Тринидад және Тобаго Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Тринидад және Тобагоның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және КОНКАКАФ мүшесі. Басқарушы орган - Тринидад және Тобаго Футбол федерациясы.
Тарихы
Алғашқы матчын 1991 жылы Британ Гвиана құрамасына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен. 1991 жылдан бері құрлықтық КОНКАКАФ кубогына қатысып келеді. 2000 жылы аталмыш турнирдің жартылай финалына дейін жеткен. Бұл жетістіктері ФИФА-дағы рейтингке де әсер етіп, 2001 жылы 25-орынға дейін көтерілді.
ӘЧ-2006 іріктеуінде КОНКАКАФ аймағында соңғы раундта төртінші орын алды да, құрлықаралық плей-оффқа жолдама алды. Азия құрлығының өкілі Бахрейн құрамасымен соңғы жолдаманы сарапқа салды. Өз алаңында 1:1 есебімен тең түсіп, сыртта 1:0 есебімен жеңіске жетті де, тұңғыш рет әлемдік доданың финалдық турниріне жолдама алды.
Әлем чемпионатында Швеция, Парагвай, Англия құрамаларымен бір топқа түсті. Әуелі бір ойыншысы кем болса да, Швециямен тең ойнады - 0:0. Келесі турда 83-минутқа дейін Англиямен 0:0 есебімен тең ойнап тұрды. Бірақ осы есепті сақтап қалуға күштері жетпеді, Питер Крауч пен Стивен Джеррард бір-бір голдан соғып, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Соңғы турда осындай есеппен Парагвайға жол берді де, бір гол да соға алмай, жалғыз ұпаймен елдеріне қайтты.
Кариб кубогының сегіз дүркін чемпионы.
Құрама мергендері
№
|
ойыншы
|
амплуа
|
гол
|
матч
|
%
|
жж
|
1
|
Стерн Джон
|
FW
|
70
|
115
|
0.61
|
1995–2011
|
2
|
Ангус Еве
|
MF
|
34
|
117
|
0.29
|
1994–2005
|
3
|
Руссел Лэтэпи
|
MF
|
29
|
81
|
0.36
|
1988–2009
|
4
|
Арнольд Дуарик
|
MF
|
28
|
73
|
0.38
|
1993–2008
|
5
|
Корнелл Глен
|
FW
|
24
|
71
|
0.34
|
2002–2013
|
6
|
Кенуайн Джонс
|
FW
|
23
|
91
|
0.25
|
2003–2017
|
7
|
Найджел Пьер
|
FW
|
22
|
57
|
0.39
|
1999–2005
|
8
|
Линсон Льюис
|
FW
|
21
|
31
|
0.68
|
1988–1996
|
9
|
Дуайт Йорк
|
FW
|
19
|
72
|
0.26
|
1989–2009
|
10
|
Деворн Йорслинг
|
FW
|
18
|
41
|
0.44
|
2007–2015
|
10
|
Кевин Молино
|
FW
|
18
|
39
|
0.46
|
2010–
|