Мексика Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Мексиканың атынан сынға түсетін ұлттық құрама команда. Солтүстік Америка құрлығындағы (КОНКАКАФ) ең жүлделі құрама. Өз тарихында ФИФА рейтингісінде 4-ші орынға дейін көтерілген кездері болған (1998, 2003. 2004. 2006).
Әлем чемпионатына 15 рет қатысқан. Әзірше ең жоғарғы көрсеткіші ширек финал ғана. Оған да өз жерінде өткен турнирлерде (1970, 1986) ғана қол жеткізген. 1994 жылдан бері Әлем чемпионатына үзбей қатысып келеді. КОНКАКАФ кубогының 10 дүркін жеңімпазы.
Тарихы
Алғашқы матчын 1923 жылы Гватемалаға қарсы өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалған. 1930 жылғы алғашқы әлем чемпионатына қатысқан 13 құраманың бірі. Әлем Чемпионаттары тарихындағы алғашқы кездесуін Францияға қарсы өткізіп, 1:4 есебімен ұтылып қалды. 1934 жылғы турнирдің іріктеуінде АҚШ-қа жол берді — 2:4. Ал 1938 жылғы бәсекеге қатысудан өздері бас тартты.
Сосын 1950, 1954, 1958, 1962, 1966 жылдары әлем чемпионаттарына үздіксіз қатысып, топтық турнирден аса алмады. Осы аталған бес чемпионаттың бесеуіне де қақпашы Антонио Карбахаль қатысып, бес бірдей әлем чемпионатында ойнаған тарихтағы тұңғыш футболшы атанды (арада 32 жыл өткен соң, бұл рекордты неміс Лотар Маттеус қайталады). Бір айта кетерлігі, 1962 жылы чемпионаттың болашақ күміс жүлдегері Чехословакияны 3:1 есебімен ұтып, ӘЧ тарихындағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
1970 жылғы чемпионат Мексикада өтті. Мексикалықтар КСРО, Бельгия, Израиль құрамаларымен "А" тобына түсті. Өз алаңдарында ерекше жігермен ойнаған ацтектер тек КСРО-ны ғана ұта алмады. Бельгияны 2:1, Сальвадорды 4:0 есебімен тізе бүктірді. Бірақ ширек финалда Италия құрамасы бұларды ойсырата ұтты, 4:1. Осылайша Мексика жарысты аяқтады.
1974 жылғы чемпионатқа қатыса алмады. 1978 жылы ең аяғы турнир дебьютанты Тунистен де ұтылып, топта соңғы орында қалды.
1986 жылғы әлем семпионаты екінші рет Мексикада өтті. Өз топтарында тек Парагваймен ғана тең түсіп, Бельгия мен Иракты тізе бүктірген "қаһармандарымыз" 1/8 финалда Болгарияны да ұта алды — 2:0. Ширек финалда тағы да 1970 жылғы секілді болашақ күміс жүлдегерден — ГФР-ден жеңілді.
1994-2014 жылдары тұрақты түрде 1/8 финалға шығып тұрды, және тұрақты түрде жеңіліп жатты. 2017 жылы Ресейде Конфедерациялар кубогінде үшінші орын үшін таласта Португалияға жол беріп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Әлем чемпионаттарында
Жылдар
|
Раунд
|
Ойын
|
Ұтыс
|
Тең
|
Ұтылыс
|
Соққан гол.
|
Жіберген гол.
|
1930 |
1 раунд |
3 |
0 |
0 |
3 |
4 |
13
|
1934 |
Қатысқан жоқ |
- |
- |
- |
- |
- |
-
|
1938 |
Бас тартты |
- |
- |
- |
- |
- |
-
|
1950 |
1 раунд |
3 |
0 |
0 |
3 |
2 |
10
|
1954 |
1 раунд |
2 |
0 |
0 |
2 |
2 |
7
|
1958 |
1 раунд |
3 |
0 |
1 |
2 |
1 |
8
|
1962 |
1 раунд |
3 |
1 |
0 |
2 |
3 |
4
|
1966 |
1 раунд |
3 |
0 |
2 |
1 |
1 |
3
|
1970 |
1/4 |
4 |
2 |
1 |
1 |
6 |
3
|
1974 |
қатысқан жоқ |
- |
- |
- |
- |
- |
-
|
1978 |
1 раунд |
3 |
0 |
0 |
3 |
2 |
12
|
1982 |
қатысқан жоқ |
- |
- |
- |
- |
- |
-
|
1986 |
1/4 |
5 |
3 |
2 |
0 |
6 |
2
|
1990 |
қатысқан жоқ |
- |
- |
- |
- |
- |
-
|
1994 |
1/8 финал |
4 |
1 |
2 |
1 |
4 |
4
|
1998 |
1/8 финал |
4 |
1 |
2 |
1 |
8 |
7
|
2002 |
1/8 финал |
4 |
2 |
1 |
1 |
4 |
4
|
2006 |
1/8 финал |
4 |
1 |
1 |
2 |
5 |
5
|
2010 |
1/8 финал |
4 |
1 |
1 |
2 |
4 |
5
|
2014 |
1/8 финал |
4 |
2 |
1 |
1 |
5 |
3
|
2018
|
1/8 финал
|
4
|
2
|
0
|
2
|
3
|
6
|
Қорытынды |
16/21 |
57 |
16 |
14 |
27 |
60 |
98
|
Дереккөздер
Сілтемелер