өте алмады
- 2008 — жартылай финал
- 2012 — іріктеуден өте алмады
- 2016 — топтық турнир
Көп ойын өткізгендер
Мергендер
Сілтемелер
|
---|
| Қазіргі құрамалар | |
---|
| Бұрынғы құрамалар | |
---|
|